Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Санды 4 - ке көбейту және бөлу

23 наурыз 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика 3 - сынып
Сабақтың тақырыбы: 4 - ке көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға санды 4 - ке көбейту және бөлу жолын түсіндіру;
2. Математикалық сөйлеу тілін, логикалық ой - өрісін, тапсырмаларды орындау біліктіліктерін, ізденушілік қабілеттерін дамыту;
3. Оқушыларды тапқырлыққа, байқағыштыққа, ой ұшқырлығына, белсенділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ түсіндіру
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ізденушілік, түрлі ойындар
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, кестелер, сызбалар, оқулық
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, музыка
Өткізілетін орны: компьютер кабинеті
Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі. Слайд.
Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын
Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын
«Ғылымдар патшасы»- деп дараланып,
Математика - қызыққа тоймайтұғын
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындық. (Орнымыздан тұрып, бүгінгі ашық сабағымызға бір - бірімізге сәттілік тілейік)
Психологиялық тренинг
Мұғалімнің сұрағы Оқушылардың жауабы
Әрбір адам - досым, сыныптасым
Әрбір сабақ - үйрену, оқу, іздену
Әрбір ісің - тіршілік, адамдық
Әрбір сөзің - шындық, бірлік, адалдық

КІРІСПЕ: Балалар биыл біздің еліміздің тәуелсіздік алғанына 20жыл толатынын сендер жақсы білесіңдер. 1 - қыркүйек күні өткізілген мерекелік сабағымызда атап айтқандай, биылғы барлық көрсеткіштеріміз осы Қазақстанның 20жылдық мерекесіне арналады. Бүгінгі математика сабағындағы еңбегіміз, жетістігіміз осы 20жылдық мерекеге арналады. Отанға деген ыстық ықыластарыңды қалай білдіре аласыңдар? (Менің Қазақстаным - өлеңдер шумағын оқу )
2. Үй тапсырмасын тексеру
- Үйде 2 мен 3 - ке көбейту және бөлу кестесін жаттап келу керек еді. Олай болса, тексеру жұмысы басталды. Менің көрсеткен қима қағаздарға жауап беріңдер.
- Ауызша «Кім тапқыр?» ойыны. Карточкамен жұмыс.

24: 3 Қызықты тапсырмалар. 1. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны - он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? 2. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? 3. Аулада тұрған әртүрлі көліктердің (жеңіл машина мотоцикл, велосипед) дөңгелектерінің саны - он болады. Аулада неше жеңіл машина, мотоцикл, велосипед тұр? Слайд.
«Артық санды тап» ойыны
2 4 5 6 8 9 10 12 14 15 16 18 20
3 6 9 10 12 15 18 19 21 24 27 28 30
8 12 16 20 24 28 32 33 36 40 – бұл жолда қандай заңдылық байқадыңдар?
- Дәптермен жұмыс. Көркем жазу. 104 108 112.. 116 120.. 128.. 132 210 214.. 222.. 230 140 136 132.. 124.. 116 112.. 104 Қандай заңдылық байқадыңдар? 3. Жаңа сабақ түсіндіру - Ондай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «4 - ке көбейту және бөлу»
- Сабағымыздың мақсаты: 4 - ке көбейту және бөлу жолдарымен танысу, көбейту кестесін меңгеру, ал сендер қандай мақсат қояр едіңдер?
- Қалай деп ойлайсыңдар санды 4 - ке көбейткенде және бөлгенде қандай өзгеріс байқауға болады?
Слайд. Көбейту кестесін толықтыр. Тақтамен жұмыс
4х4 =16 ------------- 5х4= 4х5 ------------- 5х4= 20 ---------- 4х4 = 4+4+4+4
4х5 =20 ------------- 6х4= 4х6 ------------- 6х4= 24 ---------- 4х5 = 4+4+4+4+4
4х6 =24 ------------- 7х4= 4х7 ------------- 7х4= 28 ---------- 4х6 = 4+4+4+4+4+4
............. -------------................. ------------................ -------------.................
.............. -----------................. -------------................ -------------................

- яғни, мынаны есте сақтау керек
16: 4= 4 себебі 4х4= 16; 32: 4= 8 себебі 8х4= 32
20: 4= 5 себебі 5х4= 20; 36: 4= 9 себебі 9х4= 36
24: 4= 6 себебі 6х4= 24; 40: 4= 10 себебі 10х4= 40
28: 4= 7 себебі 7х4= 28
4. Жаңа тақырыпты жетік меңгеру үшін логикалық есептер шығарып көрейік
А). Ағаш басында 3 торғай отыр еді, тағы 4 есе артық торғай келіп қонды. Ағашта барлығы неше торғай отыр?
Б). Алма ағашында 4 алма өсіп тұр, ал өрік ағашында 3 есе артық өрік өсіп тұр екен. Барлығы неше жеміс өсіп тұр?
В). Ұланға 8 дәптер бердім, ал Азаматқа 2 есе кем дәптер бердім. Азамат қанша дәптер алды?
Г). Анасы ұлына 20теңге, ал қызына 4есе кем берді. Анасы қызына қанша теңге берді? 5. Сергіту сәті Слайд. Хормен оқу, қайталау
Жасағанда жаттығу,
Керек емес аптығу.
1, 2, 3. 1, 2, 3.
Жинап алдық міне күш!

6. Оқулықпен жұмыс
№ 4, 5. Бос орынға тиісті сандарды қою
№ 6. Жұппен жұмыс. Кестені толтыр
№ 7. Дәмханада өзіңді қалай ұстайсың? Қалай тамақтану керек? Тәрбие сәті.
- Тәрбиелі, үлгілі, талапты, әдепті болсаң ғана 20 - жылдық Тәуелсіздік мерекесіне сен өз үлесіңді қосқаның. Осындай дамыған, өркениетті елде өмір сүріп, білім алып, өсіп келе жатқан, сендер ең бақытты баласыңдар.
Есепті талдау, қысқаша шартын құру, дәптерге жазу. Тақтада бір оқушы орындайды, оның дұрыстығын ассистент тексереді.
№ 9. А) Қабырғасы 4 см тең шаршының периметрін табу
Б) Периметрі 24см, 32см, 28см шаршылардың қабырғаларының ұзындығын табу

7. Слайд. «Сиқырлы сөз» ойыны
«80 - 48): 4 = (Р)
34+9*4 = (Х)
70 - 18: 2= (А)
7*4 - 28: 4 = (А)
9*4 - 28 = (М)
5*4 - 16: 4= (Т)
8. Сабақты қорыту. Бағалау. Бағалау парағы
9. Үйге тапсырма беру

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 890
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үш таңбалы санға көбейту және бөлу
Үш таңбалы санға көбейту және бөлу
Үш таңбалы санды көбейту және бөлуді меңгерту. Тапсырмаларды орындау арқылы логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
7 - ге көбейту және бөлу
7 - ге көбейту және бөлу
Оқушыларға 7 - ге көбейту және бөлу тәсілдері туралы білімдерін пысықтау, көбейту кестесін құруда көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдалануды үйрету.
Санды 2 - ге көбейту және бөлу кестесі
Санды 2 - ге көбейту және бөлу кестесі
2 - ге көбейту кестесін құрастыруды түсіндіру, көбейту кестесін дұрыс пайдалана білуін пысықтау; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; жауапкершілікке тәрбиелеу.
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау, білімдерін бекіту. Ауызша көбейту және бөлу дағдысын қалыптастыру, өз бетінше есептей білуге машықтандыру; Ұқыптылыққа, шапшаң есептей білуге тәрбиелеу;
Санды 9 - ға көбейту және бөлу
Санды 9 - ға көбейту және бөлу
Санды 9 - ға көбейту және бөлу кестесін біліп, түсінеді.
Санды 9 - ға көбейту кестесі
Санды 9 - ға көбейту кестесі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Алтынсарин атындағы №204 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Кеулімжай Мира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×