Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еңбек түбі – зейнет

21 мам 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ортаңғы тобы
Айналамен таныстыру
"Еңбек түбі – зейнет»

Мақсаты:
а) Білімділік
Балалардың бойына табиғаттың тылсым құпиясын сезіндіру. Балабақша ауласы туралы түсінік беру. Көркейту - көгалдандыру ұғымын кеңейту. Еңбек құралдары арқылы еңбек ету дағдысы мен машығын қалыптастыру. Еңбек ете білудің пайдасын ұғындыру. Ауыз әдебиеті үлгісі мақал - мәтелдердің мағынасын ашу.
ә) Дамытушылық
Балалардың дүниетанымын кеңейту. Еңбек ету қабілетін арттыру арқылы баланың дене қимылын дамыту.
б) Тәрбиелік:
Туған жерді құрметтеуге тәрбиелеу. Табиғатты аялауға, оны қорғауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Балаларды ұжым болып еңбек етуде татулыққа, достыққа шақыра отырып, бастаған істі тиянақты аяқтауға тәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлі емес.
Типі: білімді, іскерлік пен дағдысын қалыптастыру.
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелесу, көрініс, практикалық.
Көрнекілігі: еңбек құралдары, егін алқабы, гүл, жуа, ағаш көшеті, су құйғыш.

І. Ұйымдастыру бөлімі:
Балалар! Табиғат әлеміне қош келіпсіздер! Бір сәт табиғаттың үніне құлақ түріп көрейікші? (ямахадан судың сылдыры, құстардың сайрағаны, желдің гуілі, шөптің сыбдыры естіледі)
- Балалар, кәне кім не естіп түйді?
- Желдің гуілін естідік
- Шөптің сыбдырын естідім
- Судың сылдырын тыңдадық
- Құстардың сайрағанын, т. б
Тәрбиеші: Иә, балалар, тынымсыз бір дүние, ол - бізді қоршаған табиғат екен. Ал енді айналамызға қарайықшы. Бізді қоршап тұрған не екен?
- Ауа
- Су
- Шөптер
- Тау
- Аспан
- Тастар
- Құстар
- Гүлдер
- Жер
- Топырақ
Көріп тұрсыңдар ма, осының бәрі табиғаттың сыйы екен. Ал адамдар осы қоршаған әлемнің қожасы екен. Олай болса, біз табиғатқа иелік етіп, оның игілігі үшін еңбек етуіміз керек. Ал біз табиғаттан нәр алып, қуат алып қалай шаттанамыз.
Бәрі бірге: Күнге қарап шуақтанып,
Суға қарап шөл қандырып,
Табиғаттан нәр алып,
Қонақтардан ізет алып,
Денсаулықпен ойнап күліп жүрейік.
Тәрбиеші: Тамаша! Осы ізгі ниеттерің орындалсын! «Дені саудың – жаны сау» - дейді халқымыз. Денсаулықтың пайдасын қалай білеміз?
1 – б: күнде таңғы жаттығу жасаймыз
2 – б: таза ауада көп боламыз
3 – б: қызықты ойындар ойнаймыз
4 – б: еріншек, жалқау болмаймыз
5 – б: таза болып жүреміз
6 – б: дәмді асты ішеміз
7 – б: еркін өмір сүреміз
8 – б: еңбек еткенді жақсы көреміз
Тәрбиеші: Иә, балалар осындай тіршіліктің арқасында деніміз сау, жайдары жарқын өмір сүреміз. Ал балалар тағы да күнделікті не істейміз.
Балалар:
- Айналамызды таза ұстаймыз
- Шашылған ойыншықтарды жинаймыз
- Сабақ өтеміз
- Еңбек етеміз
- Тобымыздың ауласын таза ұстаймыз
- Ойнап болған соң, құмдарды жинап жүреміз.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар. Біз еңбек етеміз. Ал осы көктем айы нағыз еңбек айы. Адамдар арасында қызу еңбек жүреді. Адамдар жер жыртып, егін егіп, мол өнім алуға тырысады. Ол үшін топырақты аударып, жерді өңдеп күтіп баптайды.
Тәрбиеші: Кәне бәріміз есімізге түсірейікші. Бізде шуақты күндер көп болды ма әлде жаңбырлы күндер көп болды ма?
- Шуақты күндер.
Тәрбиеші: Өткен серуенде біз топырақты бақыладық. Ендеше топырақ жайлы не білеміз?
- Күн жылыда топырақ құрғақ, ашық, қоңыр түсті болады.
- Жаңбырлы күні қара түсті болады.
- Сулы болады, ылғалды болады.
Тәрбиеші: Иә, балалар, ылғалды топырақ жұмсақ болады екен. Ал нәрлі болуы үшін топырақтың құнарлылығы қажет. Ол үшін еңбек құралдары арқылы жерді аударып, оған құнарлы қиланған топырақ салып, сумен қандырып топырақты баптап аламыз. Бірақ, балалар, еңбек құралдарын пайдаланғанда сақ болуымыз керек. Өйткені құралдардың басы темірден жасалынған. Денемізге тиіп кетуі мүмкін. Мысалы, күректің ұшы үшкір, тырманың да ұшы үшкір. Ендеше, балалар, біз осы еңбек құралдары арқылы бөлініп еңбек етсе қайтеді?
Осы кезде күрек, кетпен, тырма келеді.

Тәрбиеші:
- Балалар, бізге бір шу естілетін сияқты.
Үшеуі дауласып келеді.
- Мен күштімін.
- Мен адамзатқа керекпін.
- Жоқ мен керекпін адамға.
Тәрбиеші: Неменеге дауласып келесіңдер?
Күрек: Мен адам баласына қажетпін. Жерді мен арқылы қазып, егін егеді. Мен болмасам еңбек қызбайды. Мен нағыз еңбек құралымын. Мен болмасам, жер қазылмас, кен табылмас еді.
Сонда тырма тұрып:
- Жоқ, қателесесіңдер, мен болмасам, жерге жалғыз күректің әлі келмейді. Топырақты майдалап, құнарын жақсартуға көмектесетін мен ғанамын. Сондықтан мен керекпін адамға.
Тәрбиеші: Жоқ, босқа дауласпаңдар! Бәрің де адамзатқа керексіңдер! Бір - бірлеріңді толықтырсаңдар ғана шын мәніндегі нағыз еңбек құралына айналасыңдар Бұған көз жеткізгілерің келсе бүгінгі сабағымыздың қонағы болыңыздар.
Үшеуі: Жарайды, көрсек көрейік.
Осы кезде Бағбаншы келеді:
Сәлеметсіздер ме?
- Сәлем бердік.
- Мен осы жердің Бағбанымын. Мен сендердің еңбек етуге дайындалып жатқандарыңды бақылап келемін. «Еңбек түбі –– береке» деген бірігіп еңбек етсеңдер ғана жеңіске жетесіңдер. Жерді қалай күтіп баптауын менен сұраңдар. Мен сендерге жеміс
Тәрбиеші:
- Бағбан ата! Сіз де көпті көрген көрегендігіңізбен балаларға қалай егуін көрсетіп бере аласыз ба?
- Әрине, мен болмасам жер де жетімсіреп қалады. «Еңбексіз іс бітпейді» деген бәрі де еңбек арқылы өнеді.
Ақдәулет: Бағбан ата! Біз де еңбек туралы мақал білеміз.
1 – б: «Еңбек – бәрін де жеңбек»
2 – б: «Еңбектің наны тәтті, Жалқаудың жаны тәтті»
3 – б: «Еңбек түбі - зейнет»
4 – б: «Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей»
5 – б: «Еңбек етпеген ішіп жемейді»
Бағбан:
- Бәрекелді!
Тәрбиеші: Ендеше Бағбан атаға көмекші болып көшет отырғызуға кімдер барғысы келеді? Ал қалғанымыз гүл егеміз, жуа немесе пияз егеміз. Келісесіңдер ме?
- Мен жуа егемін.
- Мен гүл егемін.
- Мен ағаш отырғызамын.
Тәрбиеші: Көрдіңдер ме, еңбек құралдары! Сендерсіз адамдар жерді баптап күте алмас еді. Олай болса еңбек құралдарымен дос болып еңбек алқабынан көңілді ән айтып қайтсақ.
Ән: «Еңбекшілер».
15 265
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ауыл шаруашылығына арналған еңбек құралдары
Ауыл шаруашылығына арналған еңбек құралдары
Қарапайым еңбек құралдары, олардың маңызын түсіндіру; Тірек сызбаларын қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Мақал-мәтелдер
Мақал-мәтелдер
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Б. Аманшин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Махамбетова Сандуғаш Сағынғалиқызы
Еңбек түбі – береке
Еңбек түбі – береке
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қорбақова Сәуле
Еркіннің еңбегі Мәдіхат Төрежанов
Еркіннің еңбегі Мәдіхат Төрежанов
Қостанай қаласы, Қарабалық ауданы, Өрнек негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ержанова Бахыткүл Төлемісқызы
Еңбек пен бақыт егіз
Еңбек пен бақыт егіз
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №216 орта мектептің еңбек пәні мұғалімі Медеубаева Орманкүл
Еңбек түбі – береке
Еңбек түбі – береке
Мақалдар адам тұрмысындағы әр түрлі оқиғаларды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді, ойды ажарлайды. Сондықтан да халық сөздің көркі – мақал деп бағалаған. Ал мақалдар сөздің көркі ғана емес, сонымен бірге халық өмірінің шежіресі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×