Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әсем-Айдың арулары 2014

21 қаңтар 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: «Әсем - Айдың арулары 2014»
Мақсаты: «Қазақ қызы» деген атқа лайық ойы әсем, тәні әсем, ісі әсем болып қалыптасуына баулу. Адамгершілік пен сабырлық сынды асыл қасиеттерді бойына жинаған аяулы аналарымыз өнерге ұмтылған қыз балаларын тәрбиелеуі.

Көрнекілік: үнтаспа, нақыл сөздер, сұрақ салынған киіз үй.

Ұйымдастыру бөлімі.
- Қайырлы күн, қадірлі қонақтар, ұстаздар! «Әсем - Айдың арулары 2014» байқауына қош келдіңіздер.
Ақ сүті оның өтеусіз жай қала ма,
Борышты оған небір дархан, дана да.
Тірлік сеуіп келе жатқан дүниеге,
Ей адамдар жол беріңдер анаға!, - қыздарға арнап жыр жазбаған ақын жоқ, ән шығармаған сазгер жоқ. Қызыл гүл, қарақат көз, қиғаш қас, алма мойын – бұлардың барлығы біздің әсем қыздарымызға арналған теңеулер. Ендеше байқауға қатысатын қыздарды анасымен бірге ортаға шақырайық.
6 сайыскер.
Сайыскерлерді әділ бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
........................
Тәрбиеші: Байқау 6 бөлімнен тұрады.

1 - бөлім. Таныстыру.
Шарты: Әр топ өздерін өлең шумақтарымен таныстырады.

Бірақ ұшқыр қиялыммен жасымнан,
Бар әлемнің биін билеп келемін.
Тынбай соққан даланың бір жүрегін,
Бетке алады тағдыры ортақ би елін.
Ендігі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.

2 - бөлім. Би сайысы
Шарты: Индия немесе шығыс биі, анасы мен қызы бірге орындайды.

Музыкалық нөмір. Әділ қазылар шешімін шығарғанша ортада «Қонжық» тобының тәрбиеленушісі Мұрат Жантөренің орындауында «Анашым» әні.

Тәрбиеші:
Сөз керек - ару, әйел, ананың сұлулығын айтып жеткізуге.
Сөз керек - дүниенің алтын діңгегі Ана екендігін әйгілеуге.
Сөз керек - анаға деген махаббат пен құрметті тіл ұшын үйіруге.
Сөз керек - жылына бір рет болса да Ана мен әйелдің көкіректі кернеген сезім мен көңіл - күйін білдіруге, - дей келе ән айтуға кезек берейік.

3 - бөлім. Ән айту сайысы
Шарты: Анасы мен қызы бірге қосылып орындайды

4 - бөлім: Білім және дәстүр сайысы
Шарты: Билетте 3 сұрақ 1 - сұраққа кішкентай аруларымыз жауап береді, қалған 2-сұраққа аналарымыз жауап береді.

Арулар - аяулылар, ардақтылар,
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.
Арулар - тіршілікке күретамыр,
Өмірді бір - бірімен жалғап тұрар.

5-бөлім: Мәнерлеп оқу сайысы
Шарты: Мәнерлер өлең оқиды, оқу басындағы 2 шумақты әдемі арулар бастайды, 2 шумақпен аналарымыз аяқтайды.

6-бөлім: «Ас - адамның арқауы» сайысы
Шарты: Ас үйде бірігіп жасаған салаттарын айтып түсіндіру.

Жеңімпаздарға арнайы жасалған номинациялар мен грамоталар, аналарына сыйлықтар тапсырамыз.
«Өмірде ана - бұлақ, ана - пана,
Өмірді өркендетер ана ғана» дей отырып, мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
10 635
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қыз еркем, өнерімен көркем
Қыз еркем, өнерімен көркем
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы №9 жалпы білім беру мектебі Бастауыш сынып мұғалімі: Ниязова Жанылша Бековна
Ана - бақыт, қыз - гүл
Ана - бақыт, қыз - гүл
Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Тныбекова Гульшара Апураевна
"Қыз өссе - елдің көркі" ашық тәрбие сағаты
"Қыз өссе - елдің көркі" ашық тәрбие сағаты
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дусипова Бақыт Рысқұлқызы
Қыз өссе-елдің көркі
Қыз өссе-елдің көркі
Бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна Тақырыбы: «Қыз өссе - елдің көркі» Мақсаты: а) Қыздарымызды сайыстыра отырып өнерлерін арттыру. Ізденушілік қабілеттерін, ой - өрісін, қызығушылықтарын арттыру.
Қыз өссе елдің көркі
Қыз өссе елдің көркі
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ақшатау негізгі мектебінің математика пәнінің мұғалімі Махатова Айдана Маратқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×