Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шерхан Мұртаза. Бала Тұрар

21 сәуір 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ш. Мұртаза Бала Тұрар
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ш. Мұртазаның «Бала тұрар» атты әңгімесі бойынша қазақтың мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлбеков өмірімен таныстыру.
Дамытушылығы: Оқып ізденіп жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білуге қасиетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Отан сүйгіштікке, елін қорғайтын шыншыл азамат болуға тәрбиелеу.
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: сұрақ жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: Суреттер, карта

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, әңгімеге зер салыңдар.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Б. Тұрсынбаев Алғашқы көмек
Қансонар бірінші жауған қарды, аңшылы(«Сонар» алғашқы жауған қар деп атайды.)
Үй тапсырмасын пысықтау
Қазақстанда қандай аңдарды аулауға тиым салынған?

IY. Мақсат қою кезеңі:
1. Сабақтың мақсатын тақырыбын хабарлау.
2. Жаңа сабаққа даярлығын тексеру. 2 - 3 сыныптарда Ш. Мұртазаның қандай әңгімелерін білесіңдер?
«Бала Тұрар», «Интернат қоймасы», «Қызыл жебе»
Y Жаңа сабақты меңгерту
Кіріспе Шерхан Мұртаза туралы қысқаша түсінік.
Шерхан Мұртаза: 1932жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген. Оның «Қызыл жебе» романы, «Белгісіз солдат» романы, «Қара Маржан» деген романдары болған.
- Ал енді Тұрар Рысұлбеков туралы не білеміз? - Тұрар қандай бала болған?
Тұрар зерек бала екен. Тұрар Рысқұлбеков 1894ж - 1943ж Мемлекет және қоғам қайраткері. 1916 жылы төңкеріске қатысушы. Қазіргі Алматы облысы Талғар ауданында дүниеге келген. 1907ж - 1910ж Тұрар Рысқұлбеков мерекедегі орыс қазақ бастауыш мектебінде ал 1910ж - 1914ж Пішкек (қаз Бішкек) ауыл шаруашылық училищесінде оқиды. Бау-бақша мамандығын алады.
Қазақстанда болып жатқан аштық, оның себептері туралы Сталинге ашық хат жазған алғаш тұрар Рысқұлбеков еді.
ә) Репрессия деген не? Репрессия мемлекеттің өз азаматтарына қолданылатын қатаң жазалау шарасы.
б) 1937ж - 1938жылдары қазақ зиялылары Кеңес үкіметіне қарсы үміт насихат жүргізді деген айыппен қудаланып, репрессияға ұшырады. 105 мың адам қамауға алынып, оның 22мыңы атылды. Белгілі жазушы Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе», романынан келтірілген үзіндінің жалғасын оқу арқылы Тұрардың жарқын бейнесімен танысуды жалғастырамыз.

YI. Романның үзіндісін түсініп жалғастырып оқу. Мәтінді оқушыларға бөліп оқыту.
Картамен жұмыс
(Азия, Европа, Африка, Америка, Австралия, Антариктида, Россия)
Тұрардың фамилиясы Қырғызбаев болып өзгергенін себебі неде?
YII. Дәптермен жұмыс
Тұрар Рысқұлбеков 1894жылы 26желтоқанда Жетісу облысы Верный уезіне қарасты Шығыс Талғар болысында дүниеге келген.
Әкесі - Рысқұл Жылқыайдарұлы Қарапайым шаруа. Қиргиз.
YIII. Сергіту сәті
Әке тілін аламын,
Ана тілін аламын.
Жақсы оқу мақсатым,
Таудай үлкен талабым.

IX. Сөздік жұмысы
Тілмаш, Писарь, Аспара
X. Шығармашылық жұмыс
Тұрар туралы шағын әңгіме жазу

XI. Ой толғаныс
Т - тәртіпті
Ұ - ұқыпты
Р - риалды
А - адам
Р - ризалады
XII «Бес жол өлең» стратегиясы
Зат есім --------- Тұрар
Сын есім ------- ержүрек, зерек
Етістік ---------- оқыды, жазды,
Сөйлем Тұрар Сталинге хат жазған.
Ақын

XIII Сұраққа жауап
Картадан қандай елдермен таныстық?
Тұрардың фамилиясы Қырғызбаев болып өзгерген себебін білесің бе?
«Сибирь» деген кезде Тұрар неге елең ете қалды?
Сахнаиен аралын неге сұрады деп ойлайсың?
Әңгіме соңында жазушы қоңырау сылдыры неге ұқсап кетті деп жазады? Бұл сөздің астарынан не түсіндің?

XIY. Қорыту
Біз нені үйрендік? Елдердің, көлдердің аттарын дәптерге жаз.
Үйге. Мәтіннің мазмұнын айту
29 736
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ш. Мұртаза «Тұтқын бала». Бала Тұрар бейнесі
Ш. Мұртаза «Тұтқын бала». Бала Тұрар бейнесі
Бала Тұрар бейнесін жан – жақты ашу. Сыни ойлау көзқарасын дамыта отырып, әңгіменің мағынасын түсіну, өздігінен жұмыс істеуге, оқығаннан қорытынды шығаруға, байланыстырып сөйлеуге дамыту. Есте сақтау мен дүниетанымын кеңейту.
Шерхан Мұртаза «Жүз жылдық жара» (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Шерхан Мұртаза «Жүз жылдық жара» (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Шерхан Мұртазаның өмірбаянын шығармасына негіздей отырып талдау арқылы оның қайталанбас суреткер екенін таныту; Өнерді сүю, өнерге құштарлық тәрізді өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру
"Құрманғазы" Сәуірбек Бақбергенов
"Құрманғазы" Сәуірбек Бақбергенов
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Майтөбе ОМ МДШО - ның Бастауыш сынып мұғалімі Бакажанова Сания Танирбергенқызы
Шерхан Мұртаза. Интернат қоймасы
Шерхан Мұртаза. Интернат қоймасы
Қарағанды қаласы, «№92 гимназия» КММ бастауыш сынып мұғалімі Қаймолла Айнұр Төлеуғазықызы
Әдебиеттен қысқа мерзімді жоспар (6 сынып)
Әдебиеттен қысқа мерзімді жоспар (6 сынып)
Астана қаласы, № 8 орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Тоқтамысова Арай Тоқтамысовна
Интернат қоймасы
Интернат қоймасы
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Алга селосы бастауыш сынып мұғалімі Қуанышева Ботакөз
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×