Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шерхан Мұртаза. Интернат қоймасы

10 ақпан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 3 сынып
Тақырыбы: Шерхан Мұртаза. Интернат қоймасы

Қолданылған модуль: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру, сабақта АКТ - ны пайдалану, оқытуды басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға автор туралы, Тұрар Рысқұлов туралы әңгімелеу. Мәтіннің идеялық мазмұнын ашып көрсетіп, ұғындыру
Дамытушылық: Оқушының мәтінге мағыналық талдау жүргізу машығын, қисынды ойлау білігін дамыту. Топта жұмыс істеуге үйрету.
Тәрбиелік: Жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелеу.

Мұғалімнің іс - әрекеті:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Қызығушылықты ояту
Шаттық шеңбері
Психологиялық дайындық
- Қазір кімнің көңіл - күйі өте тамаша, қол көтерсін!
- Кімнің досы осы сыныпта отыр, қолын шапалақтасын!
- Кім өз - өзіне сенімді, қол көтерсін!
- Бүгін біздер сабақта не істейтінімізді білетін бала қолын шапалақтасын!
- Қазір не істейтінімізді білмейтін бала қол көтерсін!

Оқушыларды топтарға бөлу

3. Үй тапсырмасын сұрау.
- «аштық, кедейлік мүлде болмас үшін не істеуге болады» деген сұраққа дайындалып келуге тапсырма берілген болатын. Кім өз пікірін айтады?
Үш топқа бөлініп, топпен жұмыс жүргізу.
І топ «Ойшылдар»
«Бәрі де шықпа, жаным, шықпа»деп отырған секілді,- деген сөйлем қай әңгімеден алынған?
ІІ топ «Алғырлар»
«Азаттық жолында» әңгімесін қысқаша түсіндіріп бер.
ІІІ топ «Білгірлер»
Күзгі түн, шөптің басын қырау көмген,
Ызғар шашып, бұлт мынау жерге төнген.
Қараңғы, итпен бірге қой күзетіп,
Мен ояу, ел ұйқыда, оттар сөнген. деген өлең жолдарының авторы кім?
IV топ «Тапқырлар»
Езілген қазақ елінің
Бағы үшін туған ер.
Қалың қазақ елінің
Кегін қанмен жуған ер. – деген өлеңнің авторы кім? Кім туралы?

4. Болжау:
Балалар тақтаға назар аударайық. Бұл ребусты шешеміз
Сөздерді талдау:
- Интернат деген не?
- Интернат – шалғайда тұратын балаларға арналған мектеп.
- Қойма деген не?
- Қойма – әр түрлі заттарды сақтайтын орын.
5. Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы мен, мақсатымен таныстыру.
Қазақстанда болып жатқан аштық, оның себептері туралыСталинге ашық хат жазған адам Тұрар Рысқұлов еді.
Ол кім?
Бұл сұраққа жауап беру үшін мына бір сөйлемдерге назар аударайық, еске түсірейік.
Тақтада: «Иван Владимирович» «Аспара. Қызыл жебе. Көке»
«Жоқ, шынтақ жеңінен жылтыңдап қарамайды, оған надандық үңіліп қарайды»
- Бұл шығарма кім туралы еді?
- Тұрар Рысқұлов.
- Шығарма қалай аталады?
- Шығарма «Бала Тұрар» деп аталады.
- Тұрар Рысқұлов туралы не білеміз топтастырайық.
Өтіп жатқан тарауымыз қалай аталады?.
-«Ата - бабам тарихы – менің тарихым»
- Ендеше, бүгінгі сабақта осы тарихи тұлғалардың бірі туралы білеміз. Тұрар Рысқұлов туралы бейнебаян

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу.
Бүгінгі сабағымызда Шерхан Мұртазаның «Интернат қоймасы» әңгімесімен танысамыз.

6 Оқулықпен жұмыс:
«Интернат қоймасы» мәтінін оқып түсіндіру. Сөздікпен жұмыс
Сұрақ - жауап:
1 Әңгіме кім туралы?
2 Тұрар Серікті неліктен сұраққа алды?
3 Серік неліктен шындықты айтуға мәжбүр болды?
4 Тұрар мен Қабылбек қандай шешім қабылдады?
Сен олардың орнында болсаң не істер едің?

Топтарға тапсырма:
І топ. Мәтіннің соңғы азат жолын қайталап оқы. Өз сөзіңмен түсіндіріп көр.
ІІ топ. Әңгімеге қатысушы балаларды сипатта. Іс - әрекеттеріне баға бер.
ІІІ топ. Әңгімеге басқаша тағы қандай ат қояр едің? Неге солай атағаныңды дәлелде.
IV топ. Серікке ара түскен Тұрар кейін Сталинге неліктен хат жолдады?

7. Сергіту сәті «Көңілді күн».

8. Бекіту
- Мәтін ұнады ма?
- Қандай кейіпкерлер естеріңде қалды?
- Олар қандай іс - әрекеттерімен қызықтырады?
Не білдік? Не үйрендік? Кестесі топтарға таратылады

9. Үйге тапсырма
Мәтінді оқып, әңгімелеуге дайындалып келу

10. Рефлексия
Көңіл - күйді білдіретін суреттер арқылы оқушыларды бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 209
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ш. Мұртаза «Тұтқын бала». Бала Тұрар бейнесі
Ш. Мұртаза «Тұтқын бала». Бала Тұрар бейнесі
Бала Тұрар бейнесін жан – жақты ашу. Сыни ойлау көзқарасын дамыта отырып, әңгіменің мағынасын түсіну, өздігінен жұмыс істеуге, оқығаннан қорытынды шығаруға, байланыстырып сөйлеуге дамыту. Есте сақтау мен дүниетанымын кеңейту.
Терең су
Терең су
Мәтіннің мазмұнын оқушыларға меңгерту, өз ойларын ашық айтуға және сабақта ашық сұрақтар қоюға үйрету
Ш. Мұртаза Интернат қоймасы. Қысқа мерзімді жоспар
Ш. Мұртаза Интернат қоймасы. Қысқа мерзімді жоспар
Т. Рысқұлов өмірі жайлы 2 - сыныпта оқығанды еске түсіре отырып, Ш. Мұртазаның Интернат қоймасы әңгімесін түсініп оқуға, жеткізе білуге үйрету.
Қазақстан – ортақ үйіміз
Қазақстан – ортақ үйіміз
Қазақстан мемлекеті туралы білімдерін тереңдету; Болашақты жасайтын – қазіргі жастар екенін ұқтыру;
Халықтар достығы
Халықтар достығы
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласындағы №1 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі Бекетова Торгын Аманбаевна
Интернат қоймасы
Интернат қоймасы
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Алга селосы бастауыш сынып мұғалімі Қуанышева Ботакөз
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×