Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижеге бағытталған білім беру негізі

30 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижеге бағытталған білім беру негізі

Білім - теңіз, түбі де, шегі де жоқ.
Білім - адам баласының ортақ қазынасы.
(Ж. Баласағұн)

Н. Ә. Назарбаев жолдауында «Біз бүкіл елімізде стандарттар деңгейіне сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деген болатын
Сондықтан да бүгінгі өскелең ұрпақ уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі, толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге қатар жүрері анық. Балабақшада берілген тәрбие - барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан - жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын.
Жеке тұлғаның қалыптасуында ең тиімді жол жаңа тұлғаны қамтитын, қабілет білім, икем, дағды, тәжірибе, көзқарас болып табылады.
Балаларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру, олардың ақыл - ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу мақсатында сауаттылыққа баулу – бүгінгі күн талабы.
Осыған орай мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны білім беру қызметінің нәтижесі ретінде баланың құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Ол үшін құзіреттілікке бес білім саласын меңгерілуі қажет.
Денсаулық құзіреттілігі:
Баланың физикалық денсаулығын ойлау, қозғалыс дағдыларын меңгеру.
Денсаулық сақтау негіздері мен жеке бас гигиенасының дағдыларын меңгеру.
Тілдік қатынас құзіреттілігі:
Тілдің дыбыстық мәдениеті.
Сөздерді орынды қолдану, дыбыстарды дұрыс айту, ажырата білу.
Байланыстыра сөйлеу, шығармашылық тілді меңгеру, қатынас мәдениетін сақтау.
Танымдық құзіреттілігі:
Заттардың қасиеттерін бағдарлау, қоршаған ортаны тану, құрастырылымдық дағдылар, қарапайып математикалық ұғымдар, іздеу және эксперименталды іс - әрекет.
Әлеуметтік құзіреттілігі:
мінез - құлық дағдылары
Ересектер мен құрдастарының өзара іс - әрекеті
Адамгершілік шаралары туралы қазақ және Қазақстан Республикасында тұратын мәдени құндылықтарын түсінуге мүмкіндік беру.
Шығармашылық құзіреттілігі:
Музыка, өнер туралы білімдер негізіне қызығушылық таныту
Нәтижелі, көркемдік іс - әрекет, (түс, пішін, композиция, бейнелеу құралдар т. б.)
Қоршаған ортаны эстетикалық қабылдау. (эмоционалдық сезіммен)
Жаңа білім мазмұнын жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын пайдаланады.
Технология – білім мазмұнын жүзеге асыратын кең ұғымды әдіс - тәсілдер жиынтығы.
Оқу іс - әрекетті жоспарлағанда тәрбиешінің білімділігі, ізденімпаздығы, меңгертуі, педагогикалық шеберлігі аса маңызды. Балалардың оқу іс - әрекет үстінде көңіл - күйін, зейінін, әрекеттерін бақылау, қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру, тапқырлыққа баулу, ойлауға, танымдылығын дамыту үшін пікір алысу, шығармашылық қабілеттерін шыңдау тәрбиешіге байланысты болмақ. Тәрбиеші баланы жігерлендіруші, қуат беруші.
Орыстың ұлы жазушысы Л. Н. Толстойдың «баланы өз әке - шешесінің сезіміндей жақсы көрген ұстаз ғана нағыз ұстаз» деген даналық сөзінің үлкен мәні бар.
Тәрбиешінің атқаратын ең басты алғы шарты сәбилерді жақсы көре білу.
Сондықтан тәрбиешіге зор талаптар жүктеледі.
Балабақша жүргізіліп жатқан жұмыс бағыты ата - бабадан қалған салт - дәстүрлерге, адамгершілікке балаларды баули отырып, жаңа дәуір технологиясын табысты игеру.
Осыған орай бала тәрбиесіне жүргізіп отырған іс - тәжірибенің негізгі міндеттеріне тоқтала кетсек.
Осы міндеттерді орындау барысында балабақшада көптеген жұмыстар атқарылуда әртүрлі тақырыпты қамтитын әр білім саласындағы оқу іс - әрекеттерді іс - тәжірибеде алмасу мақсатында көрсетіліп, қамтылады.

Тиімді оқыту әдістерінің бірі – оқытудың интерактивті әдістерін оқу іс - әрекеттерде пайдалану.
Интерактивті әдіс деп отырғанымыз бірлесе жоғары деңгейде әрекет ету, яғни, оған іскерлік ойындар, рольдерді орындау, іскер театр, дамытушылық, логикалық ойындар т. б. жатады. Осы әдістерді әрбір саласының денсаулық, қатынас, таным, әлеуметтік, шығармашылық құзіреттіліктерінде пайдалана отырып, қоғамның талабына сай өркениетті, дамыған елдердің білім деңгейіне жеткізуге, жеке тұлғаны жоғары деңгейде қалыптастыру мақсатына бағыттап, жұмыстар жүргізілуде.

Осыған орай ойынды алатын болсақ, ойын – бала табиғатымен егіз, өйткені бала ойынсыз өспейді, жан - жақты дамымақ емес. Ойын – бала миын жаттықтыратын әрі тынықтыратын негізгі жаттығу.
В. А. Сухомлинский «Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін де емес. Ойын - дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» - деген.

Расында, ойын балалардың шынайы және ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, шығармашылыққа, мықты белсенділікке, өз - өзін дамытуға мүмкіндік береді.
Республикамызға белгілі педагог Қ. Қайым оқу тәрбие саласында қолданылатын ойындарды 3 топқа бөлген.
Білім саласының ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттеріне үстел - үсті, қимылды, рольді, кейіпкерлендіру, танымдық ойындарды көбірек қолданамын. Мысалы, интеллектуалды ойын «Ойна да ойлап, балақай!»

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
27 293
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңартылған білім беру мазмұны – сапалы білім.
Жаңартылған білім беру мазмұны – сапалы білім.
Бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек.
Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін үйретуде заманауи технологияларды қолдану
Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін үйретуде заманауи технологияларды қолдану
Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Еліміздің шет елдермен қарым – қатынасымыз күшейіп отырған кезде балалардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті. Демек, балаларымыздың
Эссе. Ғылыми әдістемелік тұрғыдан педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру
Эссе. Ғылыми әдістемелік тұрғыдан педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру
Қызылорда облысы Қазалы ауданы. Музыка пәні мұғалімі Баян Алпысбай Игілікқызы
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылындағы №182 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Нұрмағанбетова Жанар Мейрімжанқызы
Математика - информатика пәні мұғалімінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру
Математика - информатика пәні мұғалімінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №125 С. Сапарбеков атындағы орта мектептің математика - информатика пәні мұғалімі Асанова Мөлдір
12 жылдық білім беру жағдайында мектепке табысты даярлау факторы ретінде баланың тұлғалық дамуы
12 жылдық білім беру жағдайында мектепке табысты даярлау факторы ретінде баланың тұлғалық дамуы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қармақшы ауылы, №113 «Қаракөл» қазақ орта мектебі директордың бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары Байсалбаев Дархан Абдуллаұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×