Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Адасқан Қызыл телпек қыз»

12 маусым 2020, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Оқу іс - әрекет кезеңдері Педагогтің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялыққозғаушылық Шаттық шеңбері
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төріме менің еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал қанеки, бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге,
Сәлеметсіздер ме, қонақтар.
Балалар қонақтармен амандасады. Балалар шаттық шеңберіне тұрып бір - біріне жылы лебіздерін айтады
Ұйымдастырушылық ізденістік - Балалар, бүгінгі оқу - қызметіміз ерекше болмақ. Балалар мына кітап бұрышына назар аударайықшы.
- Мына кітап бұрышында не көріп тұрсыңдар?
- Кітаптың көптеген түрлері болады
әңгімелер, тақпақтар, жұмбақтар,, мақал - мәтел, жаңылтпаш ертегілер кітаптар болады
- Балалар сіздер ертегі көргенді, тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?
- Сіздер қандай ертегілерді білесіңдер?
Ғажайып сәт: есікті қағып музыка әуенімен қызыл телпек кіреді.
Тәрбиеші:
- балалар қараңдар бізге кім қонаққа келді?
- Сәлеметсің бе Қызыл телпек сен балабақшада қайдан жүрсін?
Қызыл телпек:
- Сәлеметсіңдер ме балалар, мен өз ертегімнен адасып кеттім. Маған көмектесе аласыңдар ма?
Тәрбиеші:
- балалар Қызыл телпек өз ертегісінен адасып кеткен көрінеді.
- олай болса қызыл телпекке көмектесейік ертегі еліне бару үшін мен сендерді сиқырлы сөздермен сиқырлаймын орнымыздан тұрып көздеріңді жұмып айналыңдар 1, 2, 3 ертегі еліне түс.
- ал, міне балалар біздер ертегі еліне келдік.
Ендеше ертегіні көріп тамашалаймыз.
Автор: Ертеде кішкентай бір сүйкімді қыз өмір сүріпті. Анасы оны өте жақсы көреді екен. Әжесінің де ең сүйікті немересі еді. Бірде анасы қызының туған күніне қызыл телпек сыйлапты.
Қыз анасының сыйлығын қызыл телпекті басынан тастамай киіп жүретін болыпты. Содан бері көршілері кішкентай қызды «Қызыл телпек»деп атап кетіпті. Бір күні анасы бәліш пісіріп, қызына:
Автор: Анасының сөзін екі етпейтін Қызыл телпек әжесіне аттанады. Оған әжесі тұратын ауылға жету үшін орман арқылы өту керек еді.
Қызыл телпек орманда жалғыз жүрудің қаншалықты қауіпті екенін білмеді. Сондықтан ол өлең айтып, гүл теріп, асықпай жүрді. Бір кезде орманның ішімен келе жатқан қыздың алдынан бір қасқыр шыға келді.
Автор: Қызыл телпек қасқырдың жаман пиғылынан бейхабар еді.
Қызыл телпек қасқырға әжесінің тұратын жерін дәл айтып берді.
Автор: Бұл кезде жақын маңда отыншылар ағаш кесіп жатқан болатын. Қасқыр сол отыншылардың даусын естіп, қызға тиіспейді. Қызыл телпектің әжесінің тұратын жерін біліп алған ол алдымен әжесін жемек болады.
Автор: Қасқырдың ұсынысына келіскен қыз ұзақ жүретін жолға түседі. Ол жол - жөнекей асықпай гүл теріп келеді. Ал қасқыр алды - артына қарамай, тура жолға қарай бет алады. Қызыл телпектің әжесінің үйіне осылай ерте жеткен ол есікті қағады.
Сергіту сәті:
Автор: Қасқыр дауысын жіңішкертіп.
Автор: Бұл кезде ауырып, төсек тартып жатқан әжей шынымен немересі келген екен деп ойлап:
Автор: Қасқыр үйге кіріп әжесін жеп қояды да, өзі төсекке жатып алып Қызыл телпекті күтеді.
Бір кезде Қызыл телпек келеді де есікті қағады.
Автор: Әжесінің орнына жатып алған қасқыр жіңішке даусымен:
Автор: Қызыл телпек ішке кіріп, әжесінің жанына керуетке келіп отырады.
Автор: Осы кезде үйдің жанынан отыншылар өтіп бара жатып айқай - шуды естіп, үйге кіріп төсекте қарны қампайып жатқан қасқырды көріп не болғанын түсінеді де, қасқырдың ішін жарып Қызыл телпек пен әжесін құтқарады.
- кітаптарды көріп тұрмыз.
- иә, тыңдағанды жақсы көреміз.
Балалар өз сүйікті ертегілерін айтады.
Балалардың жауабы
Балалар Қызыл телпекпен амандасады.
Балалар жауап береді.
балалар қызыл телпек ертегісін сахналап беруге қуана келіседі.
Анасы:
- Қызым, мен бүгін бәліш пісірдім, мына бәліш пен құты майды әжеңе апарып, жағдайын біліп қайтшы.
Жайна:
- Жарайды, анашым,
апарып берейін.
Ернар:- Қызыл телпек, сен қайда барасың?
Жайна:- Мен әжемнің үйіне барамын, оған анамның пісірген бәлішін және бір құты май алып бара жатырмын.
Ернар: - Ал әжең қайда тұрады?
Жайна:- Әжем бе? Ол орманның ар жағындағы ауылда, ауыл шетіндегі диірменнің жанындағы бірінші үйде тұрады.
Ернар:- Жарайды, мен сенімен бірге сол ауылға барып, әжеңнің жағдайын сұрап қайтайын, кел екеуіміз жарысайық. Сен мына жолмен бар, мен ана жолмен жүрейін.
Тәрбиешімен бірге қимылдарын қайталайды.
Ернар:- Тоқ - тоқ - тоқ!
Кәусар: - Бұл кім?
Ернар:- Әже, бұл мен ғой, немере қызың - Қызыл телпек, мен сізге қонаққа келдім, анамның пісірген бәліші мен бір құты майын ала келдім.
Кәусар: Айналайын қызым, тұтқаның жанындағы жіпті тартсаң, есік ашылады.
Жайна:- Тоқ - тоқ - тоқ!
Ернар:- Бұл кім?
Жайна:- Әже, бұл мен ғой, немере қызың - Қызыл телпек, мен сізге қонаққа келдім, анамның пісірген бәліші мен бір құты майын ала келдім.
Ернар:- Айналайын қызым, тұтқаның жанындағы жіпті тартсаң, есік ашылады.
Жайна:
- Әже, әже неге сіздің көзіңіз үлкен?
Қасқыр:- Мен сені жақсы көру үшін!
Жайна:
- Әже, әже неге сіздің құлағыңыз үлкен?
Қасқыр:
- Мен сені жақсы есту
үшін!
Жайна:
- Әже, әже неге сіздің тісіңіз үлкен?
Ернар:- Бұл сені жеу үшін!
Отыншылар Жалғас пен Расул:
Мынау не айқай шығып жатырған?
- Қәне, қарайық. Ой мына сұр қасқыр не істеп жатыр!
Қызыл телпек: Құтқарыңдар! Қасқыр менің әжемді жеп қойды! (қыз жылайды)
Отыншылар:
- Қане, ендеше қарнын жарып әжені құтқарайық.
Рефлексиялық түзетушілік Тәрбиеші:
- балалар сендерге Қызыл телпек ертегісі ұнады ма?
- Қызыл телпек орманда кімді кездестірді?
- Қасқыр жағымды ма жағымсыз кейіпкер ме?
- Қызыл телпек қасқырға әжесінің үйіне апаратын жолын айтуы дұрыс па?
Ұжымдық жұмыс.
«Ертегі кітап».
Балалардың жауабы.
Балалар кітапты құрастырады.
2 649
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шуақты көктем
Шуақты көктем
Күн жарқырап, күннің өзі бізді көктем мезгілімен құттықтап тұрғандай. Бүгінгі оқу қызметімізді әдемі бір өлең шумағымен бастағым келіп тұр:
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
Ертегілер әлеміне саяхат
Ертегілер әлеміне саяхат
Мақсаты: «Қатынас» білім саласы бойынша балалардың білімін бекіту; ертегілердің үзінділерін әңгімелей білу, ертегіні сахналай білу дағдыларын, шығармашылық елестетуін, қиялын дамыту.
Қош бол,балабақша
Қош бол,балабақша
«Қош бол,балабақша»
Көбелек
Көбелек
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Жылтыр селосы, «Балбөбек» балабақшасы Қожабергенова Игілік Рыскелдіқызы
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Жұмашева Кенжегүл Құралқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×