Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғани – ғасыр, Ғани – ғұмыр

22 қаңтар 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы
№9 “Балауса” балабақшасының тәрбиеші Оразбай Ләззат

Мақсаты: Балаларға Ғанидың өмірі мен өнегесін ұрпаққа ұлағат ету. Оның қазақ халқының өмір тарихында ерекше орын алатыны ұғындыру. Ғани біртуар ақиық ақын, қазақтың жарық жұлдызы, елі үшін еңбегі орасан зор екенін, шыққан ортасы туралы мәлімет айту.

Бүгінгі ашық тәрбие сағатына байланысты «Балдырған» тобында "Қатынас" саласында көркем сөзді жатқа айту, сайыс алдында Ғани Мұратбаев туралы мәлімет бере кетемін.
Үстіміздегі жылы Қазақстан мен Орта Азия жастардың жалынды жетекшісі, көрнекті қоғам қайраткері, ХХ ғасырдың ұлы тұлғаларының бірі – Ғани Мұратбаевтың туғанына 110 жыл толады.
Небәрі 23 жыл ғана өмір сүрген Қазалы топырағының ұлы перзенті Ғани ағаның туған халқының жарқын болашағы үшін тағдыр тауқыметіне қасқая қарсы тұрып, жанкештілікпен атқарып кеткен ерлік істердің таңның таңға ұрып айтсақ та тауыса алмайтынымыз ақиқат. Кезінде Шығыс жастарының жарық жұлдызы атанған Ғани 16 жасында еліміздің қоғамдық - саяси өміріне белсене араласып, 1918 жылы азамат соғысы басталғанда жастарды Қызыл армия қатарына шақырған. 1920 жылы Түркістан комсомолы Орталық Комитетінің мүшелігіне сайланған, қазақ - қырғыз жастары арасында жұмыс істейтін бюроның төрағасы болып тағайындалған.

Күрмеуге келмейтін қысқа ғұмырында ол Жетісудағы комсомол ұйымының негізін қалаған. Түркістан комунисік партиясы Орталық Комитетінің бюро мүшелігіне кондидат, РКСМ Орталық Комитетінің бюро мүшесі, Комунистік Жастар Интоницаналды Атқару Комитетінің Шығыс бөлімінің меңгерушісі сияқты жауапты қызметтер атқарған.
Біздің тағы бір мақтанышымыз: Ғани Мұратбаев РСФСР әскери - теңіз флотының «Құрметті теңізшісі» болған. Міне, осындай ерен еңбегі үшін ол жастығына қарамастан «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған.
Бала кезімде көзімді ашып, көкірегімді оятқан «Ғани Мұратбаев» атты естелік кітапты жақында тағы оқып шыққанмын. 1957 жылы Алматы қаласында басылған аталмыш жинақта ұлы күрескердің басынан өткізген қиындықтары шығармаға арқау болған.

Тілеш Шойынбаевтың «Ғани – халықтың ұлы» атты зерттеу еңбегі де автордың көп ізденіп, аянбай тер төккенін аңғартады. Төрт жасында әкесінен айырылған Ғани бесіктен белі шықпай жатып, жетімдіктің қасіретін тартады. Жетім бала мен жесір әйелге күн көру өте қиын болады, көмектесе қоятын жан ашыр ағайын бола қоймады. Сондықтан олар еңбек етіп, күнделікті нәпақа табуға болаты - ау деген үмітпен Қазалы қаласына көшіп келеді,- дейді ақын сыр шертіп.

Бәтима апа да қаланың ауыр тұрмысына төзіп, ерте - кеш демей қара жұмыс істейді. Анасының жан азабын көзімен көріп, ерте есейген Ғани да қол қусырып, қарап отырмайды. Намысқа тырысқан жігерлі бала қаладағы байлардың жұмысын істеп беріп, шешесіне сүйеу болады.
Өзі қанша ақырет - азап көрсе де, келешегінен үміт үзбеген Бәтима ана Ғаниды Қазалыдағы бастауыш мектепке орналастырады. Мектепте оқып жүргенде орыс тілін өзінің ана тіліндей шебер меңгерген Ғани орыстың озық ойлы революционер - демократ жазушылары: Чернышевскийдің, Добролюбовтың, Белинскийдің, Достаевскийдің шығармалары мен танысады.

Жас кезімізден еліктеп, өзімізге үлгі тұтып өскен Ғанидің үш қыры бар. Ол – нағыз күрескер дәрежесіне көтерілген саяси тұлға. Бір ретте: «Өмірді Ғаниден артық кім жақсы көрген? Ол бірақ жеке өз өмірінің қамын ойлаған емес. Ол көпшіліктің өмірін, көпшіліктің бақытын ойлаған нағыз қоғамдық үлкен бақытты өмірді көксеген еді» деп Жүсіпбек Арыстанов жазғандай, Ғани Мұратбаев Ұлы Октябрь социалистік революциясының жеңісін қуана қарсы алған.
Жастығына қарамастан, «жалынды үгітші» атанған Ғани партия органдарының тапсырмасына жауапкершілікпен қарап, байлар мен буржуазияшыл ұлтшылдарға қарсы табандылықпен күресті. Міне, осы жылдары Ғани Мұратбаев Қазалының уездік кеңесіне мүше болып сайланады.

Бар ғұмырын туған халқының болашағына арнаған Ғани күрес үстінде шынығып өседі. Дегенмен, революциялық маңызы бар жұмыстарды іс жүзіне асыруға келгенде өз білімінің аздық ететінін байқаған ол тәуекелге бел буды. 1918 жылы Ташкент қаласындағы партия және кеңес қызметкерлерін даярлайтын мектепке оқуға түскен. Ғани большевиктік партия қатарына қабылданды.
1919 жылы аталмыш мектепті тәмамдаған Ғани Мұратбаев көптеген жастарды Лениншіл Коммунистік Жастар Одағына тартып, тәрбиелік жұмыстар жүргізе білек сыбана кірісті. 1916 - 1925 жылдары комсомолдың нұсқауларын, соның ішінде ұлт саясатын мүлтіксіз орындау жолдарында жан-тәнімен қызмет етіп, өзінің табанды большевик, шебер ұйымдастырушы екенін аңғартады.

Ғани Мұратбаев 1925 жылы 15 сәуірде Мәскеу қаласында құрт ауруынан көз жұмды. Сол кезде РКЖО Орталық Комитеті Ғани қайтыс болғанын былай деп қайғырып хабарлайды: «Ғани ескілікке, естеліктің қалдығына, ұлтшылдыққа қаны қас, жалшылар тұрмысына жайнап шыққан шығыс елдерінің жаңа жас өмірінің бір көрнектісі еді.
Иә, біздің сүйікті Ғаниымыз, айтса айтқандай, ерте ағып түскен, жарық жұлдыздың өзі болды. Қанша уақыт өтсе де, бүгінгі жас ұрпақ Ғани Мұратбаевты ешқашан ұмытпайды. Өйткені, біздің санамызды Ғани есімі өлген жоқ. Оның рухы тәуелсіз еліміздің ұрпақтарын желеп - жебеп, оларды адалдыққа имандылыққа және отансүйгіштікке тәрбиелей береді.

Келесі балаларға кезек беремін. Олар ақиық ақын Ғани Мұратбаевқа ақындардың арнау өлеңдерімен таныстырады.
Әлішер: Қуантқан ауыл, әр үйді,
Қазалық Ғаниды
Ерлігі мен елі үшін
Бүкілодақ таниды.

Гүлжайна: Ғани аға!
Мен сізді көгенім жоқ
Айта алам, бірақ та көргенмін деп.
Мерей: Мен Ғанимын!
Жалынмын лапылдаған
Халқым үшін мұз жамылған.

Аяулым: Сүйікті атыңды
Сыйлаймын жанымдай.
Қайтпайтын батылды
Боламыз, Ғанидай!

Дильназ: Түн - түнекті жамылған,
Болашаққа бастаған.
- Жаса Ғани аға,- деп
Шырқатамыз асқақа ән.

Нұрила: Мен Ғанимын!
Ұлымын Қазалының
Ел жұртыма жетеді азалы үнім
Қыршын кеттім өмірден жазамын деп,
Қасіретін қазағымның.

Гүлсезім: Мен Ғанимын!
Жалынмын лапылдаған
Жерім аман, болсын деп армандаған.

Нұрбек: Мен Ғанимын!
Шын сөздің ұстасымын.
Жалын жүрек жастардың ұстазымын.

Айдана: Мен Ғанимын!
Шығыстың шынарымын,
Шарықтаған кияда қыранымын.

Рамазан: Ғани аға, Ғани аға
Мәңгілік жанған отсың.

Дәулет: Ғани аға, Ғани аға
Өрімтал едің
Біздерді бастап ең,
Арманшыл асқақ едім.

Рауана: Ғани өлгенмен ісі бар,
Біз оның ұрпағы боламыз.
Меншедік ғылымның күші бар
Сонымен Айға да қонамыз.

Мұхамедәлі: Ғани аға жаның жарқын,
Ғани деп халқың сүйген.
Ел аузыфнда өлмейді Ғани деген.

Нүрдәулет: Әр үйден көріп келеміз,
Ғани атты баланы.
Мұның өзі тарих
Көп жайды еске алады.

Қорытынды: Бүгінгі «Ғани – ғасыр, Ғани – ғұмыр» атты ашық тәрбие сағатын аяқтаймыз. Балалар сендер үлкен болып ер жетіп, осы Ғани аталарыңды үлгі тұтып, жақсы азамат болыңдар! Өмірге жайған қанаттарың талмасын дегіміз келеді.
5 713
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Поэзиялық туындыларда суреттелетін Ғани                                                                      бейнесі
Поэзиялық туындыларда суреттелетін Ғани бейнесі
8 сынып оқушысы Әбдісәмет Қаракөз Ерланқызы Жетекшісі: Жөлекеш Мирамкүл Жеткербайқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаев
Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаев
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Әнуарбек Шахноза Әлішерқызы Жетекшісі:география пәнінің мұғалімі Қожамұратов Серік Игілікұлы Тақырыбы: Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаевтың өмір жолы
Ғани Мұратбаев туралы білеміз бе?
Ғани Мұратбаев туралы білеміз бе?
Қазалының киелі топырағында айналаны шаттыққа бөлеп Ғани дүниеге келді. Әрине, ол кезде Ғаниды шығыстың болашақ жаужүрек жалынды ұланы болатынын ешкім білген жоқ.
Жасында жарқ еткен ғұмыр
Жасында жарқ еткен ғұмыр
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тәжбенова Нұргүл Ұласарқызы
Ғаниға құрмет-ұрпаққа құрмет
Ғаниға құрмет-ұрпаққа құрмет
Қазақстан мен Орта Азия жастарының жалынды жетекшісі, көрнекті қоғам қайраткері, қазақ халқының біртуар перзенті, ағартушы - демократ, патриот жерлесіміз Ғани Мұратбаев қып - қысқа ғұмырында елі үшін елеулі қызмет атқарды.
Шығыс шамшырағы Ғаниға - 110 жыл
Шығыс шамшырағы Ғаниға - 110 жыл
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтекеби кенті, № 266 мектеп – лицейдің информатика пәнінің мұғалімі Жұбанова Мөлдір Берікқызы ШЫҒЫС ШАМШЫРАҒЫ – ҰРПАҚТАРҒА ҰЛАҒАТ Саяхат сабақ Сабақтың мақсаты: Ғани бойындағы ұйымдастырушылық, шешендік, табандылық,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×