Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен оқушы атандым!

31 тамыз 2020, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Мен оқушы атандым!
Мақсаты: Мектеп, білім, алғашқы қоңырау ұғымдарының мағынасын түсіндіру. Білім алудың қажеттілігін ұғынуларына жағдай туғызу. Бір - бірімен, сыныппен, мұғаліммен таныстыру.
Көрнекілігі: Әріптер жазылған гүлдер, тақтаға ілінген сөздер:«Оқу - білім бұлағы, Білім - өмір - шырағы», «Мектеп - кеме, білім - теңіз», «Мектебің мынау - класың, Осында он жыл тұрасың, Тарыдай боп кіресің, Таудай болып шығасың!». Сынып іші шарлармен, гүлдермен безендірілген.

Мұғалім:
- Мектеп табалдырығын аттаған кішкентай ғана бүлдіршіндерім. Қадамдарыңа гүл бітсін.
Білім әлеміне қош келдіңіздер.
Айқара ашқан есігін
Қайнары білім нұрының
Мектебің алтын бесігің
Жылы ұяң, міне сыныбың.
Міне осы сыныпта сендер 4 жыл бойы білім мен тәрбие аласыңдар.
Ал енді Білім күніне арналған алғашқы сабағымызды бастайық. Бүгінгі сабаққа сендерге ертегілер елінен қонақтар келіп отыр. Олар батыр жігіт Ертөстік пен айдай сұлу Айсұлу қыз. Ендеше алдымен өзімізді осында келген қонақтарымызға таныстырайық.
- Тақтада әріптер жазылған гүлдер ілінген және үстелде ақылды, ажарлы, арманшыл, адал, білімді, көңілді, әдепті, еңбекқор, еңбекқұмар, елгезек, елжанды, намысшыл, жайдары, тәртіпті, тәрбиелі, рақымшыл, дарынды деп жазылған қағаздар дайындалған.
- Кімнің аты А әрпінен басталады?
Тақтаға Айдынгүл шығып өзінің әрпі жазылған гүлді және осы әріптен басталған сөзді таңдап алады да тақта алдында осы әріп пен сөзді алдына ұстап тұрады. Сонда
А яғни Айдынгүл - ақылды
Осылайша барлық балалар тақтаға шығып тұрғанша жалғасады. Мұғалім тағы бір рет дауыстап әрқайсысы жайлы оқып береді.
Айдынгүл - ақылды, Ақжан - ажарлы, Амиржан - арманшыл, Аяулым - адал, Бекзат - білімді, Күлсінай - көңілді, Әділжан - әдепті, Ернар - еңбекқор, Елдар - еңбекқұмар, Елік - елгезек, Еркежан - елжанды, Назерке - намысшыл, Жанерке - жайдары, Томирис - тәртіпті, Тахмина - тәрбиелі, Риза - рақымшыл, Данияр - дарынды.
- Өте тамаша. Барлығымыз бүгінгі оқушы атанған балалармен таныс болдық. Енді орындарыңа отыруларыңа болады.
- Аленді сабағымызға көшелік.
- Балалар біздің еліміз қалай аталады?
- Қазақстан.
- Мына суреттер бойынша кім әңгімелеп бере алады?
( елтаңба, ту, Елорда туралы балалар білетіндерін айтады, мұғалім толықтырады.)
- Өте жақсы.
- Кәне Отан, ел, туған жер туралы кім өлең оқып бере алады?

Қазақстан - Отаным
Туған жерім киелім
Арттырып даңқын, атағын
Туына бас иемін
Құрметтеймін жерімді
Өзен - көлін, нуын да.
Қастерлеймін елімді
Әнұранын туын да
Отанды біз атамекен
Деп аялап атаймыз
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.
Алтын дәнді даласы бар
Ақ күмістей қаласы бар
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
- Бәрекелді! Жарайсыңдар!
- Осындай тәуелсіз еліміздің сендер сияқты талай бүлдіршіндері бүгін мектеп партасына отырып оқушы атанды.
- Ал сендер мектепке не үшін келдіңдер?
- білім алу үшін, жазу үшін, оқып үйренуге, сурет салуды үйренуге т. б.
- мектепке бару үшін қандай оқу құралдары қажет екенін білесіңдер ме? Ол туралы сендермен Ертөстік ойын өткізгісі келеді. Ертөстіктің сандығында түрлі заттар бар. Қазір мен бір - бірлеп осы заттарды аламын. Егер осы зат оқу құралы болса шапалақтайсыңдар, ал басқа зат болса үндемейсіңдер.
- Бәрекелді балалар. Ертөстік сендерге өте риза. Оқу құралдарын түгел таниды екенсіңдер
- Бүгін сендерге келген Айсұлу да құр қол келмеген екен. Айсұлу сендерге өзінің жұмбақтарын ала келіпті. Жұмбақты шешу үшін алдымен мына Айсұлудың қоржынан қажет тапсырманы аламыз. Сосын оны шешеміз.
Жұмбақтар
Бiлiмнен мол сый - асы,
Балғындардың ұясы. (Мектеп)

Бiлiмнiң жол басшысы,
Шәкiрттiң қолбасшысы. (Мұғалiм)

Шәкiртке жанашыр,
Мейiрман кiм, жаны асыл? (Ұстаз)

Ұшымен қазық
Тор көздi жазық.
Үстiне өттiм,
Асыл сөз жазып. (Дәптер)

Кiшкене құдықтан,
Найза ұшты шыбығым,
Су iшiп құныққан. (Сиясауыт)

Қысқа таяқ дiңi бар,
Шиырлаған iзiнде
Сайрап тұрар тiлi бар. (Қарындаш)

Тiл жоқ өзiнде,
Сөзi бар iзiнде. (Қаламсап)

Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Новомарковка ауылы
бастауыш сынып мұғалімі Қайырбекқызы Динара

Толық нұсқасын жүктеу
30 356
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сценарий: Бастауышым – балдәуренім
Сценарий: Бастауышым – балдәуренім
Бастауышым--балдәуренім. Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің сценарийі
Мен оқушы атандым!
Мен оқушы атандым!
Мектеп, білім, алғашқы қоңырау ұғымдарының мағынасын түсіндіру. Білім алудың қажеттілігін ұғынуларына жағдай туғызу. Бір - бірімен, сыныппен, мұғаліммен таныстыру.
Алғашқы қоңырау мерекесі
Алғашқы қоңырау мерекесі
Музыка әуенімен ойнап келе жатқан балалар дауысы естіледі. Осы кезде 2 - 3 балдырған (қолдарында добы, қуыршағы, машинасы бар) өзара таласып келіп ортаға кіреді.
Қош бол, бастауыш мектеп!
Қош бол, бастауыш мектеп!
Оқушылардың төрт жылда қандай жетістіктерге жеткенін көрсетіп өнер - білімдерін бағалау.
Қош бол, құтты Әліппем
Қош бол, құтты Әліппем
Атырау облысы, Атырау қаласы, №2 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Куанова Анар Аманкайыровна
Алғашқы қоңырау!
Алғашқы қоңырау!
Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы, «Бейнеу лицейі» ММ мұғалімі Әжібаева Гүлназ Айтжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×