Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақ мамам (8 наурызға арналған ертеңгілік)

18 ақпан 2024, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ару көктем 8 наурызға арналған ертеңгілік

Тақырыбы: Ақ мамам
Мақсаты: Аналар мерекесімен бірге күннің нұрын төгіп келген көктем мерекесінің ерекшеліктерін атай отырып, табиғаттың жаңаруын, құлпыруын балаларға жеткізу. Ешқашан аналарын ренжітпеуге, қолғанат болуға, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Балалар «Вальс» әуенімен залға кіреді.

1 Жүргізуші: Қымбатты аналар, қонақтар «Күншуақ» І кіші тобының
«Аяулы - анашым» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
2 жүргізуші: Бүгін наурыздың 8 – і
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі
Сіздерді көктем айының алғашқы мерекесі 8 наурыз – аналар күнімен құттықтаймыз! Әрқашан дендеріңіз сау, көңілдеріңіз жайдарлы бола берсін! Кішкентай бүлдіршіндеріміздің өнерлерін тамашалауға рұқсат етіңіздер!

1 жүргізуші: Балалар қараңдаршы айнала қандай әдемі, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем мезгілі.

2 жүргізуші: Дұрыс балалар, көктем мезгілінде күн жылынып, қар еріп, жылы жақтан құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік жарады, табиғат сұлулана түседі.

1 жүргізуші: Көктем мезгілінің алғашқы мерекесі қалай Аналар күні! Қане, балалар бәріміз бірге аналарымызға арнап ән айтып берейік.

Ән: «Мерекеңмен анашым»
2 жүргізуші: Біздің балалар әнмен қатар тақпақты да айта алады. Аналарымызға арнаған тақпаққа кезек берейік.

Жанымызды жайнатқан,
Сіздерсіз ғой аналар!

Зор ден саулық, мол бақыт
Тілейміз біз балалар.

Әлпештеген, аялаған,
Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жолдап бүгін саған
Мерекеңмен құттықтаймын

Бал бөбегін баптаған,
Мамам үшін мақтанам.

Аялайтын біздерді
Көп жасасын ақ мамам!

1 жүргізуші: Жарайсыңдар! Тыңдаңдаршы балалар ана жақта «Мама, мама» деген дауыс естіледі.

2 Жүргізуші: Бұл не дыбыс? Кім екен мамасын жоғалтқан?
Залға қоян кіреді.
Қоян: Мама, мама! Мамамның артынан секіріп келе жатыр едім. Адасып қалдым. Енді қайдан табамын? /жылайды/

1 жүргізуші: Қоянжан неге жылайсың, жылама. Біз саған мамаңды тауып береміз. Балалар қоянжанның мамасын тапқанша сендер қоянның көңілін көтеру үшін ән айтып берейік.
Ән: «Мамамыз»

2 жүргізуші: Қоянжанның көңіл күйі әлі жоқ. Ендеше көбелектеріміз би билеп берсін.
Би: «Көбелектер»
Түлкі кіреді: Мен ешкімнен қорықпаймын. Мен бәрін де алдаймын. Қоянның қасына келіп: Қоян, сен неге жылайсың?
Қоян: Мен мамамды жоғалтып алдым.
Түлкі: Мамаң қандай?
Қоян: Менің мамам бәрінен де сұлу, әдемі.
Түлкі: Өтірік айтпа, менің мамам бәрінен әдемі. Ең әдемі менің мамам. (артына қарайды. Мамасы жоқ) Ой, менің мамам қайда? (Басын ұстайды). Мен мамамды жоғалттым.(Екеуі жылайды.)
1 жүргізуші: екеуің де жыламаңдар сендердің мамаларын әдемі, сұлу. Мамаларыңды тапқанша біздің балалар көңілдеріңді көтеріп ойын ойнап алыңдар.

Ойын: «Кім тез гүл тереді»

Ұлдар гүлдерді бір – бірлеп себетке салады, қыздар құмыраға салып екі топ болып жарысады. Қай топ көп жинаса сол топ жеңімпаз атанады.
Аю келеді: Бұл не шу, ұйқымнан ояттыңдар ғой.
2 жүргізуші: аюжан ренжемеші мында қоян мен түлкі мамаларынан адасып қалыпты. Олар жылай береді. Біздің балалар көңілдерін көтеру үшін би билеп берген болатын.
Аю: Ааааа. Ал, мамаларың қандай еді?
Екеуі: Сұп – сұлу, әп - әдемі!
Аю: Жоқ, жоқ, жоқ, менің мамам әдемі.
«Жоқ, менің мамам әдемі», - деп үшеуі дауласады.
1 жүргізуші: Қане дауласпаймыз. Бәріңнің де мамаларың әдемі, сұлу. Қараңдаршы сендердің жылағандарыңды көріп біздің ұлдардың сендерге арнап би билеп, тақпақ айтып бермекші.

Би: «Кавбой»

Мамаларды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.

Әжетайым, әжетай
Сізді жақсы көреміз.

Сізге өлең – тақпақты
Жатқа айтып береміз.

Шуағыңды сепкен
Күнімізсің әже.

Жұлдыздарың боп,
Айналамыз әже.

Осы кезде ару көктем келеді.
Ару көктем: Саламатсыздар ма, балалар! Менімен бірге күн жылынып, айнала сұлуланып нұрланып тұр. Сендер неге шулап жатырсыңдар.
- Ой, менің ормандағы достарым мұнда екен ғой.
2 жүргізуші: Тоқтаңыз көктем, біздің балалар 8 наурыз Аналар мерекесін тойлап жатырмыз. Біздің балалардың сізге арнаған тақпағы да бар, тамашалаңыз.

Көктем деген қыстағы
Әніміз ғой айтатын.

Көктем деген құстар ғой,
Туған жерге қайтатын.

Көктем күні шуақты,
Көктем күні қуатты.

Мал жағалап суатты
Сай – саламен су ақты.
1 жүргізуші: Барлығымыз бірге бойымызды сергітіп алайық.

Ән: «Бір оңға, бір солға»

Ару көктем: Рахмет балалар, көңілімді көтердіңдер. Мен сендерге өзімнің сыйлығымды ала келдім. Енді мен достарымды Түлкіжан, Аюжан, Қоянжанды мамаларына апарайын. Сау болыңдар, балалар!
2 жүргізуші: Кейде осындай айтқанды тыңдамай, мамасынан адасып кететін балалар кездеседі. Бірақ, біздің арамызда ондай бала жоқ. Біздің балалар мамаларының айтқанын тыңдайды, сыйлап, құрметтеп жүреді.
1 жүргізуші: Дұрыс айтасың, біздің балалар тәртіпті.! Міне бүгінгі ертеңгілігіміз де аяқталып қалды. Аналарыңа, әжелеріңе өз қолымен жасаған сыйлықтарыңды беретін сәтте келді. Балалар аналарына сыйлықтарын ұсынады. Сау болыңыздар!

Ақ мамам (8 наурызға арналған ертеңгілік) жүктеу
9 597
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Музыкалық тақырыптық шығармаларды сауатты орындау арқылы балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Анаға, әжеге деген сүйіспеншілікті ән құдіретімен жеткізу. аналарымызды сыйлауға тәрбиелеу.
Аналар мерекесі
Аналар мерекесі
Балалардың 8 – ші наурыз жайлы түсінігін молайту. Үлкендерді, бір – бірін сыйлауға тәрбиелеу. Ойлау қабілетін, тілдерін дамыту. Мерекелік көңіл – күйлерін көтеру.
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Келді,көктем құлпырып
Келді,көктем құлпырып
Құрметті аналар, әжелер, ару қыздар, әріптестер, балабақша бүлдіршіндері! Сіздерді көктемнің алғашқы қуанышы - 8 - наурыз төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Біздің сүйкімді бүлдіршіндеріміздің, яғни «Қарақия» тобының сіздерге арнаған «Келді, көктем
Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Мұғалім:- Қош, келдіңіздер, аяулы аналар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×