Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Желтоқсан жаңғырығы – Тәуелсіздік!

17 ақпан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Кездесу (2 - сынып)

Тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы – Тәуелсіздік!
Мақсаты:
1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздікке жету жолындағы айқын істеріне
шолу жасау, әңгімелеу, оқушыларға түсінік беру.
2. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін арттыру.
3. Елін, жерін сүйетін ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, кітаптар, слайдтар, нақыл сөздер.
Әдіс - тәсілдер: салтанатты жиын, кездесу, өлеңдер оқу.

Барысы:
Жүргізуші: Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.
Жылдар бойы бостандықтан шөлдеген,
Халқым менің не қасірет көрмеген?!
Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткен мерек құтты болсын!
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған іс - шараны ашық деп жариялаймын.
Әнұранды орындау.

Жүргізуші: Міне биыл тәуелсіздігіміздің арайлап атқан таңына – 22 жыл. «Елу жылда ел жаңа» демекші, өмір 22 жылда біраз өзгеріске ұшырады. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Біз Тәуелсіздікке қол жеткізу арқылы мәдениетіміз бен салт - дәстүрімізді, дінімізді, тілімізді қайта өркендеттік. Тәуелсіздігіміздің рәмізі саналатын әнұранымызды, туымызды, елтаңбамызды және төл теңгемізді сайладық. Көптеген елдермен экономикалық қарым - қатынас орнату арқылы бүкіл әлемге қайтпас қайсар қазақ деген халықтың бар екендігін жария еттік. Ал енді осы қазақ халқының жері, болашағы, үміті үшін Желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақ қыздары мен ұлдары, ұлт намысы үшін халықтың ары алдында қайсарлық көрсетіп құрбан болған Ләззат Асанова, қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатайұлы, Сәбира Мұхамеджанқызы есімдерін еш уақытта ұмытпаймыз. Олар біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

1 - оқушы:
Кетпес мәңгі көңілден,
Қырдың гүлі қырмызы.
Ағып түскен көгінен,
Желтоқсанның жұлдызы.
Қайрат пен Ербол –
Қайсар туған ұлдары.

2 - оқушы: Булықтың да бұлқындың,
Жанды қарып ызғары.
Қара ормандай жұртымның,
Ләззат пен Сәбира
Қайсар туған қыздары.

3 - оқушы: Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.

4 - оқушы: Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған.
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан.

5 - оқушы: Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өрендер ақталады.
Ел намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.

Жүргізуші:
Біздің бүгінгі қонағымыз сол желтоқсан оқиғасына қатысқан Қожабергенова
Гүлжанат Сүлейменқызына сөз кезегін береміз. (әңгімелейді)
Оқушылардың сұрақтары.
Қорытынды.
Жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейміз. Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар!
11 381
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – бақыт жолы» ертеңгілік сценарииі
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – бақыт жолы» ертеңгілік сценарииі
Қазақстанның даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана - сезімін ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру.
Желтоқсан алауы (тәрбие сағаты)
Желтоқсан алауы (тәрбие сағаты)
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Жылыой Мұнай және Газ Технологиялық Колледжі Өндірістік оқу шебері: Исмагулова Анаргуль Топ кураторы: Қуандықова Самал
Желтоқсан жаңғырығы
Желтоқсан жаңғырығы
Өткізгендер: Нұртазаева Қалдығыз Бегимбетова Нұргүл
Тәуелсіздік – ата бабам аңсаған
Тәуелсіздік – ата бабам аңсаған
Жезқазған қаласы, №10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Батаева Зағира Карабековна
Қазақтың бағы да, байлығы да - Тәуелсіздік
Қазақтың бағы да, байлығы да - Тәуелсіздік
Қазақстан – көк байрақты нұр едің, Сен дегенде лүпілдейді жүрегім. Өзің менің қуанышым, бақытым, Өзің менің мақтанышым, тірегім.
Желтоқсан жаңғырығы - егемендік
Желтоқсан жаңғырығы - егемендік
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Файзуллаева Әсем Тұрақбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×