Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біздің Отанымыз - Қазақстан. Астана

21 ақпан 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Біздің Отанымыз - Қазақстан Астана

Сабақтың мақсаты:
1. Сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының физикалық - география
лық ерекшелігі, табиғат байлығы туралы түсінік беру. Астана қаласының тарихы, символы, қазіргі келбеті мен жетістіктері туралы әңгімелеу
2. Оқушыларды шығармашылыққа баули отырып, ойын ашық жеткізуге үйрету. Дербес жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру
3. Ұлтжандылыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру
Сабақтың жүру барысы

Психологиялық дайындық
- Балалар, бүгін аптаның қай күні?
- ( --------- )
- Олай болса, бүгінгі сабағымызға сәттілік тілеп, бір - бірімізге жарқын жүзбен қарап, сабағымызды бастайық

ІІ. Өтілгенді пысықтау
1. Үйден жазып келген “Менің сүйікті мерекем” тақырыбындағы әңгімені бірнеше оқушыға оқыту
2. Қайталау мақсатында сауалнама жүргізу
1. Еңбекшілердің халықаралық ынтымақ күні
а) 1 мамыр ә) 25 қазан б) 16 желтоқсан
2. Шопан тойы, мұғалімдер күні, қырман тойы қандай мереке түрі?
а) Ұлттық мейрам ә) Кәсіптік мерекелер б) Мерекелі күндер
3. Сабан тойды кімдер тойлайды?
а) Мұғалімдер ә) Шахтерлер б) Диқандар
4. Ұстаздар мерекесі қай айда тойланады?
а) қазан ә) қыркүйек б) қараша
5. Қазақстан өз егемендігін қашан алды?
а) 1990ж. 25қазан ә) 1910ж. 8наурыз б) 1986ж. 16желтоқсан

1. Ой шақыру С. Мәуленовтің “Қазақстан - Республикам менің!” атты өлеңін үнтаспадан тыңдау
Тауды көрсең күн көзімен таласқан,
Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан,
Менің байтақ Республикам таулары,
Менің көгім - мөлдіреген сол аспан.
Дала көрсең, көкжиекпен ұштасқан,
Көлді көрсең секілді бір түскі аспан,
Менің байтақ Республикам даласы,
Менің көлім теңізбен қол ұстасқан.
Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
Көрсең ашық Алатаудың күндерін,
Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген
Ұлан - байтақ Республикам бұл менің!

2. Тренинг
- Өлеңде айтылған Республикада қандай халықтар мекендейді?
- Қазақ халқы қандай халық?

3. Қосымша мәлімет
- Батыста Каспий маңы ойпатынан шығыста Алтай тауына дейін 300 км - ге созылып жатыр. Солтүстіктен Оңтүстікке қарай 1600 км. Жер көлемі - 3 млн. шаршы км.
- Табиғаты алуан түрлі. Қиыр солтүстігі мөлдір көлдерге бай, орманды дала. Оңтүстігі - кең алқапты шөлдер. Көп жері жазық. Шыңдары бұлтпен таласып, басын қар мен мұз басқан асқар таулар шығысы мен солтүстігін жиектеп өтеді.
- Жер қойнауы пайдалы қазбаларға бай. Металл кендері, көмір, мұнай, газ, фосфорит, түрлі тұздар көптеп кездеседі.
- Республикамызда жүзден артық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады. Олардың бәрі Қазақстанның кең құқықты азаматы.
- Қазақстан 5 елмен шектеседі.
- Отанымыздың астанасы - Астана қаласы.(1997ж). Қала Есіл өзенінің оң жағалауында, Сарыарқаның солтүстік бөлігінде. Бұрынғы астана - Алматы қаласы.

4. Картамен жұмыс
- Картадан Астана, Алматы, Атырау қалаларын табу
- Еліміздің аумағын көрсету
- Елімізбен шектесетін мемлекеттерді табу
5. Ойын “Дыбыстар сөйлейді”
- Әр оқушы Қазақстан Республикасы, Астана қаласы туралы сезім - пікірлерін “Қазақстан” сөзінің әр дыбысынан басталатындай етіп білдіреді

6. Оқулықпен жұмыс
- - Дауыстап оқыту
- “Біздің Отанымыз - Қазақстан” /138 - 139 - бет/
- - Іштей оқыту
- “Астана” /140 - 142 - бет/
- 7. Дәптермен жұмыс
- Толықтыру сауалнамасы
- Қазақстан батыста Каспий маңы ойпатынан... та - уына дейін 300 км. Қазақстан... Мемлекетпен шек - теседі. Қазақстанның астанасы -...

ІҮ. Сабақты бекіту
1.“Венн” диаграммасы(Алматы, Астана қалаларын салыстыру)
2. Отан, туған жер туралы мақал - мәтел сайысын ұйымдастыру
Ү. Үйге тапсырма беру
ҮІ. Бағалау
Оқушылардың өз - өздерін бағалауын ұйымдастыру

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 542
0
  • 80
3 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
6 шілде Астана күні!, Жайнай берсін, Астана!
6 шілде Астана күні!, Жайнай берсін, Астана!
Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру.
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
ашық сабақ жоспары беріледі. мұғалімдерге көмек ретінде
Менің Қазақстаным
Менің Қазақстаным
Жаңа сөздермен таныстыру, оларды оқушылардың белсенді сөздік қосуға жаттықтыру. Оқушылардың сөйлеу әрекетін (оқу, тыңдау) қазақша ойлауын, есте сақтауын дамыту.
Жайнай берсін, Астана!
Жайнай берсін, Астана!
Астана туралы мәлімет беру.
Біздің Отанымыз Қазақстан. Астана
Біздің Отанымыз Қазақстан. Астана
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №247 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нұржанова Ақбөпе Алдабергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×