Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жапырақ

19 наурыз 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Жапырақ
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Өсімдіктер мүшелерінің ішінде жапырақтың атқаратын қызметі, түрлері жайында мағлұмат беру.
2. Дамытушылығы: Сөзжұмбақ, тәжірибе жасау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
3. Тәрбиелігі: Байқағыштыққа, еңбек сүйгіштікке, қоршаған ортаға қамқор болуға баулу.
Көрнекілік: интерактивті тақта, жапырақтар, бөлме өсімдіктері, еңбек сабағында жапырақтан жасалған бұйымдар.
Сабақтың әдіс - әсілі: Сұрақ – жауап, топтастыру.
Пән аралық байланысы: Ана тілі, еңбекке баулу.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар қазір дүниетану сабағы. Бүгінгі сабағымызға көптеген қонақтар келді. Қарсы алайық! Сабақта алаңдамай, еркін еңбек етіңдер. Өз ойларыңды қысылмай ашық айтыңдар. Мен сендерге тек қана сәттілік тілеймін.

ІІ. 1) Өткенді бекіту.
Сабағымызды бастамас бұрын күндегі әдетімізбен
• Ауа райына шолу жасап алайық.
- Аспан бұлтты,*- қар жауды, жел солтүстіктен соғып тұр. Ауаның температурасы t - 6 С
• Үйге қандай тапсырма берілді?
- Өсімдік мүшелері, тамыр сабақ.
1 - 1. Өсімдік мүшелеріне нелер жатады? - тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс. 1 оқушы баяндайды.
2 - 1. Тамыр туралы не білеміз? (1 бала баяндайды)
2 - 2. Сабақ туралы не білеміз? (1 бала баяндайды)
2 - 3. Тамыр қайдан пайда болады? - тамыр тұқымнан пайда болады. Тұқым өлгенде оның қабығын тамыр жарып шығады.
2 - 4. Тамырдың қандай түрлері бар? - жіңішке тамыр (күнбағыс, сәбіз )
- шашақ тамыр(картоп, бидай, пияз)
- өте ұзын тамыр(шөлді жерде өсетін өсімдіктер, жантақ, қурай, тікен)
3 - 1. Сабақтың түрлерін кім атап береді?
1. Салбыраңқы сабақ – бөлме өсімдіктері
2. Оралып, шырмалып өсетін сабақ - қияр, қауын, қарбыз, жүзім
3. Тік сабақ – таңқурай, ағаштар
4 - 1. Өсімдік қандай топтарға бөлінеді?
- Ағаш, бұта, шөп.
4 - 2. Ағаштың қандай пайдасы бар?
4 - 3. Шөптің қандай пайдасы бар?
- Мал азығы, дәрі алынады?
Жақсы балалар, сендер өсімдіктің тамыр, сабағы жайында жақсы меңгердіңдер.
ж а З
а ғ а Ш
т о п ы р а қ
т ұ қ ы м
т а м ы р
с а б а қ
қ а й ы н
Енді мына сөз жұмбақты шешіп көрейік.
1. Ең ыстық мезгіл.
2. Өсімдік түрі.
3. Өсімдік өсетін жұмсақ, борпылдақ қабат.
4. Күзде себілетін дән.
5. Өсімдіктің жер асты мүшесі.
6. Өсімдіктің барлық мүшесін жалғастырушы.
7. Ағаш түрі.
Ерекше сызықтан қандай сөз шықты? - Жапырақ.
Сабағымыздың тақырыбы жапырақ. Бүгінгі сабағымызда жапырақ түрлерімен, қызметімен танысамыз.
1. Балалар жапырақ туралы не білесіңдер?
- Жапырақ өсімдікке сән береді. Көктемде бүршік жарып, күзде сарғайып жерге түседі.
Мұғалімнің түсіндіруі.

Жаңа сабақ.
1. Өсімдіктің ең маңызды мүшесі жапырақ. Жапырақ сабаққа бекиді. Жапырақ көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығарады. Жапырақтың бойындағы су буланып ауаға тарайды. Жапырақ көктемде бүршік жарып күзде сарғайып, жерге түседі. Әр өсімдіктің жапырақтары әр түрлі болады.
Мысалы: Гербар. қайыр жапырағы жүрекше тәрізді, емен жапырағы.

2. Электрондық оқулықтағы мәтінмен танысу.

3. Сергіту сәті.
Балалар қазір сендермен «Пайдалы - зиян» деген ойын ойнаймыз. Ойынның шарты. Мен пайдалы дегенде сендер қол шапалақтайсыңдар. Ал зиян дегенде түзу отырасыңдар.
- Дәрілік өсімдіктер денсаулыққа пайдалы кейбір өсімдіктер улы болады, ол зиян.
- Табиғат аясында көп серуендеу керек, ол пайдалы.
- Жемістер жумай жесек ішіміз ауырады, ол зиян.
- Гүлдер адамға қуаныш сыйлайды, ол пайдалы.
- Кейбір өсімдіктер денені қышытады, тікенекті болып шағып алады, ол зиян.
- Көкөністе көптеген дәрумендер бар, ол денсаулыққа пайдалы.
- Балалар айналадағы өсімдіктерге сүйіспеншілікпен қарап оларды күтіп баптап өсіруге дағдылану керек.

4. Оқулықпен жұмыс.
1. Мұғалімнің оқуы.
2. Оқушыларға жекелей оқыту.
3. Жапырақ қызметіне талдау жасау.
Су буланады.
Көмір қышқыл газын сіңіреді
Емдік қасиеті бар
Топырақты құнарландырады
Тамырын үсуденсақтайды
Оттегін бөліп шығарады
Қант, крахмал алынады
Ағашқа сән береді

4. Зерттеу жұмысы.
Бөлме өсімдігінің бойында не бар екенін зерттеп көрейік.
Қорытынды: Жапырақтың бойында су бар.

5. Дәптермен жұмыс.
Жаңа сөздер: ине, жүрек, жұмыртқа тәрізді, көмірқышқыл газы, крахмал.
1. Сонымен бүгінгі сабағымызда немен таныстық?
- Жапырақ жапырақтың түрлері, қызметімен таныстық.
2. Жапырақ күзде неге сарғаяды?
- Ауа райы салқындағандықтан өсімдік суды аз сіңіреді. Күннің көзі аз түседі.
3. Қандай ағаштың жапырағы ине тәрізді? ( қарағай)
4. Жүрек тәрізді жапырақ қандай ағаштікі?
5. Қураған жапырақтың қандай пайдасы бар?
- Еңбек сабағында көбелек, тасбақа жасауға, табиғи материал ретінде қолдандық.
( жасаған жұмысты көрсету)
Жапырақтардың түсуі ағаштардың тіршілік бейімділігі деп аталады. Түскен жапырақ өсімдіктің тамырын суықтан қорғайды. Жапырақ иіріп топырақты құнарландырады.
- Балалар Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау» туралы заңы бар. Сол заңда табиғатты қорғау, оны таза ұстау әрбір адамның міндеті делінген екен. Сондықтан балалар сендер мектеп партасынан бастап табиғатты қорғауға, көгалдандыруға, ағаш, гүл егуге өз үлестеріңді қосуларың керек. Мүмкін біздің арамызда да ғалым, биолог, орманшы отырған шығар. Ауамыз таза болсын десеңдер, үйдің ауласына ағаш, бөлмеге гүл егіп отырғызғандарың дұрыс. алдағы сабақтарды өсімдіктердің басқа мүшелерімен танысамыз.
Бағалау:
Үйге тапсырма: Жапырақ мәтінін оқып, әңгімелеу. Жапырақ түрлерін салып келу
8 506
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту.
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту.
Оқушыларға үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу жайыңда түсінік беру.
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу
Өсімдікке ауа, жылу және жарық керек
Өсімдікке ауа, жылу және жарық керек
Оқушыларды байқағыштыққа, еңбексүйгіштікке бір - бірін құрметтеуге, жолдасының шешімін сыйлауға тәрбиелеу. Қоршаған ортаға қамқор болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Күзде жапырақтар неге сарғаяды және түседі?
Күзде жапырақтар неге сарғаяды және түседі?
Өсімдік мүшелерінің атқаратын қызметі жайлы түсінігін қалыптастыра отырып, пәнге қызығушылығын арттыру.
Үш таңбалы санға көбейту және бөлу
Үш таңбалы санға көбейту және бөлу
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы "№21 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ бастауыш сынып мұғалімі Сауытбаева Гүлмира Серікбайқызы
Күзде жапырақ неге сарғаяды және түседі?
Күзде жапырақ неге сарғаяды және түседі?
Атырау қаласы, Амангелді селосы Амангелді атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Урбисинова Маржан Кубегенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×