Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көше – кездейсоқ оқиғалар әлемі

12 қаңтар 2013, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
№20 «Дидар» МДҰ тәрбиеші
Мукатова Ж.Б.

Білім саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Айнала мен таныстыру және экология
Тақырыбы: Көше – кездейсоқ оқиғалар әлемі

Мақсаты: Жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту (көше, бұрылыстар). Баланы зейінді епті болуға тәрбиелеу. Көшеде жүру ережесі, көше қиылысы, бағдаршам, жол белгілері, қоғамдық көліктегі тәртіп ережелері туралы білімдерін бекіту.

Көрнекі құралдар: көшелер, жүргіншілерге арналған белгілері бар қиылыстар, жол белгілері салынған суреттер, жаяу жүргіншілер өтетін жер, «Алғашқы дәрігерлік көмек», «Жанармай станциясы», «Тамақтану орны», «Телефон», «Машина қоятын жер», т.б.
Сөздік жұмыс: көше қиылысы, қарама-қарсы бағыттағы жол қозғалысы.
Сабаққа дайындық: бақылау-саяхат, мазмұнды-рөлді ойындар

Сабақтың барысы: сабақ алдында жақын жатқан бағдаршам бар көшемен бұрылыстарға мақсатты саяхат жасалады. Бұл саяхатта балалар мен бірге бағдаршамның жұмысына, машиналардың әрлі-берлі жүруіне, жүргізушілерге көңіл аударып, бақылау жасайды. Тәрбиеші қала көшелері бейнеленген суретті көрсетеді
Мынау қала көшелеріме әлде, ауыл көшелеріме?
Біз қазір сендермен қаламыздың бір көшесіне серуенге барамыз. Егер бәріміз жаяу жүріп барсақ, онда бізді кімдер деп атайды? (Жаяу жүргінші). Ал жүргіншілер үшін жол қозғалысының арнайы ережелері бар.

Қала мен оның көшесінде,
Жүрмейді тек алаңсыз,
Ережесін білмесеңіз,
Түседі қайғы амалсыз
Сақтық ойлар әрдайым
Кеудесінде жаны бар
Жүргінші мен жүргізушінің
Өзіне тән заңы бар

Ал қазір біз жол ережелерін еске түсіреміз.
Жаяу жүргіншілер қай жермен жүру керек? (жаяу жүргіншілерге арналған жолмен)
Жолдың қай жағымен жүргені дұрыс (жолдың оң жағымен)
Дұрыс айтасыңдар, жолдың оң жағымен жүрсеңдер басқа жүргіншілерге кедергі жасамайсыңдар.
Жүргіншілер көшенің қай жерінен қиып өте алады? (жаяу жүргіншілер өтетін жол)
Дұрыс, ал енді балалар осы көше қиылыстарында жүргіншілердің қозғалысын реттеп тұратын көмекшілер бар. Кәне, мына жұмбақтарды шешіп көрейік:

Күндіз-түні жанамын,
Дабыл беріп бәріне.
Үш түрлі түсім бар
Белгілі жас пен кәріге
(Бағдаршам)
Қарашы күшін керемет,
Көше тәртібін сақтап тұр.
Сілтеп еді оң қолын,
Дәу машина тоқтап тұр.
(Реттеуші милиционер)

Бағдаршам көздері нені білдіреді?
Қызыл – Тоқта!
Сары – Күт!
Жасыл – Жүр!

2. Жүргіншілердің ғылыми мектебі.
Дымбілмес жүгіріп келіп, өздерімен бірге ала кетулерін сұрайды (балалар келісім береді)
Сендер жол бойында тұрған белгілерді көрдіңдер ме? Бұлар – жол белгілері. Әр жол белгісі нені білдіреді?
Балалар жол белгілеріне қарап, оларды атай бастайды. («Жаяу жүргіншілер өтетін жол», «Алғашқы дәрігерлік көмек», «байланыс көмекшісі», «көлік қоятын орын»). Дымбілмес те балалармен бірге жол белгілерін қайталап, үйрене бастайды.

Бүгін біз жаңа белгілермен танысамыз. Олар үшбұрыш пішінді болып келеді. Онда екі баланың бейнесі салынған. Ол «балалар» деп аталатын белгі. Бұл белгі мектептер мен басқа да балалар мекемелерінің жанында тұрады. Бұл белгі сендердің көмекшілерің, мұнда жүргізушілер өте сақ болғаны дұрыс.
Жарайсыңдар, балалар! Сендер жол белгілерін жақсы ажыратып. «Жүргіншілердің ғылыми мектебінде» өте жақсы деген баға алдыңдар.

3. «Жүргінші» ойыны.
Біз жаяу жүргіншіден жолаушыларға айналамыз. Біз автобусты қай жерде күтуіміз керек? (аялдамада)
Егер сендер мына жұмбақ шешуін тез тапсаңдар, автобус аялдамаға тез келеді.
Бұл не қылған көк үй,
Айналасы терезе ойып алған.
Аяғында етігі резеңке
Ал өзі бензинге тойып алған.

Ал міне, автобус та келді. Орындықты автобус қылып қояды. («су таушы» өлеңінің әуені ойналады).
Зуылдаймыз, зулаймыз
Алыс-алыс жерлерге
Бақытты біз достармыз
Сапар шеккен елдерге.
Біз көлікте келе жатқандықтан, қоғамдық көлік ережелері туралы әңгіме етеміз:
А) көлікке кірген кезде бос орынға ұмытылмай, алдымен жан-жағына байыппен қарап ал, өйткені сенің қатарыңда адам немесе балалы ана тұруы мүмкін;
Ә) көлікте орын таңдап, бейбастық көрсетпе, кез келген бос орынға отыруың керек;
Б) көлік қозғалысы кезінде есігін қолмен итеруге болмайды; есікті жүргізушінің өзі ашқанға дейін күтіп тұру керек;
В) көлік жүріп келе жатқанда, жүргізушіні алаңдатуға болмайды;
Г) терезеден сыртқа асылуға тыйым салынады, бұл – өте қауіпті;
Ғ) көлікте қатты сөйлеуге болмайды, басқа жүргіншілерге кедергі жасайсың.

3. Жағдаяттарды шешу.
Абзал әкесімен автобусқа кірді.
Абзал алдына қарай ұмытылып, қолайлы бір орындықты таңдап: «Әке, мен саған орын алып қойдым, тез кел», - деп айқайлайды. Адамдардың барлығы оған таңдана қарады, ал әкесі оның құлағына сыбырлады.
Әкесі Абзалға не деп айтты?
Майра анасымен трамвайға келе жатты. Майра терезе алдында отырған. Аялдамадан көп адам мінді. Анасы жылжып, Майраны тізесіне отырғызып, бір әйелге орын берді. Ол алғыс айтты. Ал Майра болса, қыңырланып, өзіне орынның тар екендігін айтты. Тіпті қасында отырған әйелдің сыпайы сөзіне жауап та берген жоқ.
Майраның қылығына қандай баға бересіңдер?

4. Дәптермен жұмыс.
- өзіңе ұнаған суреттердің астын сыз. Ал ұнамаған суреттерді мүлде сызып таста және неге екендігін түсіндір.
- жарайсыңдар! Сендер өте жақсы жолаушылар екенсіңдер. Автобус пен троллейбуса өздеріңді жақсы ұстасаңдар, ешкім сендерге ескерту жасамайды.
Осымен біздің саяхатымыз аяқталды. Автобуспен жаймен түсеміз де, қайтадан жүргіншілер боламыз.
Балалар, жолдың қарсы бетіне қалай дұрыс өтеміз?
Жаяу жүргіншілер өтетін жерге барумыз кере.

5. Сурет салу.
Тәрбиеші Дымбілмеске сыйлық ретінде жол белгілерін салып беруді ұсынады.
33 236
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Жолда жүру ережелері туралы түсінік бере отырып, көше, жол, жаяу жүргіншілер туралы түсініктерін жетілдіру; жол белгілерін ажырата білуге үйрету, бағдаршам туралы түсініктерін кеңейту; көшеде тәртіп сақтап жүруге байқампаздыққа, сақтықпен жүруге
Жол белгілері
Жол белгілері
балаларды жолда жүру ережесімен және бағдаршамның қызметімен таныстыру. Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту. Балаларды мейірімділікке, зейінді болуға, өзін - өзі қорғай
Көшеде сақ бол!
Көшеде сақ бол!
Шалқар қаласы, №3 орта мектептің ҰКТ тәрбиешісі Өтепова Бақытгүл Сайлаубайқызы
Жол тәртібін сақтайық!
Жол тәртібін сақтайық!
Атырау қаласы, №8 «Ақбота» шипа - жай типті бөбекжай - балабақшасы. Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Гилажова Айгул Мауфихқызы
Жол ережесін білейік, аман - есен жүрейік!
Жол ережесін білейік, аман - есен жүрейік!
Астана қаласы, №63 «Әсем - Ай» балабақшасының «Алпамыс» шағын орталығының тәрбиешісі Нұрманова Гүлжан Орынбайқызы
Қай жерде ойнауға болады?
Қай жерде ойнауға болады?
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кабиева Амалхан Тлеубаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×