Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жабайы және үй жануарлары

20 наурыз 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Жабайы және үй жануарлары
Сабақтың мақсаты: Өткен материалды еске түсіру, қайталау. Жаңа материалды меңгерту. Оқушыларға үй жануарларының пайдасы туралы әңгімелеу.
Білімділігі: Оқушыларға үй жануарларының пайдасы мен олардан келетін ауру түрлері туралы мәлімет беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып өз бетінше жұмыс істеуге машықтандыру. Ғылыми жұмыстармен жұмыс жасауға бағыт - бағдар беру.
Тәрбиелігі: Өз ойларын жүйелі түрде жинақтап жеткізуге дағдыландыру. Ұлтымыздың салт - дәстүрімен таныстыру.
Көрнекілігі: Жан - жануарлардың суреттері, слайд, плакаттар, семантикалық карта.
Сабақтың түрі: Дамыта оқыту
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, сайыс әдісін пайдалану
Пән аралық байланыс: Ана тілі, биология

Сабақтың барысы:
I - Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу, журнал бойынша сыныпты түгелдеу 2. Сабаққа керекті заттарды реттеу 3. Сабаққа көңіл бөлу 4. Топқа бөлу
I - топ: Бастау тобы
II - топ: Негізгі топ
III - топ: Ғылыми топ

Психологиялық дайындық:
Күн шуағын жинаймыз,
Достарымызға сыйлаймыз.

II Өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыру кезеңі
1 - кезең. Үй тапсырмасын семантикалық картаны толтыру арқылы тексеріледі.
Үй тапсырмасына ана тілі сабағынан өтілген «Үйшік» атты орыс ертегісі арқылы пысықтау.
1. Рөлге бөліп ойнау
2. Кейіпкерлерді атау
3. Әр кейіпкердің қай жануарлар тобына жататындығын анықтау
Мысалы: Қосмекенді – бақа,
Сүтқоректі – түлкі, қасқыр, аю
Кемірушілер – тышқан
Жыртқыш аңдар – қасқыр, түлкі

2 - кезең. Сұрақ - жауап
1. Сүтқоректі жануарлар туралы біз не білеміз?
I - топ
Жабайы аңдар мен малдар төлдерін емізіп, сүтпен қоректендіреді. Сондықтан оларды «Сүтқоректі жануарлар» деп атайды.
II - топ
Жер бетінде тек сүтқоректілердің ғана денесін түк (жүн) басқан. Қыстың суық айларында кейбіреулерінің жүні қалыңдайды. Сүтқоректілерді «жылықандылар» дейді. Себебі олардың денесі кез – келген ауа райында, термос сияқты, біркелкі температураны сақтап отырады.
III - топ
Жер үсті сүтқоректілерінің төрт аяғы болады. Ал теңіз сүтқоректілерінің аяқтарының орнында – жүзбекқанаттары бар. Көк кит – ең үлкен сүтқоректі жануар.

3 - кезең. Жабайы жануарлар деп неге атаймыз?
II - Топ
Жануарлардың бір тобы – жабайы аңдар. Жабайы аңдар табиғатта өздігінен тіршілік етуге бейімделген.
I - топ
Жабайы жануарлар – Жолбарыс, қасқыр, түлкі, аю, т. б
III - топ
Жабайы жануарлардың кейбір түрлері қыстың күні қысқы ұйқыға кетеді. Мысалы: аю бар жинаған қорегін табанның майы арқылы сақтайды, сондықтан аю ұйықтап жатып табанын жалайды.

4 - кезең. Жыртқыш жануарлар туралы біз не білеміз?
I - топ
Мысық, ит, ақкіс сияқты аңдарды құстарды аулап, ұстап жейтін жануарларды жыртқыш жануарлар дейміз
II - топ
Жыртқыштар жемін аңдып, бақылап, үлкен жылдамдықпен қуалап аулайды. Олар – арыстан, жолбарыс, қасқыр, түлкі, жапалақ т. б

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 755
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жануарлар әлемі
Жануарлар әлемі
Жабайы және үй жануарларының ерекше белгілерін анықтап білуге үйрету; жануарлар туралы сипаттама әңгіме құрастыруға үйрету.
Жабайы және үй жануарлары
Жабайы және үй жануарлары
Оқушыларды жабайы және үй жануарларымен таныстыру. Жануарлардың тіршілігі, пайдасы, мекендейтін ортасы және олардың төлдер туралы мағлұмат беру.
Үй жануарлары мен жабайы жануарлар. Сүтқоректілер.
Үй жануарлары мен жабайы жануарлар. Сүтқоректілер.
Жануарлар және олардың тіршілігі жайлы түсінік беру. Олардың да өсімдіктер сияқты алуан түрі бар екені туралы түсінік қалыптастыру
Үй жануарлары мен жабайы аңдар
Үй жануарлары мен жабайы аңдар
Бастауыш сынып мұғалімі: Изатова Замира Өміржанқызы
Жануарлардың көктемгі және қысқы мезгілдерге дайындығы
Жануарлардың көктемгі және қысқы мезгілдерге дайындығы
Жануарлардың көктемгі және қысқы мезгілге дайындығы тақырыбын оқушыларға жүйелі түрде меңгерту
Жабайы және үй жануарлары
Жабайы және үй жануарлары
Сабақтың мақсаты: А) Жылдам ойлауға қабілеттерін дамытып, дағдыландыру Ә) Оқушыларға жануарлардың пайдасы зор екенін айтып, әр түрлі мақал - мәтелдерден, жұмбақтардан көруге болатынын айтып, аңдарды аялауға тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×