Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Камзолды оюмен өрнектейміз

29 шілде 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Сурет
Тақырыбы: Камзолды оюмен өрнектейміз.
Мақсаты: Балаларға қиып әзірленген камзолды дәстүрден тыс, картон бастырмасы арқылы ою - өрнектерді үйретуді жалғастыру. Бояу түстерін дұрыс таңдап, ою - өрнек, ұлттық киімдер туралы
білімдерін пысықтау. Әсемдік пен сұлулықты сезіну, көркемдік
талғамын қалыптастыру. Ойлау қабілеті мен тілін дамыту.
Көрнекілігі: ұлттық бұйымдар, ұлттық киімдер суреттері, ДVД, диск.
Әдіс – тәсілі: көрсету, әңгімелесу, сұрақ – жауап, сергіту, ойын, қорыту.
Салалық байланыс: көркем әдебиет, тіл дамыту.
Мотивациялық қозғаушы.
Шаттық шеңбері: Күннің көзі ашылсын,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Сәлеметсіздерме апайлар,
Еліміз аман болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Мейрімді болаық!
Деніміз сау болсын!
Балабақшамыз жайнай берсін!
Бәріміз дос болайық!
Достарымыз көп болсын!
- Ұйымдастыру – ізденуші.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қандай ай?
- Аптаның нешінші күні?
- Қазір бізде қандай оқу іс - әрекеті болады білеміз бе?
(есік қағылып хат тасушы келеді)

Хат тасушы: Сәлеметсіздерме балалар, бұл «Балауса» тобы ма?
Мен сендерге сәлемдеме әкеліп едім, ішіндегі тапсырманы мұқият тыңдап, дұрыс орындаңдар, мінекей апай. Ал сау болыңдар балалар.
Тәрбиеші: Ой рахмет сізге, сау болыңыз, жолыңыз болсын.
Тәрбиеші: балалар қандай әдемі сәлемдеме, қане бәріміз бірге ашып көрейік, ішінде не бар екен. Ой балалар мынау не?
- Бұл диск ғой.
- тағы не бар екен?
- қиылған қамзолдар.
Қане алдымен мына дискіні қосып көрейік, ішінде не бар екен көрейік.
(Теледидар қосылып, әже көрінеді.)
Әже: Амансыңдар ма, балалар! Мен Аяжанның әжесімін. Мен немереме камзол тігіп едім, енді сол камзолға қандай ою - өрнек салып әдемілейтінімді білмей отырмын. Сіздер мектепке барғалы отырған балалар екенсіңдер, сондықтан ұлттық оюлардың түрлерін көп білетіндеріңе сенемін. Мен сіздерге сәлемдеме беріп жібергенмін, сол үлгі камзолдарға өздерің білетін оюларыңды салып, маған көмектесіңдерші. Ал енді менің салып жіберген камзолдарыма әдемілеп салынған оюлар күтемін.
Сау болыңдар!
Тәрбиеші: Балалар бізге әжеміз үлкен сенім артып отыр екен, әжемізге көмектесеміз бе?
- Олай болса алдымен ою туралы мақал – мәтелдер айтып жіберейік.
Аружан: Ою ойғанның – ойы ұшқыр.
Ерасыл: Ою ойған, сызу да сызады.
Анель: Шешеннің сөзі ортақ,
Шебердің қолы ортақ.
Ал енді біз мына камзолға оюды қылқаламмен емес, картон бастырмасымен басып әдемілейік.
- Балалар, Біз қандай оюларды білеміз?
- Қошқар мүйіз, қос мүйіз, тарақ, ирек т. б.
Ұлттық оюлардың аттары өсімдік, жануарлардың аттарымен байланысып жатыр. Оларды тек киімге емес, сондай – ақ ыдыстарға, тұрмыстық бұйымдарға да салып өрнектеген. Мына суреттегі ұлттық киімдерді қараңдаршы. Бас киім, аяқ киім, камзол, шапан, белдік бәрі де оюлармен өрнектелген. Оюды әр бұйымның ерекшелігіне қарай таңдаған.
- қане кім ою туралы тақпақ айтады?

Азамат: Әжей кесте тігеді,
Ойып түрлі оюды.
Жібереді өнері,
Шарықтатып көңілді.
Жұлдызай: Оюларға сүйсініп,
Қайран қалып тұрасың.
Көре білсең түсініп.
Одан көп сыр ұғасың.
К. Жұлдызай: Көрші әжей өнерлі,
Барып тұрам күнде мен.
Құрмет тұтып шеберді,
Ою - өрнек үйренем.
Жарайсыңдар балалар, біз бүгін әженің камзолын қандай оюлармен өрнектейміз? Мынау қандай оюлар? Ал мынау қандай ою?
Балалар сендер ою түрлерін жақсы біледі екенсіңдер, мен қазір сендерге әженің жіберген камзолын таратып берейін, алдарыңда дайын картон бастырмасын, қызыл көк бояуларды таңдай отырып бастырамыз.
Тәрбиеші камзолға басып көрсету арқылы түсіндіреді.

Бой сергіту сәті: Ал балалар тұрайық,
Ою - өрнек сызайық.
Түйе табан,
Қой ізі мен қос мүйіз,
Қарға тұяқ, құс қанат.
Бүршік пен гүл әдемі,
Ою - өрнек әлемі.
Қылқаламды алайық,
Сәнді өрнек салайық.
Енді балалар орнымызға отырып әжеміздің тапсырмасын орындайық.
Жоғарыдан төмен қарай бота мойын оюын басамыз.
Камзолдың етегіне қошқар мүйіз оюын басамыз. Әжемізге ұнамды етіп, ұқыпты жасаңдар. Картонды бояуға ұқыпты етіп батырыңдар.
Өз бетінше жұмыс: Тәрбиешінің бақылауы, жеке балаға көмегі.
Рефлексивті кезең.
Балалар жұмысын атап тақтаға іліп, көрме жасау.
Ал енді балалар енді бізге Мадияр сурет оқу іс - әрекеті туралы тақпағын айтып берсін.
О. Әубәкіров. «Сурет сабағы»
Балалар енді біз «Өз оюыңды құрастыр» дидактикалық ойынын ойнаймыз.
Мақсаты: төрт түрлі оюды әр балаға құрастырып шығуды тапсыру. Құрастырған оюдың атын атау.
Балалар бүгін бәрің де оқу де оқу іс - әрекетіне жақсы қатыстыңдар, жақсы жауап бердіңдер, камзолға әдемі етіп ою бастыңдар. Сендердің жұмыстарыңды көріп Аяжанның әжесі қуанып қалатын болды. Енді қонақтармен қоштасайық. Сау болыңыздар.

Күтілетін нәтиже:
Білуі: Ұлттық оюлар туралы біледі.
Меңгеруі: Қошқар мүйіз, бота мойын оюын басып үйрену.
11 299
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат – біздің досымыз
Табиғат – біздің досымыз
Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Шуақты көктем
Шуақты көктем
Күн жарқырап, күннің өзі бізді көктем мезгілімен құттықтап тұрғандай. Бүгінгі оқу қызметімізді әдемі бір өлең шумағымен бастағым келіп тұр:
П дыбысы мен әрпі
П дыбысы мен әрпі
П п дыбысы мен әрпін таныстыру. П дыбысы дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру
6 шілде Астана күні!, Жайнай берсін, Астана!
6 шілде Астана күні!, Жайнай берсін, Астана!
Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру.
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
Көбелек
Көбелек
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Жылтыр селосы, «Балбөбек» балабақшасы Қожабергенова Игілік Рыскелдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×