Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жануарлардың қысқы тіршілігі

11 ақпан 2020, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Көркем әдебиет
Тақырыбы: Жануарлардың қысқы тіршілігі.
Мақсаты:
1. Білімділік: Ормандағы аңдардың қысқы тіршілігі, олардың қысқы табиғатқа бейімделуі туралы түсінік беру. Жалпы жануарлар жайлы білімдерін арттыру.
2. Дамытушылық: Балаларды аңдарды сипаттауға, салыстыра білуге жаттықтыру. Жануарлардың қысқы тіршілігі жайлы ой - өрістерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру. Табиғатты қорғау, аялау, қадырлеуге. тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: қуыс, апан, ін, үйір.
Ұйымдастыру кезеңі
Ормандар, жап - жасыл ормандар, Орманды отаушы болмаңдар! Отан мен орман жұп, бір ұғым, Орманды, Отанды қорғаңдар!
. Тәрбиеші жануарлардың қысқы тіршілігі туралы түсіндіреді. Мысалы:
- Қыс мезгілінде жануарлардың тіршілігінде біраз қиындықтар туындайды. Сондықтан кейбір жануарлар қысқа азық жинайды. Мысалы: тиін ағаштың қуысын мекен етеді. Тиінге ағаштармен тез өрмелеуге аяқтары көмектеседі. Ол жаз бойы саңырауқұлақ, жаңғақтарды ағаш қуыстарына жинайды. Қыста соларды қорек етеді.
Негізгі бөлімі
Б«Дауысынан таны» дидактикалық
ойыны. Шарты: аудио таспадан әртүрлі
жануарлардың дауыстарын тыңдатып,
олардың атын атату. Сонан соң сол
жануардың қысқы тіршілігі туралы
әңгімелеу. Тәрбиеші балалардың
жауаптарын толықтырып, жаңа
мәліметтер береді.

Жұмбақ жасыру:
Орманда оның тұрағы,
Тоқ - тоқ етіп тұрады.
• Тоқылдақ қыс бойы ағаш діңінде
тығылған құрттарды тұмсығымен
теріп жейді. Ол ағаш діңін аршыған
алаларды суреттегі жануарлармен таныстырады.
кезінде құрттардың біразы жерге
түседі. Қар бетіне түскен құрттармен
шымшық, торғайлар қоректенеді.
Орманнан тоқылдақтың «тоқ - тоқ»
деген дыбысын жиі естуге болады.

Жұмбақ жасыру:
Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.
• Аю қысқы ұйқыға кетеді. Ол жаз
бойы табанына жинаған майын
жалап жатады.

Жұмбақ жасыру:
Қаңғырамын үйім жоқ,
Ауылдардың қойы көп.
Ұрлық, зорлық кәсібім,
Тамақтанар - нәсібім.
• Қасқыр, түлкі - жыртқыш аңдар.
Олар өздерінен әлсіз жануарларды
ұстап қоректенеді.

Жұмбақ жасыру:
Өзінше ноян,
Қорқақ кім қоян.
• Сұр қоян қыста түсін өзгертеді.
Аппақ қоян болып ағаш бұтақтарын
кеміріп күнелтеді.

3. Сергіту сәті:
. Музыка әуенін ойнату.

4. «Жануарлар тіршілігі» дидактикалық
ойыны. Тәрбиеші балалардың
жауаптарын толықтырып тұрады.
Қортынды Бөлімі
Сұрақ - жауап әдісі арқылы сабақта
алған білімдерін қорытындылайды.
1. Жабайы аңдарды ата.
2. Қоян қыста түсін қандай түске
өзгертеді?
Тәрбиеші сабаққа жақсы қатысып отырған балаларды мақтайды, мадақтайды
3 Дене шынықтыру пән жетекшісін жоспары бойынша
4) Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: Жануарлар әлемі
Мақсаты: Дамытушылық: Жануарлар туралы білімдерін кеңейту. Үй және жабайы жануарларының атын дұрыс айта білуге, ажыратуға үйрету.
Білімділік: Үй жануарлары мен жабайы жануарлар туралы білімдерін толықтыру. Жануарлардың табиғаттағы ролі мен маңызы туралы және неліктен үй жануарлары және жабайы жануарлар деп аталатыны жөнінде түсінік беру. Жабайы жануарлардың тіршілігі туралы, үй жануарларының адам өміріне пайдасын, тұрмысқа қажеттілігін түсіндіру. Тілін, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Жан - жануарларға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер, құрал жабдықтар: Үй және жабайы жануарлардың суреттері, таратпалы (үлестірмелі) суреттер, сиқырлы сандық, Интерактивті тақта, слайд
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ – жауап, ойын, тақпақтар
Билингвальды компонент: жануарлар - животные, жабайы жануарлар - дикие животные, үй жануарлары - домашныей животные.
. Оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: шаттық шеңбері. Күніміз ашық болсын, Заманымыз тыныш болсын. Ауамыз таза болсын, Жан - жануар, адамзат аман болсыy. Балалар, бүгінгі күніміз өте жақсы күн болып басталды, Шанамен зырлап желетін, Шаңғы, коньки тебетін. Аққала жасап ойнайтын, Қай мезгіл - деп ойлайсың? Ал, балалар айтыңдаршы қай жыл мезгілінде болады? (Қыс) - Қыста қандай ерекшеліктер болады? (Қар жауады, күн суық болады, аяз болады) - Өте жақсы. Жарайсыңдар! - Балалар, бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы: «Жануарлар әлемі». - Қандай жануарларды білеміз еске түсірейікші. аударайықшы нелердің суретін көріп тұрсыңдар?
Балалар: Қой, түйе, сиыр, аю, қоян, түлкі, жылқы, қасқыр, арыстан т. б
Тәрбиеші: - Жануарлар екіге бөлінеді. Үй жануарлары, жабайы жануарлар. – Балалар сендер үй және жабайы жануарларды орыс тілінде, ағылшын тілінде қалай айтатынын білесіңдер ме?
Балалар: Иә
Онда бәріміз бірге айтайық жануарлар - животные, жабайы жануарлар - дикие животные, үй жануарлары - домашныей животные - Жарайсыңдар, балалар - Қолда ұстайтын, адамдар қамқорлық жасайтын жануарлар үй жануарлары деп аталады. Үй жануарын атайықшы?
Балалар: Қой, сиыр, жылқы, түйе,:.
Үй жануарларының адамға тигізетін қандай пайдасы бар?
Балалар: Үй жануарларының пайдасы өте көп. Сиырдың сүтін ішеміз, қаймақ, айран жасаймыз, етін жейміз. Жылқы мінсек көлік, сойса ет. Қойдың, ешкінің жүнінен киім тоқиды.
Иә дұрыс айтасыңдар, олардың пайдасы өте көп, үстіміздегі киім - кешек, ішіп - жеп отырған азығымызды, барлығын біз үй жануарларынан аламыз. Ал далада, орманда тіршілік ететін жануарларды жабайы жануарлар дейміз. Олардың түрлері өте көп. Жабайы жануарларды атаңдаршы? Балалар: Аю, қасқыр, қоян, түлкі, арыстан. т. Жарайсыңдар, балалар өте дұрыс айтасыңдар. Балалар, бір әдемі әуен естілетін сияқты
Ғажайып сәт: (Ортаға әуенмен сандық кіргізіледі)
Тәрбиеші: Балалар, бұл не болды екен? Мен ашып көрейін, ішінде не бар екен? (сандықтың аузын ашқанда бір жағымды әуен естіледі) Бұл не сандық, жәй сандық емес, сиқырлы сандық болды ғой. Бұл сандық ғажайып елден келіпті. әңгімелесіп отырғанымыз - ды біліп тапсырмалар әкеліпті. 1 - тапсырманы ашып көрейік. 1 - тапсырма: Үй жануарлары: Түйенің, Сиырдың, Жылқының, Қойдың, Ешкінің төлдерін ата? Жабайы жануарлар Аюдың, қасқырдың, түлкінің, қоянның, балаларын ата? 2 - тапсырма. Жануарлар туралы жұмбақтар шешу Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар.
Тарғыл - тарғыл тас па,
Тастан бірақ басқа
Мекені қамыста,
Бұл саған таныс па?

Өріске барады ешкідей, Өрістен қайтқанда бөшкедей.
Халық «қу» деп,
Қылған күлкі
Айласы көп
Бұл не?
Кезікті бір жануар, Үстінде екі тауы бар.
Еріксе, құйрығымен ойнайды, Зеріксе, ұйқыға тоймайды.
Есек құлақты,
Мысық аяқты.
Түйе ерінді,
Ешкі құйрықты.
Сергіту сәті:
Ал балалар тұрайық, Сергіп бәріміз алайық.
Қойдың жүрісін салайық,
Қояндарша секіріп,
Аюша біз қорбаңдап.
Түйеше ше біз маң - маң басып,
Бір тынығып алайық.
3 - тапсырма: Дидактикалық ойын: «Дауысынан таны»
Дидактикалық ойын: «Дауысынан таны» Шарты: Үнтаспадағы жануарлардың дауысынан қай жануар екенін табады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Енді төртінші тапсырманы көрейік.
4 - тапсырма: Жануарлар туралы тақпақтар айту.
Шұғыла: Қой баласы қоңырым,
Қойдан жуас момыным.
Шопан ата түлегі,
Қошақаным қайдасың.
Муслим: Құлыншақ, құлыншақ,
Шапқылайсың даламен.
Дос болсайшы құлыншақ,
Мен сияқты баламен.
Шахназ: Түлкі деген қу ғой,
Жүрген жері ду ғой.
Жатып алып жағада,
Іздегені ду ғой.
Данияр: Ақ қоян - ау, ақ қоян,
Ұзын құлақ сақ қоян.
Қаша берсең орманға. «Қорқағым» деп ат қоям»
5 - тапсырма: Дидактикалық ойын: «Адасқан жануарлар» Дидактикалық ойын: «Адасқан жануарлар»
Мақсаты: Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажыратып, өз мекендерін табуға үйрету. Жылдамдыққа, ептілікке үйрету. Көрнекіліктер: Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың суреттері.
Шарты: Зообақта араласып кеткен үй жануарлары мен жабайы жануарлардың өз үйлерін тауып берейік. Үй жануарларын - қораға, Жабайы жануарларды - орманға
Тәрбиеші: Өте жақсы.
Рефлексифті - түзетушілік.
Қорытынды:
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі оқу қызметіміз сендерге ұнады ма?
- Қандай жануарларымен таныстық?
- Үй жануарларына не жатады? Неге үй жануары деп аталады?
- Ал жабайы жануарларға не жатады? Олар қайда тіршілік етеді?
- Үй жануарларының қандай пайдасы бар? –
- Үй жануарларының төлдерін және жабайы жануарлардың балаларын қалай атаймыз?
- Балалар, бүгінгі оқу қызметіне бәрлерің өте жақсы қатыстыңдар. Ғажайып сандықтың барлық тапсырмаларын орындадыңдар. Жақсы қатысқандарың үшін барлықтарыңа смайлик.
Балалар: Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Бүгінгі келген қонаққа,
Сау болыңыз деп айтамыз.

Жамбыл облысы Тараз қаласы
№18 «Еркежан» бөбекжай - бақшасы
Самылтырова Гульнур Шекербекқызы
6 219
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Орманға саяхат (сызба арқылы әңгіме құрастыру).
Орманға саяхат (сызба арқылы әңгіме құрастыру).
Ормандағы жабайы аңдардың қысқы тіршілігі, оларың қысқы табиғатқа бейімделуі, жабайы құстар, орман ағаштары тақырыбы бойынша балалардың білімдерін кеңейту.
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: 1. Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. 2. Қыс кезіндегі құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу арқылы балалардың қамқорлық жасауға деген белсенділіктерін арттыру.
Жануарлардың көктемгі және қысқы мезгілдерге дайындығы
Жануарлардың көктемгі және қысқы мезгілдерге дайындығы
Жануарлардың көктемгі және қысқы мезгілге дайындығы тақырыбын оқушыларға жүйелі түрде меңгерту
Аңдардың қысқы тіршілігі
Аңдардың қысқы тіршілігі
Астана қаласы, №53 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі: Разакова Тамара Орынбасаровна
Жануарлардың қысқы тіршілігі
Жануарлардың қысқы тіршілігі
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Жабасақ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Абдраманова Бақытгүл
Жабайы аңдардың күзгі тіршілігі
Жабайы аңдардың күзгі тіршілігі
Жануарлар тіршілігінде болатын күзгі өзгерістерді түсінуге жағдай жасау; табиғатты қорғауға, оған ұқыпты қарауға тәрбиелеу; жанды табиғат пен жансыз табиғаттың байланысын ұғындыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×