Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Қамқорлық" Бердібек Соқпақбаев

20 ақпан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: "Қамқорлық" Б. Соқпақбаев
Сабақтың мақсаты: Мәтіннің мазмұнын ашу, талдау жұмыстарын жүргізу, мазмұнын меңгерту
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Сұрақ қою арқылы жан - жақты ойлауға, топпен жұмыс жасауға өзіндік пікір білдіруге үйрету.
Дамытушылық: сын тұрғысынан ойлауын жіне шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын, ой - өрістерін, тіл байлығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды топтасып жұмыс жасауға, пікір алмасуға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас оқыту
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, әңгімелеу, талдау, топтасу, ой шақыру....
Жабдығы: Интербелсенді тақта, күн бейнеленген суреттер, бұлтшалар...
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану
Барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі
а) Оқушылармен амандасу, жағымды шеңберлі жағдаят жасау.
Өлең жолдарын қимылды әуенмен орындау.
жылы, жылы лебізді, шын ниетпен айтайын
Алақанға толтырып, өзіңе сыйлап қайтайын...
ә) Сабақтың мақсат - міндеттерімен таныстыру.
2. Психологиялық жағдаят жасау
М:- Балалар, біздер бүгін топ бойынша жұмыс жүргіземіз, алдымен сұраққа жауап берейік...
Әрине, ендеше табиғатты жарқыратып, жарық ететін көктегі күнімізді білімімізбен жарқырата түсейік.
3. Топтастыру
Кішкене күншелерден 1, 2, 3, 4 сандарын таңдап, оқушыларды топтастыру жұмыстары жүргізіледі. Топ атаулары беріліп, ұрандары айтылады.
1 - топ
1 дегенім - білім
Біліммен жарқырар күнің.
Бүгінгі сабақ барысында,
Бұлттан ашайық күн көзін
2 - топ
2 - дегенім еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек.
Жаттығуды орындасақ,
Күн көзі бізге күлмек.
3 - топ
3дегенім - үміт,
Мына біздер жігіт.
Намысты қолдан бермейміз,
Елдің туын тігіп.
4 - топ
4 дегенім - төзім,
Төзімді бол өзің.
Қандай қиындық болса да,
Аш білімнің көзін.

М:- Жарайсыңдар, олай болса балалар, сабағымызды Ж. Аймауытов ағамыздың сөзімен бастайық. - Оқу, білім - жанған шырақ ойласаң,
Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң.
Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал.
Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң...
4. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ - жауап арқылы үй тапсырмасы сұралады. Бекіту жұмыстары жүргізіледі.
5. Жаңа сабақ
Автор туралы айту. Алдымен автор сипатталады да, сауал қойылады.
- Бұл жазушы кім деп ойлайсыңдар?
- Әрине, бұл жазушы - Б. Соқпақбаев (слайдтан көрсету)
- Ендеше бүгінгі өтетін сабағымызБ. Соқпақбаевтың кезекті шығармасы "Қамқорлық" әңгімесімен танысамыз. --"Қамқорлық" сөзін қалай түсінеміз? (ассосация жүргізу)
Қамқорлық/ қайырымдылық/ кішіпейілділік/ жақсылық... т. б оқушы ойлары тыңдалады.
а) Мәтінмен жұмыс. Мәтін 4 бөлікке бөлініп, 4 топ тізбектей оқып. өзара топ арасында талқыға салып, мазмұнын ашады. Өзге топқа баяндайды.
6. Сергіту сәті. Слайдтан құстардың қимылын орындау
ә) Топ тапсырмалары
1 - топ тапсырмасы. Оқулықтың 269 - бет. Суретпен жұмыс жүргізу.
2 - топ тапсырмасы. Торғай туралы 5 жол өлең.
3 - топ тапсырмасы. Бөлімнен оқыған "Торғай" мәтінін еске түсіріп, Ж. Аймауытов пен Б. Соқпақбаевтың шығармаларын салыстыру. Венн диаграммасын толтыру, айырмашылығы мен ұқсастығын ажырату, біріктіру.
4 - топ тапсырмасы. - Егер мен Қожа болсам... Эссе жазу.
Әр топ тапсырмаларын орындауға уақыт беріліп, бақылау жүргізіледі.
7. Бекіту
Күн ананың балаларға айтар сөзі бар екендігін хабарлау. Сұраққа жауап алынған сайын Күн ананың көзінен сөздер ашылады.
- Торғайды атпақ болған кім?
- Торғайға қамқорлық жасаған бала кім?
- Жантасқа айтар ақылың қандай?
Жасырынған сөз: Құстарға қамқор болайық!
8. Бағалау
Жеке, жұптық, топтық бағалау. Күншелер тарату.
9. Қорытындылау
Күндей күлім қағамыз
Әсем әнге саламыз
Татулықпен, бірлікпен,
Білім шыңына барамыз
10. Үйге тапсырма
"Қамқорлық" әңгімесін түсініп оқу, мазмұндау, мәтін бойынша сұрақтар дайындау....
8 206
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мәтін туралы берілген ұғымды кеңейту
Мәтін туралы берілген ұғымды кеңейту
оқушыларды мәтіннің белгілерімен, оларды тиісті дауыс ырғағымен оқуға, мағынасын түсінуге үйрету;
Бердібек Соқпақбаев «Қамқорлық»
Бердібек Соқпақбаев «Қамқорлық»
Жазушы өмірін еске түсіре отырып мағлұмат беру, мәтіннің негізгі идеясын ашу, оқушының оқу дағдысын қалыптастыру
С. Көбеев «Екі соқа»
С. Көбеев «Екі соқа»
Оқушылардың өздерінің жер - анаға қандай қамқорлық жасап жүргендерін сұрай отырып, қорытынды жасату.
Күншіл үйрек ертегісі
Күншіл үйрек ертегісі
Ертегінің мазмұнын, негізгі ойды меңгерту, түсініп оқу, түсінігін әңгімелеу дағдысына үйрету. Шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын жетілдіру.
Қамқорлық
Қамқорлық
Бастауыш сынып мұғалімі Сауле Айдарбекқызы
Абай мен Әбіш
Абай мен Әбіш
Бастауыш сынып мұғалімі Алимкулова Кымбат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×