Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сценарий

25 шілде 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Айгөлек» балабақшасына 1 жыл
Дархан: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар
Балнұр: Біздің балабақшамызға қош келдіңіздер
1 жүргізуші:
Бүгін Көктөбе жерінде балдырғандардың, осы бөбектер бақшасының үлкен мейрамы. Елбасы тапсырысының «Балапан» бағдарламасының іске асыру мақсатында сәні мен сәулеті жарасқан көз сүйсініп, көңіл қуанатын «Айгөлек» балабақшасының бой көтеріп, 70 бүлдіршінге есігін айқара ашқанына 1 жыл толып отыр.
Хор «Айгөлек»

2 жүргізуші:
Тек жүректен арналған сөзіңізде,
Жақсылықтан жаралған жүрегіңіз
Сөз берейік құрметпенен өзіңізге
Бүлдіршінге арналсын тілегіңіз
Игілікті бастаманың көшбасшысы, жаңалықтың жаршысы, жақсылықты бастаушы Май ауданының орынбасары Нургуль Газизовнаға сөз береміз
1 жүргізуші:
Қандай ғажап қараңыз жан - жағына
Күміс күлкі сыймай тұр, қара мұнда
Бүлдіршіннен бақытты жан бар ма екен
Қол жеткізген аңсаған арманына
Ортада тұр бақшамыздың бөбектері
Лүпіл қағып кішкентай жүректері - дей отыра бақшамыздың тәрбиеленушілеріне сөз береміз
Тақпақтар
Нұрболсын:
Біздің топта ұл - қыздар,
Тату - тәтті тұрады
Әлемдегі бар адамға
Тек жақсылық ойлаймыз
Алина:
Бала бала баламыз
Бақшамызға барамыз
Күні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз
Темирлан:
Жарқын жүзді апайлар
Сендей болса бар адам
Сендей болса балалар
Шаттық кетпес баладан
Дархан:
Балабақшам ажарлы үй
Ауылдағы ажарлы үй
Күлкісі бар шуақты
Өз үйіміз сияқты
Балнұр:
Сәлем саған балабақшам
Алғыстарым көп менің
Оқу, білім, тәрбие
Ой санама еккенің
Айша:
Тағы, тағы, тағы да
Балабақша көбейсін
Анамыздың бағына
Бәрі де бар дегейсің
2жүргізуші:
Кезекті құттықтау сөзін Май ауданы маслихатының хатшысы Арынов Ғибадат Тұрсынұлына береміз
Дархан: Ортада «Шығыс биі»
1жүргізуші: Ортаға Май ауданының оқу бөлімінің меңгерушісі Тұрсын Капшакаровнаны шақырамыз
Балнұр:»Бүгін туған күніміз»әні

1 жүргізуші:
Бақшамыз қуанышқа тола берсін
Сіздей қамқоршылар бола берсін
Жаңа балабақша - жаңа өмір сыйлай берген
Алғысымыз бақыт болып қона берсін
- дей отыра келесі тілек кезегін Бахыт Жумабаевна, Фирая Шакиртовна, Гульнар Еркебайқызын және ауыл депутаттарына ұсынамыз

Дархан: Ортада «Қазақ биі»
1 жүргізуші:
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын
Болсын солай әрбір күнің, әр айын
Мерекеңіз құтты болсын ата - ана,
Мерекеңіз құтты болсын ағайын,- деп сөз кезегі ата - аналарға беріледі

Балнұр: Ортада «Қошақаным» әні
1 жүргізуші:
Балабақшамыз көз сүйсініп қуанатындай әсем ғимарат. Іші бүгінгі заманға сай безендіріліп
Жаңа үлгісіндегі жихаздармен жабдықталған, сыртқы келбеті де үндесіп тұр. Бүгінгі салтанатқа ауданымыздың ұйым басшылары мен балабақша меңгерушілері келіп отыр. Оларды ортаға шақырамыз
Номер
2 жүргізуші:
Жаңа өмірдің жемісін теріңіздер
Балалардың жақсылығын көріңіздер
Рахмет сіздерге жаны жомарт демеушілер
Ұмытпай жиі - жиі келіңіздер - дей отыра келесі тілекті Ташенова Сара және Тлеубеков Серик
Хор 2
1 жүргізуші:
Балабақшаның және кішкентай бөбектердің жүректеріне жол табатын алтын сиқырлы кілттің иесі»Айгөлек»балабақшасының меңгерушісі Галимова Б. Н ортаға шақырамыз
6 846
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Біз өмірдің гүліміз - балаларды қорғау күніне арналған ертеңгілік
Біз өмірдің гүліміз - балаларды қорғау күніне арналған ертеңгілік
1 - маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, б бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз. Жүздерінен мейірім мен нұр тамар
Балабақшаның 1 жылдық туған кешіне арналған концерттік бағдарлама!
Балабақшаның 1 жылдық туған кешіне арналған концерттік бағдарлама!
Бір жыл толып қалыпты міне бүгін, Жаста болса шыңға шығар бір белес. Өзіңнен тәрбие алған бүлдіршіндер, Өркениетті еліне қосар үлес!
Балабақшаға арналған көрнекілік "Жыл мезгілдері"
Балабақшаға арналған көрнекілік "Жыл мезгілдері"
Бала бақшаға арналған көрнекілік Павлодар облысы, Естіс ауданы, Голубовка ауылы МҚКК «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі: Смагулова Назия Зайкеновна
Қош бол, балабақша!
Қош бол, балабақша!
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы « Балапан» балабақшасы тәрбиешісі Мусабекова Гульнара Каримбердиевна
Бақытты балалық шақ
Бақытты балалық шақ
№5 «Ақбота»МДҰ МКҚК Әдіскер Есжанова С. Т.
Әнші балапан
Әнші балапан
Құрметті көрермендер, ұстаздар, оқушылар және ауыл тұрғындары. Бүгін №100 мектеп жанындағы «Айгөлек»жазғы тынығу лагерінде өткізілгелі отырған «Әнші балапан» байқауына қош келдіңіздер.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×