Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


8 наурыз мерекесі ересек топ

25 наурыз 2023, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Құттықтаймын, анашым, мерекеңмен!
Балалар; Мама (М Садуакасова) әніне 4-тен кіріп тұрады, жүректермен жаттығу жасайды. (әуен соңында шарларын ұшырады)
Жүргізуші:
Ана деген адамзаттың данасы Ана деген сәбилердің панасы Ана деген жарық жұлдыз шырағың Ана деген қайнар ыстық бұлағың Армысыздар ақ жаулықты аналар, сүйікті қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мейрамы «8 - наурыз Халықаралық әйелдер күнімен» және Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Олай болса келіп жеткен мейрамымыз құтты болсын ардақты да аяулы аналармен әжелер және сұлу қыздар. Орнымызға жайғаспай тұрып бір әсем ән орындап алайық. (орындарында тұрып ән орындайды)
ӘН: «Айналайын анашым»
(Балалар орындарына отырады)
Жүргізуші: жарайсыңдар балалар қандай керемет ән орындап алдық. Енді аналарымызға әжелерімізге арнап жаттаған тақпақтарымызды қабыл алыңыздар.
1. Жалғас Бесіктерін әнімен
Тербетуде аналар
Жасай берсін сәнімен
Жер бетінде аналар.
2. Әмір
Ананы мен жақсы көремін
Ана шаттық бақыт береді
Анеменен барлық адам
Бақытты болып жүреді.
3. Фариза Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.
4. Имран Ақ сүт берген балаңа
Күш - жігерін жұмсаған
Бұл өмірде жан ана
Тең келеді кім саған
5. Азиза Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым 
6. Анелья
Аспандағы айымсың Бақытыма балаған Құтты болсын мерекең Айналайын жан анам
7. Дамина
Бөбегінің сыйлығын
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүр жасап
Ауырмашы анашым
Жүргізуші: жарайсыңдар балалар орнымызға отырайық.
(музыка әуенімен ортамызға көктем ханшайымы кіреді)
Көктем: Сәлеметсіңдерме балалар. Амансыздарма ардақты аналар сіздерді де балалардыда көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтаймын.
Жүргізуші: Қош келдің, Ару көктем!!! Қайдан жүрсің. Бұл жерге қайдан тап болдың.
Көктем. Мен бұл жерге әсем әуен үнін естіп қалып бау бақшамнан келе жатырмын.
Жүргізуші; Сенің қолыңдағы не бізге балаларға өте қызық болып тұр.
Көктем: Мен өзімнің бағымнан сендерге арнап түймедақ гүлін ала келдім. Мен сендерге арнап осы гүлді ұзақ өсірдім. Ғажайып бақтың алғашқы гүлін сыйға тартайын. Бұл сиқырлы гүл. Ол үшін гүл желектерінен ашып ішінде не тапсырма бар екенін көрейік. Балалар бір қызығы тапсырмаларды орындауларың керек екен.
- ой балалар қызықпа сендерге.
Жүргізуші. Әрине балаларға қызық, қане бір түймедақтың желегін ашып тапсырмаларды орындайық.
Көктем: мінекей ашып көріңдер мағанда қызықты болып тұр сендердің тапсырмаларды орындағандарыңды, өнерлеріңді көріп қайтайын.
Жүргізуші; (тапсырманы ашады)
1 тапсырма
Біз бірінші гүл желегін алайық.
Ақ тілекті гүл желектен сұрайық.
Тобымыздың әншілері,
Орнымыздан тұрайық.
Мейірімді аналарға,
«Көктем» әнін сыйлайық!
Ән. «Көктем»( моншақ болып шашылады)
Жүргізуші; балалар бізге тапсырма қыйын болдыма.
(балалардың жауабы)
Көктем: қандай күшті ән орындадыңдар маған әндерің ұнады.
Жүргізуші: Көктем ханшайымы Қане тағы біреуін ашып көрейік қандай тапсырма бар екенін бірге көрейік.
(көктем екеуі ашады)
2тапсырма
Ұш, ұша түс гүл желек,
Бақшамызға қон желек.
Баршаңызға аналар!
Зор денсаулық тілейміз
Қазір шығып ортаға,
«Түймедақ» биін билейміз.
Көктем; мәәә балалар күшті иа. маған арнап би билеп бердіңдер қуанып қалдымғой. Қандай әдемі сұлу қыздар.
Жүргізуші: иа шыныменде қызықты екен. Осы гүл арқылы балалардың өнерлерін көріп отырмыз. Рахмет саған көктем. Балалар тағы бір тапсырма бар сияқты. Орындап көремізба.
(балалардың жауабы)
3 тапсырма
Біз үшінші гүл желегін жұлайық,
Батыстан асып, шығысқа,
Ұшып бар деп сұрайық.
Аяулы ана, асыл әже,
Тақпақтарды біз сіздерге арнайық…..
Тақпақтар:
8. Инаят
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз
9. Самир Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым
10. Э. Санжар
Әр сөзімді жаттаған
Жүрегінде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам
11. Н Санжар Бесіктерін әнімен
Тербетуде аналар
Жасай берсін сәнімен
Жер бетінде аналар.
12. Мухаммед Я букетик соберу
И мамуле подарю
С праздником родная
Ты одна такая
13. НуржанАна пана, Ана дана Өмірге әкелетін, Ана ғана
14. Ислам Ана біздің күніміз Ана біздің гүліміз Аналардан тарайды Біздің ана тіліміз.
15. Ришат
Маму утром поцелую
И скажу Люблю тебя
С празником мамуля
Ты любимая моя
16. Нармина Мен анамды сүйемін, Сөзің ойға түйемін. Анашымды ардақтап Басымды оған иемін
Көктем: жарайсыңдар балалар мен сендерді тапсырманы орындай алмай қалама деп қорықсам, сендер керемет орындап жатсыңдарғой. Балалар сонымен қоса бүгін бізде Алғыс айту күні емеспа. Сендерге аналарыңа, барша отбасыға, елімізге, жерімізге, алғыс айтқым келіп тұр балалар Рахмет.
Жүргізуші; Көктем аруы сағанда алғысымызды білдіреміз. Көктем келіп көңіліміз көтеріліп қалдығой, Рахмет көктем Біздің балалар тағы тапсырма орындағылар келіп тұр орындаймызба
Көктем: әрине ой олай болса келесі тапсырманы мен беріп көрейінші.
4 тапсырма
Ақ арманды гүл желектен сұрайық
Ол үшін біз тағы бірін алайық
Қай топ жылдам екенін білейік
Сендермен бірге Құймақ пісіріп көрейік.
- Ал сендер тәтті құймақ пісіре алады мекенсіңдер көрейік. Олай болса екі топқа бөлініп, қай топ жылдам пісіретінін анықтап алайық.
(музыка әуенімен құймақтар тасыйды)
«Құймақ» Ойын
Жүргізуш: Ал Көктем ханшайымы біздің балалар орындай алдыма тапсырмаңды, қызықты болдыма.
Көктем: әрине орындай алды мен өте өнерлі балалаларға келіппін.
Ал енді балалар менің қайтатын уақытым келді. Мен мына сыйқырлы Түймедақ гүлін сендерге табыстағым келіп тұр. Мен өз бау бақшама қайтайын. Қош сау болыңдар балалар, аналарыңды тыңдаңдар.
Жүргізуші: Қош сау болыңыз көктем ханшайымы келесі кездескенше сау болыңыз. Ал балалар бізге табыстаған сыйқырлы гүлдің бір желегін алып көрейік.
(гүлдің желегін алғанда музыка қосылып кетеді,(музыка әуенімен Қызыл телпек келеді)
Қызыл телпек. Сәлеметсіңдерме балалар не болып кетті мен басқа жақта жүр едімғой. Қандай әдемі жер, бұл жерде не болып жатыр.
(балалардың жауабы)
ЖүргізушіСәлеметсіңбе Қызыл телпек. Сен ару аналар ару қыздар асыл әжелер мерекесіне келдің. Қош келдің.
Жүргізуші: балалар Қызыл телпектің көңіл күйі жоқ сияқты. Қызыл телпек саған не болды неге көңіл күйің жоқ.
Қызыл телпек: иа менің көңіл күйім түсіп кетті
Қызыл телпек: Мен таңқурай және бүлдіргендер теріп тұр едім мына жаққа тап болып кеттім, сол жерде сендерге алып келе жатқан қасықтарымды ұмытып кеттім, соны қалай алсақ екен,(көңіл күйі болмайды)
Жүргізуші: Қызыл телпек сен мұңайма балалармен бірге іздеп көреміз. ААааа балалар менде соңғы гүл желегі қалдығой қане сол сыйқырлы желектің астындағы тапсырманы ашып көрейік.
Мүмкін қасықтардың қайда тұрғанын білерміз.
5 тапсырма
Жүргізуші: Сәлеметсіңдерме балалар.
Менде бір жұмбақ бар
- Осы жердегі ең әдемі гүлдердін көріп тұрсыңдарма.
- Сол гүлдің астын ашып көріңдер сендер іздеген қасықтар сол жерде
Жүргізуші; қызыл телпек қане сен ашып көрші.
Қызыл телпек: о алақай қасықтар табылды.
Жүргізуші; балалар қане осы қасықтармен Әжетай деген әнге, ән би көрсетіп берсек қайтеді қызыл телпектің көңілі көтерілсін.
Ән би «Әжетай»
Қызыл телпек; қандай күшті көңілім көтеріліп қалдығой. Балалармен билегім келіп кетті. Билейікші балалар.
Би «Арулар биі»
Жүргізуші: ал ендігі кезекте балаларымызбен бірге Қызыл телпекпен би билеп алсақ қалай қарайсыңдар.
Қызыл телпек; оооо жақсы болды қане көрейік.
Би «Вальс»(балалар орындарына отырады)
Қызыл телпек – қандай сұлу тамашасыңдар. Қыздарымыздың көңілдерін көтерейік, бірге ойын ойнап алайық.
Ойын: « Қыздарды сәндейміз»
Қызыл телпек; Ал балалар мереке керемет өтті менің көңілім көтерілді. Мен тағыда таңқураймен бүлдіргендер теруге барайын. Қош сау болыңдар балалар.
Жүргізуші: Ана бірге жүрсе – сәби бақытты!
Сәби бірге күлсе – ана бақытты!
Қымбатты абзал жанды аналар ұлдарымыздың сіздерге дайындаған билерін қабыл алыңыздар!
Би; «Заманауи» билерін қабал алыңыздар
Жүргізуші: ал құрметті ата - аналар бүгінгі мерекемен қоса келіп отырған Алғыс айту күні құтты болсын сіздергеде алғысымызды білдіреміз. Енді балаларымыздың Алғыстарын қабыл алыңыздар.
(жүрекшелерді алып шығады да алғыстарын айтады)
Жүргізуші: Аналарымыз бір қуанып қалды. Енді аналараымызға арнап I love mamy әнін шырқап берсек
Қане бәріміз моншақ болып шашылайық
(Ән: I love mamy) қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Аналар, қалқып бақыт аралына,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа!
Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық,
Гүл бітсін келген қадамдарыңызға!!! – деп, бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Келесі кездескенше сау болыңыздар!!!

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ават ауылы,
«Alpamys»  бөбекжай балабақшасының
әдіскері Мукан Ақерке Жомартқызы
2 896
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
8 - наурыз Аналар мерекесі
8 - наурыз Аналар мерекесі
Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз де анамыздың ақ сүтінен нәр алып, өсіп келеміз. Құрметтесек – ананы құрметтейік дегендей. Құрметті аналар!
Гүл мереке, күн мереке – 8 - наурыз!
Гүл мереке, күн мереке – 8 - наурыз!
8 - наурыз аналар мен қыздар мерекесін атап өту. Отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың өмірі, өмір гүлі аналарды, нәзік жанды қыздарды сыйлауға үйрету; Қыздарды әсемдікке, іскерлікке баулу
Анама арнап ән саламын!
Анама арнап ән саламын!
Шуақты көктем келді гүлін алып, Көктемнің берекесі бүгін анық. Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар, Ана деп бас иеді күллі халық.
Келді,көктем құлпырып
Келді,көктем құлпырып
Құрметті аналар, әжелер, ару қыздар, әріптестер, балабақша бүлдіршіндері! Сіздерді көктемнің алғашқы қуанышы - 8 - наурыз төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Біздің сүйкімді бүлдіршіндеріміздің, яғни «Қарақия» тобының сіздерге арнаған «Келді, көктем
Мерекеңмен, Анашым!
Мерекеңмен, Анашым!
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы № 1 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Қоспанова Алмагүл Кенестірқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×