Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ормандағы оқиға

20 наурыз 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Ормандағы оқиға

Мақсаты: Қайнекей Жармағанбетов жайлы қысқаша түсінік беру, ертегідегі негізгі идеяны ұғындыру.
Міндеттері: 1. Достық, бірлік қарым - қатынастарының құндылықтары жайлы әңгімелесу
2. Ойын толық жеткізе білу шеберлігін дамыту.
3. Адалдыққа, әділеттілікке тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдері: сыни ойлау, топтық жұмыс, әңгімелесу және оқыту, бағалау
Күтілетін нәтиже: Достық, бірлік қарым қатынастарының маңыздылығын ұғынады, әлеуметтенеді, өзін өзі реттейді.
Ресурс: маркер, постер, плакат, суреттер, оқулық

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды сабаққа дайындау
II. Үй тапсырмасын тексеру: «Ең жақын кім адамға?» ТСҚ. 5 - 7 мин
III. Жаңа сабақ: а) топқа бөлу (3 мин)
- Бүгінгі сабағымыз топтық жұмыс түрінде өтеді ( сыныпты суреттерді құрастыру арқылы топтарға бөлу). Топпен жұмыс ережесін қайталау. Топтың аты мен ұранын құрау, жазу
Ә) қызығушылықты ояту - 5 мин.
- Қайың, қараағаш, тобылғы жайлы не білесіздер?
- Орман дегеніміз не?
- Ендеше қазір сіздер алдарыңыздағы плакаттың ортасын сызықпен бөліп, бір жағына табиғаттағы осы ағаштарды суреттеп жазасыздар.
1 - топ: Қайың
2 - топ: Қараағаш
3 - топ: Тобылғы
Топ жұмысын тыңдау

Б) мағынаны тану.
1. «Болжау» стратегиясы. Оқулықпен жұмыс - 10 мин
Қазір сіздер «Ормандағы оқиға» мәтінін оқисздар. Бұл әңгімеде сіздерге таныс, осыған дейін қолданылған барлық сөздер кездеседі. Сіздер бұл ертегіні бірнеше үзіліспен оқисыздар. Яғни мен тоқтатқанға дейін оқисыздар. Содан кейін сол оқылған бөлік бойынша талқылау жүргіземіз. Сондықтан әр сөйлемді зер салып оқу керек. Сонымен бірінші бөлікті бастаймыз (бір оқушы оқиды, қалғандары қол жүгіртіп қарап отырады) Тоқтатамын, талқылау:
- Бұл бөліктен не түсіндіңіздер?
- Ертегі немен жалғасуы мүмкін?
- Тобылғының сөзі қайыңға қалай әсер етеді деп ойлайсыздар?
- Ал, енді екінші бөлікті оқимыз. Тоқтатамын, талқылау:
- Бұл бөлікте не делінген?
- Алдыңғы сіздердің айтқан болжамдарыңызбен сәйкес келді ме?
- Енді не болады деп ойлайсыздар? Бұл ертегі немен аяқталуы мүмкін?
- Ал, енді үшінші бөлікті оқимыз. Тоқтатамын, талқылау:
- Бұл бөлікте не делінген?
- Алдыңғы сіздердің айтқан болжамдарыңызбен сәйкес келді ме?
- Екі ағаштың бір бірімен ренжісуіне не себеп болды?
- Қайың мен Қараағаштың қатты ашулануына Тобылғының қандай сөздері әсер етті деп ойлайсың?
- Қараағаштың қылығы көз алдыңа қандай адамды елестетті?
- Әңгіменің қай жері сіздерге әсер етті?
- Қандай сөздер қиын болды?
- Осы ертегіден көкейімізге не түйдік?
2. Сөздік жұмыс: Қосақ - сауу үшін ұзын арқанмен мойындарынан бір біріне тақап қосақтай байланған қой немесе ешкілер тобы.

IV. Жаңа сабақ бекіту: топтық тапсырма - 10 мин
- Сабақтың басында сіздер плакатқа табиғаттағы осы ертегідегі қайың, қараағаш, тобылғыны суреттедіңіздер. Енді сіздер ертегіге сүйене отырып осы үш ағаштың кейпіндегі адамдарды қалай суреттейсіздер соны айтып берсеңіздер және әр топ осы ертегідегі өздеріңізге ұнаған ағаштың суретін көз алдарыңызға елестете отырып, әр ағашқа «Бес жолды» өлең шығарсаңыздар.

V. Сабақты қорытындылау: 5 мин
- Бүгін қандай тақырып өттік?
- Адалдық, шыншылдық дегенді қалай түсінесіздер?
Рефлексия: - Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма?

VI. Үй тапсырмасын беру: 1 - топ: Оқиға желісін өзгертіп аяқта.
2 - топ: Ертегі бойынша сурет сал.
3 - топ: Осы ертегіге ұқсас ертегі жаз

VII. Бағалау (5 мин). Критерийлері:
1. Үй тапсырмасы
2. Топ жұмысына қатысу белсенділігі
3. Өз пікірін ашық айта алуы
4. Жұмыстың сапасы
4 459
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
"Ормандағы оқиға"
"Ормандағы оқиға"
Мақсаты: ақпарат көздерін тиімді пайдалана отырып, Қайнекей Жармағамбетовтың «Ормандағы оқиға» ертегісінің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Қайнекей Жармағамбетов. Ормандағы оқиға
Қайнекей Жармағамбетов. Ормандағы оқиға
Ақпарат көздерін тиімді пайдалана отырып, Қайнекей Жармағамбетовтың «Ормандағы оқиға» ертегісінің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Жолтай Әлмашұлы. Қауын мен Қарбыз
Жолтай Әлмашұлы. Қауын мен Қарбыз
ертегіде кездесетін оралымды сөз мағыналары ұшырасатын үзінділерді талдау арқылы ойлау қабілеттерін жетілдіреді;
Қайнекей Жармағанбетов «Ормандағы оқиға»
Қайнекей Жармағанбетов «Ормандағы оқиға»
Атырау облысы, Атырау қаласы Қ. Смағұлов орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Ажигалиева Гулзира
Қайнекей Жармағанбетов. «Ормандағы оқиға»
Қайнекей Жармағанбетов. «Ормандағы оқиға»
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы,Теректі ауылы, №1 Теректі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Садуова Қаламқас Құмарғалиқызы
Қ. Жарғамбетов «Ормандағы оқиға»
Қ. Жарғамбетов «Ормандағы оқиға»
Атырау қаласы, №35 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Уапова Жаңылсын
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×