Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар – біздің досымыз

20 маусым 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Құстар – біздің досымыз
Мақсаты:
● Балаларға жалпы құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы түсіндіру;
● Балалардың белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту;
● Құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: «Құстар – біздің досымыз» атты бұрыш, құстар туралы буклеттер, альбом плакаттар, құстардың дыбысы жазылған таспа, «табиғат» туралы сызба.
Өткізу әдісі: Сұрақ - жауап, ойын, түсіндіру, көрнекілік әдістер.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: Ән, бейнелеу, тіл дамыту.

Өту барысы:
1. Ұйымдастыру.
Психологиялық сәт.
Сұрақ - жауап.
● Табиғат дегеніміз не? Ол нешеге бөлінеді?
● Өлі табиғатқа нелер жатады?
● Тірі табиғатқа нелер жатады?
● Табиғат құбылыстарына нелер жатады?
«Табиғат» атты сызбамен жұмыс.

ТАБИҒАТ
Өлі табиғат

Жер, су, топырақ, ауа, күн, жұлдыз
Тірі табиғат

адамдар
Өсімдік -------- Ағаштар,
------------------- Бұталар,
------------------- Шөптер

жануар -------- Сүтқоректілер,
------------------- Құстар,
------------------- Бунақденелілер,
------------------- Жәндіктер

Ал енді өсімдіктер мен жануарлар туралы қаншалықты білетінімізді «Кім жылдам?» ойынымен байқап көрейік. /Топқа бөлу. Жауап берген балаларды сыйлықтармен бағалау/.
Сайыс түрлері --------------------------- 1 топ ----------------- 2 топ
1. Жеміс ағаштарын ата
2. Көкөністерді ата
3. Үй жануарларын ата
4. Жемістерді ата

Жаңа сабақ.
- Балалар, енді мынау тақтадағы сөзжұмбақтар шешіп көрейік. Егер дұрыс шешсек, бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады.
Қ
Ұ
С
Т
А
Р
1) Түгі қара мамықтай, төсі ақ сыр жаққандай.
Ұшса оқтай зулайды, көктен жұлдыз аққандай.
2) Тал басында, түндіксіз отау.
3) Өзі сақ, өзі ұсақ, шықылдап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, өзі ала, Бұл қандай құс?
4) Орманда жоғары, ағашқа қонады.
Тұмсығын балға қып, тоқ - тоқ соғады.
5) Ақ сарайды талқандап, шықты біреу таландап.
6) Биікке салған ағаш үй, сол ғой оның мекені.
Жаздай сайран салып - ақ, қыста алысқа кетеді.
Жұмбақтың шешулері: қарлығаш, ұя, сауысқан, тоқылдақ, балапан, қараторғай.
Сөзжұмбақтың шешуі: «Құстар»
- Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызда біз құстар туралы көп нәрселерді үйренеміз.

1. Құстар туралы түсіндіру.
Тірі табиғатта жататын жануарлардың ең көп маңызды тобы құстар туралы болып есептеледі. Құстардың түрі өте көп. Оларды біз үлкен екі топқа бөлеміз. 1) Жабайы құстар, 2) Үй құсары.
Жабайы құстар табиғатта өз алдында тірщілік етеді. Құстардың пайдасы өте көп. олар табиғаттың байлығы саналатын ағаштарды, өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден тазартады. Құстар бір орында тұрмайды. Олар бір жерден екінші бір жерге ұшып - қонып жүреді. Барлық құстарға ортақ қасиет – олар ұшады, қанаттары, мамықтары, бәрінің тұмсықтары бар. Олар жұмыртқалайды, балапан басады. Айырмашылығына келсе, құстардың дене көлемі, пішіні, тұмсығы түсі, дыбыстары, тіршілік етуі бір - біріне ұқсамайды. Құстар өте пайдалы. Олардың етін, жүнін, мамығын, жұмыртқасын адамдар керегіне пайдаланады.
3) Ойын: «Қай құстың дыбысы?» /Дыбыс таспасына жазылған құсардың дыбысын табу/.

4) Сұрақтарға жауап алу:
а) Құстар немен қоректенеді?
ә) Біздің жақта қандай құстар қысап қалады?

5) Сергіту сәті: «Ұшты - ұшты» ойынымен.
6) «Құстар – біздің досымыз» атты бұрышпен таныстыру (бұрышта құстарға байланысты буклеттер, альбомдар, плакаттар, қанатты сөздер қойылған, ою - өрнектердегі құстардың бейнесі).
Қазақ халқы ежелден - ақ құстарға әуес болған, оларға деген шексіз сүйіспеншілігін дәріптеп, жақсы көретін адамды құстарға теңеу арқылы ықыласын білдірген. Мысалы: халық ішінен шыққан саңлақ ұлдарын – сұңқарға, әдемі ән айтқан әншілерді – бұлбұлға, сұлу қыздарын – аққуға теңеген.

Сергіту сәті: «Шөп - шөп шөжелерім» әнімен /магнитафон таспасынан/.
Стуациялық сұрақтар:
- Балалар, бүгінгі құстар сабағымызды естіп ормандағы құстар ақ көгершін арқылы хат жіберіпті. Кәне, оқып көрейік.
1 - ситуациялық сұрақ. Егер орманда жүрген балалар құстардың ұясынан жұмыртқасын алып кетпекші болса, сен не айтар едің?
2 - ситуациялық сұрақ. Егер құстың ұясынан балапаны жерге түсіп кетсе, сен қалай істер едің?

Сабақты бекіту:
1) Тыйым сөздер: Аққуды атуға болмайды. Құстың ұясын бұзуға болмайды.
2) Сұрақ - жауап әдісімен:
а) Құстардың қандай пайдасы бар?
ә) Құстар туралы тақпақтар білесің бе?
3) Құстар туралы мақал - мәтелдер:
а) Бұрап қойған сағаттай, айқайлайды таң атпай.
ә) Ерді талап ұшырар, құсты қанат ұшырар.

Қорытындылау: Түрлі сыйлықтармен мадақтау.
29 755
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Балаларға құстар туралы әңгімелеу. Құстардың көктемгі тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы кеңінен түсінік беру.
Құстардың жазғы тіршілігі
Құстардың жазғы тіршілігі
Тұжырымдау: барлық құстардың ортақ қасиеті - олар ұшады, қонады, қанатты, мамықты, тұмсықты, жұмыртқалайды, балапан басады. Ал айырмашылығына келсек құстардың дене көлемі, пішіні, тұмсығы, түсі, дыбыстары, тіршілік етуі бір - біріне ұқсамайды.
Құстар – көктем жаршысы
Құстар – көктем жаршысы
Баланың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Табиғатқа деген мейірімін ояту, адамгершілікке баулу; Айналадағы өмірді бақылау арқылы дүниетанымын молайту, ой - өрісін жетілдіру.
Су - тіршілік көзі
Су - тіршілік көзі
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Ақтөбе облысы, Ембі қаласы, №2 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Шакибаева Алия Сагидуллақызы
Табиғат тіршілігі құстар
Табиғат тіршілігі құстар
Екібастұз қаласы №23 «Балауса» мектепке дейінгі мекеме Абдинова Ү. Д Топ. Естияр Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Экология негіздері Тақырыбы: «Табиғат тіршілігі құстар»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×