Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балабақшаға арналған ойындар

29 қаңтар 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Ине мен жіп»
Жүргізуші:
Балалар мен ине боламын ал сендер жіп боласыңдар. Сендер менің артымнан бір – бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.
«Кім қалай дыбыстайды?»
Ойынға қатысатын балаларды топтарға (ит, тауық, жылқы) бөледі. Жүргізуші белгі берген уақытта ит тобындағы балалар итше үріп, дыбыстау керек. Дәл сол сияқты тауық, жылқы, мысық топтары да өз топ атауларын қорғап шығады. Соңында жүргізуші өзі белгі берген уақытта барлық топ бірдей өз дыбыстарын шығарады.
«Не үлкен»
Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды. Орындықтан не үлкен? Отырған балалар кезекпен заттарды атайды. Ойын ойнаған кезде жүргізушіге атаған заттарды қайтадан айтуға болмайды және балаларға қайталауға болмайды. Кім екі рет шатасса, ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады.
«Төрт құбылыс»
Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдарына созады, «ауа» - дегенде жоғары көтереді, «от» - дегенде екі қолын айналдырады, «жер» - дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса сол ойыннан шығады.
«Көңілді шеңбер»
Балалар шеңбер жасап отырады, бір – біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі берген кезде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балалардың бірнешеуіне әртүрлі заттарды қыстырып қояды.(гүл, орамал, бантик, көзілдірік). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға ойыншық беруге болады.
«Орныңды тап»
Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан - жағына тарап кетеді.(белгі: шапалақтау, барабан немесе бумен беріледі) Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнін қасында тұрғанын есіңде сақтап, қайта шеңбер түзеді. Өз орнын тапқан балалар мадақталады, таба алмағандар ойыннан шығады.
«Ойыншықты сипатта»
Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуды ұсынады.(1 минут) Мысалы: қуыршақ, қоян, түлкі, түйе т. б. Алынатын ойыншықтар түрлі – түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргенде түр – түсі, пішіні, көлемі, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап әңгімелеп беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.
«Мен жеңімпазбын»
Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуы керек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жіңімпазбын деп айту керек.
«Құлақ мұрын»
Балалар шеңбермен тұрады.
Жүргізуші: құлақ – деп қолымен мұрынды ұстайды, ал мұрын деп – құлақты ұстайды. Ал балалар құлақ дегенде құлақты, мұрын дегенде мұрындарын көрсету керек. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатымен оларды шатастырып отырады.
«Дайын бол»
Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс – қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, ат – шабады, құс – ұшады, ләйлек – бір аяғымен тұрады.
«Зейінді бол»
Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші ойынның ережесін түсіндіреді. Мен сендерге әртүрлі қимыл – қозғалыстарды көрсетіп тұрамын. Сендер оны қайталап тұруға тиіссіңдер. Бірақ, мен ескерткен қозғалысты мысалы: «қос аяқтап секіру» қозғалысын қайталауға болмайды. Кім қайталаса сол ойыннан шығады. Жүргізуші әртүрлі қозғалыстарды көрсетіп, қайталамайтын қозғалыстарды бірнеше рет көрсетеді. Қай бала шатасса ойыннан шығады. Ойынның жеңімпазы жүргізуші болады. Сол бала қайталанбайтын қозғалысты өзі шығарады.
71 372
0
  • 60
3 дауыс


Жаңалықтар
Ойын түрлері
Ойын түрлері
Мен әр түрлі жағдайларды айтып допты лақтырамын, егер осы жағдайлардың болуы мүмкін болса ғана допты қағып алыңыздар да, мүмкін емес жағдайлар болса допты ұстамаңыздар.
Қарым - қатынас тренинг - ойындар
Қарым - қатынас тренинг - ойындар
Топтағы балалармен қарым - қатынас орнату, балабақшаға бейімделуіне эмоционалды көмек беру, өзін - өзі дамыту, зейінді дамыту, психоэмоционалдық қысымды тежеу, эмоционалды нақты қимылдарды дамыту.
Балабақшада ойналатын балаларға арналған қимылды ойындар топтамасы
Балабақшада ойналатын балаларға арналған қимылды ойындар топтамасы
Балабақшада ойналатын балаларға арналған қимылды ойындар топтамасы
Бастауыш сынып оқушыларына арналған психологиялық ойындар
Бастауыш сынып оқушыларына арналған психологиялық ойындар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы, «Опорный орта мектебі» мемлекеттік мекемесі психологы Сапарова Гаухар
Біз бір топпыз ойыны
Біз бір топпыз ойыны
Семей қаласы, №17 жалпы орта білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Балдырған» шағын орталығының тәрбиешісі: Мустафина Кунсулу Фаткулановна
Бақытты балалық шақ
Бақытты балалық шақ
Павлодар облысы, Ақсу қаласы № 2 мектептегі шағын орталық тәрбиешісі Ахметова Сұлушаш Заркешқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×