Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ө. Тұрманжанов «Туған өлкем»

15 ақпан 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Пән атауы: Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Ө. Тұрманжанов « Туған өлкем»
Мақсаты: 1. Отан, туған жер, туған тіл жайлы түсініктерін, оның табиғатының әсемдігі, байлығы жайлы түсініктерін тереңдету. Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңін оқу, мағынасын түсіндіру.
2. Өз ойларын айта білу дағдыларын дамыту. Тіл байлықтарын дұрыс сөйлеу, қатесіз, түсініп оқу дағдыларын дамыта түсу.
3. Туған жерді, елді, қастерлеу, тілді бағалай білу, ата - ананы сыйлау, халқыңа пайда келтіру сияқты адамгершілік асыл қасиеттерге баулу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Көрнекіліктер: «Неткен сұлу, неткен көркем» слайд, сабақ барысы бойынша жасалған слайд, тапсырмалар жазылған түсті үлестірме – қима қағаздар.
Барысы:
І. Ұйымдастыру: а) Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару, кіші топта шаттық шеңберін жасап және психологиялық жағдай орнату арқылы "От шашу" негізін жасау.
ІІ. Мақсат қою:
ә) М:- Бүгін сабақта «Неткен сұлу, неткен көркем, осы менің туған өлкем» атты тарауды әрі қарай жалғастырамыз. Және табиғаттың әсем жері таудың биік шыңына шығамыз. Ол үшін түрлі тапсырмаларды орындау керек. Осы тапсырмаларды орындау арқылы тау шыңындағы "Болашақ ұландар" атағына ие боламыз. Тау шыңына жету үшін 7 асудан өтуіміз керек. Ендеше дайынбыз ба?- деп, оқушылар ойы сұралады.
1 - асу. Үй тапсырмасын тексеру
1 - топ: Д. Әбілев «Туған тілім» өлеңін жаттағандарын топта бір - біріне айту.
2 - топ: Қазақ тілі сөзің "Туған тілім " тіркесінің орнына қойып айту көзделеді.
3 - топ: Топтағы оқушылар тіл туралы мақалдар бойынша жұптасып жұмыс істейді. Жаттаған мақалдарын бір - біріне айтады.
4 - топ: Топтастыру
2 - асу. Жаңа сабақ
1. Неткен сұлу, неткен көркем – фильм көру.
- Балалар, фильм ұнады ма?
- Біздің жеріміз қандай екен?(сұлу, көркем, әсем, әдемі, көркем, тамаша, көз тоймайтын)
М:- Олай болса, бүгін біз Өтебай Тұрманжанов атамыздың «Туған өлкем» өлеңімен танысамыз. Алдымен тақтаға назар аударып, ақын өмірімен танысып алайық. Слайдтан ақын өмірімен таныстыру. Өлеңмен жұмыс.
1. Мұғалімнің оқуы. 2. Сөздік жұмыс: Жұпар - өте жақсы, хош иіс; шалқып, тасқан - өркендеген; бақыт тапқан - бақытты.
3. Өз беттерімен дауыстап оқу.
3 - асу. Мәнерлеп оқу. Әр топтан бір оқушыға мәнерлеп оқу үлгісін көрсетуді сұрау және ақын сезімін білдіретін сөздердің астын сызу, түсіндіру.(1 - т. қуаныш, 2 - т. мақтаныш, 3 - т. өкініш, 4 - т. шаттық.)
4 - асу. Сергіту сәті. Қимылды би терапиясы
5 - асу. Топтық жұмыстар:
1 - топ. - Өлең не жайында, тақырыбын анықта.
2 - топ. Өлеңге байланысты ребус құрастырады. 3 - топ. «Алтын дәнді дала» және «Ақ күмістей қала» сөз тіркестерінің мағынасын ашу.
4 - топ. Өлең мазмұнын суретпен жеткізеді.
6 - асу. Бекіту: Әр топ өз беттерінше 5 - жолды өлең жолдарын құрастырады және дәптерлеріне жазады.
7 - асу. Қорытындылау. Биік шыңдағы жалаушаға жету және "Егер мен..." ойынын ойнату. Ойын шарты түсіндіріледі. Үйге тапсырма: Барлығы: Өлеңді жаттау
Таңдау бойынша: Сурет салу немесе сөзбен туған жер табиғатына өлең шығару Бағалау: Көк, сары, қызыл жалаушаларға сүйене отырып, формативті бағалау жүргізу. Көк - өте жақсы. Сары - жақсы. Қызыл - орташа.
Қорыту: Бүгін не істедік? Не білдік? Не ұнады, ұнамады? Кері байланыс жасау. Алған жалаушаларына жазып, қала макетіне "Президент " күніне орай безендіре орналастыру.
13 919
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған өлкем
Туған өлкем
Білімділік мақсаты: оқушыларға өлеңді дауыстап, тісініп, мәнерлеп оқыту арқылы оқу дағдысын қалыптастыру.
Ө. Тұрманжанов. Туған өлкем
Ө. Тұрманжанов. Туған өлкем
Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңінің мағынасын түсіндіру және туған өлке, туған жер, атамекен туралы түсінік беру.
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»
Өтебай Тұрманжановтың өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу, ұлттық құндылық туралы түсінікті кеңейту.
Ө. Тұрманжановтың «Туған өлке»атты өлеңін оқу
Ө. Тұрманжановтың «Туған өлке»атты өлеңін оқу
Ө. Тұрманжановтың «Туған өлке»атты өлеңін оқу. Шығарманы тыңдауға, мағынасын түсініп, қайта айтып беруге үйрету.
Туған өлкем Ө. Тұрманжанов
Туған өлкем Ө. Тұрманжанов
Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңімен танысу. Көгінде күн нұрын төккен, Жерінде гүл жұпар сепкен. Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем!
"Туған өлкем" Өтебай Тұрманжанов
"Туған өлкем" Өтебай Тұрманжанов
Отан, туған жер, туған тіл жайлы түсініктерін, оның табиғатының әсемдігі, байлығы жайлы түсініктерін тереңдету. Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңін оқу, мағынасын түсіндіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×