Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балабақша – білімнің баспалдағы

04 қараша 2021, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Балабақша – білімнің баспалдағы
Балабақша кішкентай бүлдіршіндер үшін білімнің – баспалдағы болып табылады. Олар алғаш балабақшаға келген сәттен жаңа ортаға үйренуі, жаңа достармен танысу, тәрбиешімен қарым - қатынаста болуы барлығы баланың өмірінде болатын үлкен өзгеріс. Кішкентай балақайлар балабақшаға келіп, ойыншықпен ойнай жүріп, алғаш өзінің білім негізін қалай бастайды. Кішкентай бүлдіршіндер ойын ойнай отырып, білімді үйренеді, оларда үлкен қызығушылық болады. Кез - келген нәрселерді ұстап көріп, білмегенін білгісі келіп талпынады. Қазіргі жаһандану дәуірінде білім беру саласы, мәдени және тәрбие жағынан жалпы күннен - күнге қарыштап даму үстінде. Балабақшадағы кішкентай бүлдіршіндердің ойын арқылы білім алуы, музыканы тыңдай білуі, қабылдауы өте тез. Музыка ол баланың эстетикалық тәрбиесін қалыптастырады [1].
Музыка арқылы балабақшадағы кішкентай бүлдіршіндер ең алдымен тыңдай білу, оны қабылдай отырып айта білуге үйренеді. Музыка туралы білімі қалыптасып, орындаушылық және би қимылын және билеуге үйренеді. Сурет салу шеберлігі артады. Түстерді ажырата отырып, өзінің қалаған суреттерінің атауын білумен бірге, сурет салуды үйренеді. Оқу - тәрбие үдерісінде әр баламен нәтижелі жұмыс жасау, жетістікке жету мақсатында педагогикалық әдіс - тәсілдердің түрлі формаларын қолдану маңызды. Жұмыс барысында балалардың сурет салу, түстерді ажырату, зат атауларын білу, музыкамен айналысу мүмкіндіктері ескерілуі тиіс. Жаңартылған білім мазмұнына сай оқу әдістерін жаңа технологиялармен ұштастыра отырып, балабақшадағы балалардың ойын технологиясы арқылы және арт терапия әдістері арқылы балалардың сана сезімдеріне, мінез-құлқына әсер ету жолымен білім алуы іске асырылады. Білім беру қабілетін ынталандыруда жағымды, эмоционалды көңіл-күйді қолдану керек. Балалардың жеке әлеуетті мүмкіндіктерін ашу, назарларын үнемі өздерінің шынайы жетістіктеріне, сәттіліктеріне назар аударту [2].
Балаларға білім беру әдістерін қабылдай білу негізі ретінде дыбыстық көрнекіліктерді пайдалану, ойын түрлерін қолдану, арт терапия әдісін пайдалану оқытудың жетекші әдісі болып табылады. Балалардың ой - өрісін дамытудағы арт терапия әдісінің рөлі ерекше. Бейнелеу өнері – дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Балалар сурет салуға үйреніп, өз көзімен көріп, түсінген шындығын сол сәттегі қалпымен көрсетуге ұмтылады. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке, композиция, ырғақ жатады. Осы құралдар арқылы балалар сурет салу, ойын ойнау арқылы өз шеберлігін көрсете алады [3].
Бейнелеу өнері арқылы балалардың шығармашылығын дамыту ұлт мәселесімен тығыз байланысты болып табылады. Бала — біздің болашағымыз. Олай болса, балаларды тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол – үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан, балаларды тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр. Балабақшада балалар өзінің ойын, қобалжуын сөзбен жеткізуге қиналады. Олар үшін өз ойын жеткізудің оңай жолдары ойын барысында, бейнелеу өнері немесе шығармашылық белсенділіктің басқа да формаларымен байқалады.
Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт - терапия болып табылады. Арт - терапия – балалармен психологиялық жұмыс жүргізуде орны баға жетпес әрі өте тиімді әдіс. Сурет салу кезінде байқалатын қызығушылықтар қорқыныш эмоциясын біртіндеп бәсеңдетіп, оны орындап жатқан тапсырмаға ерік күшімен шоғырлануға және оған қанағаттануға алмастырады. Арт - терапия үрдісі балаға өз проблемаларын жандандыруға және оны түсінуге, сонымен қатар оны шешу жолдарын көруіне көмектеседі. Сурет салу – бала қиялын, ойлау орамдығын дамыту үшін табиғи мүмкіндік болып табылады. Шындығында сурет салуды ұнататын балалар ерекше фантазиясымен, сезімдерін тікелей жеткізе алуымен және ой - пікірлерінің орамдығымен ерекшеленеді. Олар өздерін суреттегі адамның немесе кейіпкердің орнына қоя біледі және оған деген өз қатынасын білдіре алады. Бала сурет сала отырып, өз сезімдері мен толғаныстарын, әсерлерін, қалаулары мен арманын көрсете алады, өзін қорқытатын жағымсыз, зақым келтіруші бейнелермен ешбір ауыртпалықсыз байланыса алады [4].
Арт - терапия – бұл бейнелеу өнерімен емдеу. Арт - терапия мақсаты – баланы сурет салуға үйрету емес, сурет салдыру арқылы шектен тыс эмоцияларды, көбіне сөйлей алмайды, тудыратын проблемаларды жеңуге, шығармашылық энергияның шығуына көмектеседі. Бала болашақта эмоциялық күштенуді жеңілдететін, өзіне қолайлы әрі ұнамды тәсілді меңгереді. Балаларға арналған көркем шығарманы оқыту неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын дамыту соғырлым табысты болады. Тіпті кішкентайлар тобынан бастап - ақ
тақпақ пен қысқа өлеңдері айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілуі үшін
стол үстіндегі театрды, қысқа сахналы көрсетілімдер көрсетуді қолдана берген жөн. Сәндік безендіру шығармашылығы үрдісінде балалар ойлау, ойын дамыту және қиялдау мүмкіндігіне ие болады, мұның бәрі орындалатын бейнелердің мәнді болуына қолайлы әсер етеді. Театр арқылы балалардың көркем қабілеттерін жетілдіріп қана қоймай оларды тұлғаралық қарым - қатынасқа, өнерге деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен бірге сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенім артып, алғашқы қол шапалақтауларды сезіне алады. Қалай десек театр - балалар үшін мереке, демалыс орны. Баламен бірге театрға барып, оның алғашқы әсері мен қуанышын бөлісу ата - ана үшін зор бақыт деп білеміз. Ал осындай бақытқа жол ашу біздер, тәрбиешілер үшін үлкен табыс [5].
Қуыршақ театры кішкентай балаларға алғашқы театр ретінде ұсынылады. Бұл театрдың сахнасында балалар өздеріне таныс және сүйікті қуыршақтарын, ойыншықтарын немесе суреттерін көре алады. Мысалы, сахнада қойылып жатқан «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісінде қасқырдың образына кірген актердің шыға келуі алдыңғы қатарда отырған балаларды шошытып, олар орындықтарының астына тығылып қалған. Ал осы ертегіні қуыршақ театрында тамашалағанда ең кішкентай балалардың өзі тып - тыныш қызыға көрген, тіпті қасқырға лақтарға тиіспе,- деп наразылықтарын білдірген. Көбіне кішкене балалар ересектердің орындауындағы Аяз ата, қасқыр, аю кейіпкерлерінен қорқады, ал енді осы кейіпкерлерді бейнелейтін ойыншықтармен бар ынтасымен ойнайды. Театр өнері арқылы бала тек көркем әдебиет шығармаларын ғана қабылдап қоймайды, сонымен қатар театр қуыршақтар арқылы балаларды тәртіптілікке, адамгершілікке, эстетикаға, тазалыққа, ауызбірлікке, қамқорлыққа тәрбиелейді.
Театр балаларға жақсы көңіл күй қалыптастырады, әсерлермен толықтырады, қызығушылықтарын дамытады, жалпы дамуы мен эстетикалық тәрбиесіне әсер етеді [6].
Балабақша балалардың білім алуының алғашқы баспалдағы шығармашылық қабілеттерін дамытудың барынша сезімтал кезеңі болып табылады, қоршаған ортаға деген эстетикалық көзқарасын қалыптастыруға септігін тигізеді. Қоршаған әлемнің сұлулығын, табиғат үндерін тыңдап, құбылмалы көріністері мен бейнелерін бақылап отырса, қоршаған ортаның үндесуін сезініп, эстетикалық тәрбиесін қалыптастырады. Қазақ елінің болашағы кішкентай бүлдіршіндерден бастау алады. Сол себепті қазақ елінің өсіп - өркендеуіне өз үлесін қосар білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу әр тәрбиеші мен ата - ана алдындағы басты міндет. Тәуелсіз қазақ елінің тәуелсіздігі мәңгі, тұғырлы туымыз көгілдір аспан көгінде мәңгілікке желбірей берсін! [6].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Менің алғашқы энциклопедиям Алматы кітап баспасы 2013 жыл. Авторы Сужикова А. Ү, Лекерова ФС, Солтанғазина М. Қ. 287 – 290 бет
2. Денсаулық энциклопедиясы. 2007 ж.
3.«Балалар әдебиеті баспасы».
4.«Шаңырақ»энциклопедиясы С. Қасиманов
5. Диагностика в арт - терапии. Метод «Мандала». ред. А. И. Копытина.  СПб., «Речь», 2005. – 141 с.
6. Киселева М. В. Арт - терапия в работе с детьми. – СПб.: «Речь», 2007. – 160 с.

Қызылорда қаласы №2 Нұр - Шұғыла балабақша тәрбиешісі
Есхожаева Асель Иманжусиповна
1 430
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
"Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы"
"Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы"
Балабақша – баланың жүйелі түрде білім – тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Білім қазынасын балабақшадағы тәрбиеленуші бүлдіршіндердің бойына сініріп, олардың болашақтарына игі ықпал ету негізгі міндетіміз
Бейімделу кезінде балаға қалай көмектесу керек
Бейімделу кезінде балаға қалай көмектесу керек
«Баланың балабақшаға бейімделу кезінде балаға қалай көмектесу керек» (тәрбиешілерге арналған ақыл - кеңестер, ұсыныстар)
Мектепке дейінгі тәрбиешінің музыка сабағындағы ролі
Мектепке дейінгі тәрбиешінің музыка сабағындағы ролі
Шығармашылық жұмыстың өзектілігі: Музыка мектепалды баласының өмірінде педагог әрекетінің белсенді ұйымдастырушылығы арқасында қолданыс табуы тиіс. Балалардың музыкалық қабілеттерінің дамуы көбіне музыкалық жетекші мен тәрбиешілер жұмысының
Балабақшадағы музыкалық тәрбиенің маңызы
Балабақшадағы музыкалық тәрбиенің маңызы
«Бегім Ана» балабақшасының музыка жетекшісі Еспенбетова Ақзира Нағыметуллақызы
Психологтің кеңесі
Психологтің кеңесі
Дюсенова Мейрамгуль Бердыбековна
Тәрбиенің алтын бесігі - балабақша
Тәрбиенің алтын бесігі - балабақша
№33 «Нұрсәт» МДБО тәрбиешісі Ердаулетова А. Е.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×