Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Ұшады – ұшпайды»

04 қараша 2021, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: «Ұшады – ұшпайды».
Мақсаты: Түрлі әрекеттердегі және алуан түрдегі ауызша және байланыстыра сөйлеулерін дамыту. Балаларды халық ауыз әдебиеті шығармашылығына баулу.
Міндеттері:
а) Заттардың қасиеттеріне қарай талдауға, олардың аттарын атай білуге үйрету.
ә) Табиғатта ненің ұшатыны, ненің ұшпайтыны туралы түсіндіру арқылы зейіндері мен ойлау қабілеттерін дамыту.
б) Ұйымшылдыққа баулу.
Күтілетін нәтиже:
орындайды: табиғатта ұшатын, ұшпайтынын;
түсінеді: ұшатын, ұшпайтын заттарды топтастыруды;
қолданады: ұшатын - ұшпайтын заттар туралы сұрақтарға жауап береді;
Көрнекіліктер: Ұшатын құстар мен ұшпайтын заттардың суреттері.
Сөздік жұмыс: көбелек, торғай, ұшақ, үй, ағаш, машина.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1. Ұйымдастырушылық кезең.
Балаларды жартылай шеңберге тұрғызып:
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік!
 Тақпақты дауыстап айтады, сонымен қатар ым және ишарамен өздерінің көңілді екенін көрсетеді.
2. Негізгі кезең.
Балалардың назарын суретке аударып, олардың аттарын айтқызу.
– Бұл – құс. Ол ұшады. Ал мынау – ұшақ. Ол да ұшады. Көбелек те ұшады. Себебі олардың ұшуға арналған қанаты бар.
– Балалар, енді мына суретте ұшпайтын да заттар бар. Оларда қанат болмайды. Олар тек бір орында тұрады. Мысалы үй, жиһаз т. б

Сергіту сті.
Орнымыздан тұрамыз,
Қолымызды жаямыз.
Құстарға ұқсап,
Ұшып - ұшып аламыз.
 1. «Топтастыр» дидактикалық ойыны.
2. «Не ұшпайды?» тапсырмасын орындау. Суреттен ұшатын, ұшпайтын заттарды ажыратып, аттарын ататқызу.
– Торғай ұшады,– деп қолдарын көтереді. Қимыл - қозғалыстар жасайды.
Ойыншықтарды бір бөлек, құстарды бір бөлек топтастырады.
– Үй ұшпайды.

3. Рефлексия.
Сұрақ - жауап арқылы оқу қызметінен алған білімдерін бекітеді.
Сұрақтарға жауап береді.

Жамбыл облысы, Тараз қаласы,
№13 бөбекжай - бақша тәрбиешісі
Азамат Таңшолпан
1 791
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстар
Құстар
Құстардың көптүрлілігі туралы түсінік беру, топтарын ажырата білу. Әңгімелеу, сипаттау, талдау, бақылау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: 1. Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. 2. Қыс кезіндегі құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу арқылы балалардың қамқорлық жасауға деген белсенділіктерін арттыру.
Ұшады-ұшпайды...
Ұшады-ұшпайды...
Заттардың қасиеттеріне қарай талдауға, олардың атын атай білуге үйрету. Құстардың түрлерімен танысу, үй құстарына қамқор болуға, оларды күте білуге, құстарды қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Көкөністер мен жемістер
Көкөністер мен жемістер
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Амангелді атындағы орта мектебі Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Мамыкова Гульмира Балтабаевна
Ю дыбысы және әрпі
Ю дыбысы және әрпі
Бастауыш сынып мұғалімі: Алмагуль Ашикбаева
Көлік түрлері
Көлік түрлері
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×