Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыстап қалатын құстар және жыл құстары

01 наурыз 2020, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: экология негіздері
Тақырыбы: қыстап қалатын құстар және жыл құстары
Мақсаты: қыстап қалатын және жыл құстары туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру.
Құстардың жылы жаққа ұшып кету себептері туралы түсінік беру. Құстарға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Құстарды қорғауға және қамқор болуға үйрету.
Дамытушылы: сөздік қорларын байыту жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге дағдыландыру, ой - өрістерін дамыту.
Тәрбиелік: балаларды Отанын, жерін, табиғатын, құстарды сүюге тәрбиелеу. Мейірімді болуға, қайырымдылыққа баулу.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ – жауап, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, қайталату, жаттату.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: қыстап қалатын және жылы жаққа ұшып кететін құстардың, балапандардың суреттері, қатырма қағаздан жасалған сұлбасы, құстар туралы бейне слайд, үнтаспа. Пакеттен жасалған жемсауыт, құстарға себуге арналған әртүрлі дәндер.
Сөздік жұмыс: отырықшы, құстар, балапан, жыл құстары, торғай, көгершін, ұя, қамқорлық.
Билингвальды компонент: жыл құстары - перелетные птицы, отырықшы - оседлый.
Ұйымдастыру оқу іс - әркеті.
Мотивациялық қозғаушы.
Шаттық шеңбер.
Жақсылық жаса досыңа,
Бірге ойнаған жасыңнан.
Қиналған кезде әрқашан
Табылса болды қасынан.
Болғың келсе жақсы адам,
Жақсылық жаса әрқашан.
Жағымды күйге келу, ол үшін терең дем алып, оны шығарамыз.
Құстар туралы жұмбақтар:
Екі айыр құйрығы,
Қияң мұрт қанаты,
Ұшқырлардың жүйрігі. (қарлығаш)
Ұзақ тектес құс,
Шіркей жеп
Ауыл маңынан
Ұзап кетпес құс. (Қараторғай)
Тоқылдатып, мазаны ап,
Ағаштарды тазалап,
Ормандарды емдейді,
Зиянкесті жазалап. (тоқылдақ)
Ұйымдастырушылық іздену.
Балаларға жыл құстары мен қыстап қалатын құстар бейнеленген суреттерді қарауды ұсыну.
Суреттер бойынша сұрақтар қойылған соң, балалар өздеріне таныс құстарды атайды.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Ауладан қандай құстарды көрдіңдер?
- Торғай, шымшық, көгершін, ұзақ, тоқылдақ, қарға.
- Қыста жылы жаққа ұшып кететін құстар қалай аталады?
- Жыл құстары.
- Жылы жаққа ұшып кететін құстар қысқа өзіне азық жинай аламайды және қысқа азық тауып жеуге бейімделмеген.
- Қыстап қалататын құстарды қалай атайды?
- Отырықшы құстар.
Олардың жылы жаққа ұшып кетпейтін себебі олар суықтан қорықпайды. Азық тауып жей алады. Ағаштың қабығының астына қуыстарға жасырынып қалған жәндіктерді жейді.
Дидактикалық ойын: «Ғажайып қоржын» ойынын ойнаймыз. Қоржында тақырыпқа байланысты әртүрлі суреттер бар. Әр бала бір суреттен алады. Бәріміз бірге атайықшы.
Жаңа сөздер: құстар – птицы, балапандар - птеницы, жыл құстары - перелетные птицы, торғай – воробей, көгершін - голубы, ұя - гнездо, қамқорлық – забота.
Жаңа сөздерді қайталату.
Психорелаксация. Балалар көздерін жұмып, әр түрлі құстардың сайраған үндерін тыңдайды. Құстардың керемет үндерін тыңдап отырған кезде, қолында рогаткасы бар бала кіріп келеді.
- Сен кімсің? Атың кім? Қолыңдағы не?
- Бұл рогатка, құс атайын деп едім.
- Балалар құс атуға бола ма?
- Жоқ болмайды, олар біздің досымыз.
- Ал, балалар біз қандай ақыл - кеңес бере аламыз?
Әрі қарай балалардың тақырыпқа сай тақпақтары тыңдалалды.
- Дұрыс, ал біз қандай тыйым сөздерді білеміз?
- Құс ұясын бұзуға болмайды.
- Ағашты сындыруға болмайды.
- Құсқа тас лақтыруға болмайды.
Дұрыс балалар, сен біздің балалармен дос бол, мұндай жаман әдеттен аулақ бол.
Сергіту сәті:
Қамқоршы боп жүреміз,
Табиғатқа құстарға.
Аялаймыз оларды,
Жақсы көріп бәріміз.
Қыста құстар үшін өте қиын. Әсіресе қалың қар жауып, боран соққанда. Құстар қыс кезінде адамдар тұратын жерге жақындай түседі. Адамдар бізге азық береді, көмектеседі деп ойлайды.
- Оларға не берер едіңдер? Олар не жейді?
- Қарбыздың, асқабақтың, дәні әртүрлі дәнді дақылдар.
Құстарға не үшін көмектесеміз? Олардың бізге қандай пайдасы бар?
Құстар – біздің досымыз. Олар ағаштарды құрт құмырсқадан қорғайды.
Дәптермен жұмыс.
Жеке жұмыс жүргізу.
Рефлексиялық түзету. Құстарға жемді қалай береміз?
Бізде дайын жемсауыт бар. Серуен кезінде өздері дайындаған жемсауытқа жемдерін салып береді. Құстардың қалай қоректенетінін бақылайды.
Күтілетін нәтиже:
1. Қайталайды: жаңа сөздерді.
2. Түсінеді: құстардың жылы жаққа ұшып кету себептерін, қыстап қалатын құстардың қалай қоректенетінін.
3. Қолданады: құстарға қамқор болуды.

№100 «Тоғжан» бөбекжай-бақшасы
Жоғарғы санатты тәрбиеші
Сауле Мергенбайқызы Турлыбекова
2 763
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жыл құстары
Жыл құстары
Құстар тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Жыл құстары
Жыл құстары
Құстар тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: 1. Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. 2. Қыс кезіндегі құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу арқылы балалардың қамқорлық жасауға деген белсенділіктерін арттыру.
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
Тақырыбы: Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
Жамангарина Мейрамгуль Айтказиевна №134 "Гауһар" балабақшасының тәрбиешісі
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
ШҚО, Аягөз қаласы қалалық қазақ мектеп – гимназиясы Садуакасова Гульназ Серікжанқызы Мақсаты: 1. Балалардың қыстап қалатын құстарды атап, олар жайлы түсініктерді кеңейту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×