Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жолтай Әлмашұлы. Қауын мен Қарбыз

04 қаңтар 2019, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 4 сынып
Сабақ атауы Жолтай Әлмашұлы. Қауын мен Қарбыз
Сабақтың мақсаты а) білімділік: оқушылар ертегі мазмұнымен таныса отырып, өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға үйренеді;
ә) дамытушылық: ертегіде кездесетін оралымды сөз мағыналары ұшырасатын үзінділерді талдау арқылы ойлау қабілеттерін жетілдіреді;
б) тәрбиелік: өсімдіктердің тіршілігіне қызығушылық таныта отырып, Жер - Ананың адамзатқа сый еткен байлықтарын бағалауды үйренеді.
Күтілетін нәтижелер Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істей алады, өз ойын жеткізе алады, сындарлы ойлай алады, есте сақтау, салыстыру қабілеттері дамиды.
Сабақта туындаған негізгі идеялар Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы баланың жан - жақты қабілетін арттыруға болады, неғұрлым терең ойланған сайын ынта күшейді. Ысырапшылдықтың – жаман қасиет екенінен мағлұмат алады.
Тапсырмалар Жеке, жұптық, топтық жұмыс, шығармашылық тапсырмалар
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер Әңгімелесу, талдау, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері

Мотивациялық - бағдарлау кезеңі
Кіріспе 2 минут
Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу.
А) Психологиялық дайындық
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі біздің ерекше
сабағымызға кітап, дәптер, қалам және әрине, көтеріңкі көңіл - күй керек.
Осы аталғандардың бәрі бүгінгі біздің аудиториямызда бар ма?
- Ия.
Бізге сабақ өтуге мүмкіндік бар екен. Ендеше, сабағымызды бастамас бұрын ойымызды жинақтап алайық.
Оқушыларды топқа бөлу. «Молекулалар» әдісі арқылы сыныпты үш топқа бөлу. Топтардың топ басшыларын, бағалаушыларды тағайындау. Бағалау парақшасын ұсыну.
Қызығушылықты ояту. Жұмбақ шешейік:
Бір шар бар кіріп - шығар есігі жоқ,
Су ішер, нан жемейді, тамағы жоқ.
Ішінде көп балапан етер мекен,
Ас қылып сойып жесең балдай екен. (Қарбыз)
Іші жұмсақ, сырты қатты,
Етті - секер, сүті - тәтті. (Қауын)
Бау - бақша күтуші, баптаушы адам. (Бағбан)
І топ: Қауын
ІІ топ: Бағбан
ІІІ топ: Қарбыз
Қарбыз Қауын Бағбан

Операциялық - орындаушылық кезең
- Балалар, әдебиеттік оқу пәнінен үйге қандай тапсырма берілді?
Шығарманы кешенді талдау:
1. Авторы: Қайнекей Жармағамбетов.
2. Тақырыбы: «Ормандағы оқиға».
3. Жанр түрі: ертегі.
4. Идеясы: араздаспау, достық қарым - қатынаста болу.
5. Ертегінің тәрбиелік мәні: достыққа адал болу, өтірік айтпау.
«Ормандағы оқиға» ертегісін бойынша түсінгендерін қорытындылау.
«Кубизм» әдісі арқылы өткен сабақты бекіту. Текшеге (кубикке) мынадай сұрақтар жазылады:
1. Ертегі авторы кім?
2. Екі ағаштың бір - бірімен ренжісуіне не себеп болды?
3. Қайың мен Қараағаштың ашулануына Тобылғының қандай сөздері әсер етті?
4. Тобылғының қылығы көз алдыңа қандай адамды елестетті?
5. Ертегіде қандай мәтел кездесті?
6. Бұл ертегіден ойыңа не түйесің?

Жамбыл облысы,
Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі білім бөлімінің
«Абай атындағы шағын орталықты орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шошабаева Сандуғаш Ерғалиқызы
Жолтай Әлмашұлы. Қауын мен Қарбыз. жүктеу
1 588
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жолтай Әлмашұлы. Қауын мен Қарбыз
Жолтай Әлмашұлы. Қауын мен Қарбыз
Іші жұмсақ, сырты қатты, Етті - секер, сүті - тәтті. (Қауын)
Ж. Әлмашев Қауын мен Қарбыз
Ж. Әлмашев Қауын мен Қарбыз
Өсімдіктердің тіршілігіне қызығушылық таныта отырып, Жер - Ана адамзатқа сай еткен байлықтарын бағалауды үйренеді.
Қауын мен қарбыз
Қауын мен қарбыз
Ертегіде кездесетін оралымды сөз мағынасын ұғындыру арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру, сабаққа қызығушылығын арттыру. Жер - ананың адамзатқа сый еткен байлықтарын бағалауға, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Ж. Әлмашев Қауын мен Қарбыз
Ж. Әлмашев Қауын мен Қарбыз
Оқушылар ертегі мазмұнымен таныса отырып, өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға үйренеді. Өсімдіктердің тіршілігіне қызығушылық таныта отырып, Жер - Ана адамзатқа сай еткен байлықтарын бағалауды үйренеді.
Қауын мен қарбыз
Қауын мен қарбыз
Ертегі мазмұнымен таныса отырып, өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға үйренеді. Жер - ананың адамзатқа сый еткен байлықтарын бағалауға, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Қауын мен Қарбыз
Қауын мен Қарбыз
Атырау облысы, Атырау қаласы, Қ. Смағұлов орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ажигалиева Гулзира Ажигалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×