Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шерхан Мұртаза «Жүз жылдық жара» (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)

15 қыркүйек 2016, Бейсенбі
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 7 сынып
Тақырыптар:
51 - сабақ. Шерхан Мұртаза «Жүз жылдық жара»
52 - сабақ. Қ. Ысқақ «Қоңыр күз еді»
53 - сабақ. Қадыр Мырза әлі «Кәрі қыран»
54 - сабақ. C. Мұратбеков «Жусан иісі»
55 - сабақ. Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат»

Қазақ әдебиеті 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Шерхан Мұртаза
«Жүз жылдық жара»
Сабақтың мақсаты:
а) Ш. Мұртазаның өмірбаянын шығармасына негіздей отырып талдау арқылы оның қайталанбас суреткер екенін таныту;
ә) өнерді сүю, өнерге құштарлық тәрізді өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру;
б) қаламгердің суреткер ретіндегі мүмкіншілігін таныту, идеялық - эстетикалық мәнін ашу, логикалық ойларын дамыту;
Сабақтың түрі: жаңа білім - білік, дағды қалыптастыру
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, мәнерлеп оқу, т. б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары, кестелері, портреті, шығармалары т. б
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
1. Ұлы Отан соғысы жайында не білесіңдер?
2. Дерек бойынша оған Қазақстаннан қанша жауынгер қатысты?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Шерхан Мұртазаның өмірінен мәлімет беру.
Әңгімелері: «Бұлтсыз күнгі найзағай», «Мылтықсыз майдан», «Табылған теңіз», «Интернат наны», «41 - жылғы келіншек», «Шекшек шырылдайды», «Айырбас», «Ақсай, Көксай», «Бойтұмар», «Сусамыр» «Жүз жылдық жара» т. б
«Жүз жылдық жара» әңгімесін түсіндіріп құрылысына қарай талдап беремін.
Дәптермен жұмыс: Әңгіме мазмұнында аталған тал - теректердің, шөптердің атауларын дәптерлеріне жазып алады.
Топпен жұмыс: Кейіпкерлердің бейнесін құрастырыңдар (Кенжекүл, Ахмет, Жуанқұл, Дадабай, Қабасақал)
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1. Шығармада баяндалатын уақиға қай жылдары, қандай жағдайда байланысты өтеді?
2. Мыңбұлақ аулын жазушы қалай суреттейді?
3. Бахтияр бағы, оның тал - теректері мен шипалы шөптері туралы не айтылады?
4. Орман ортасындағы кішкентай көлшік қалай суреттеледі?
5. Мыңбұлақтың бөркінің төбесіндей боп Байшынар неге жалғыз қалды?
6. Жуанқұл мен Дадабай, Қабасақалдар кімдер?
7. Жуанқұлдың тағдыры сендерді қандай ойға жетелейді?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ш. Мұртазаның «Жүз жылдық жара» әңгімесі бойынша орман ортасындағы кішкене көлшіктің суретін салып келеді. «Байшынар неге күңіренеді?» тақырыбына шығарма жазады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
4 865
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қ. Ысқақ «Қоңыр күз еді»повесінен үзінді.
Қ. Ысқақ «Қоңыр күз еді»повесінен үзінді.
Қ. Ысқақовтың өмірбаянын шығармасына негіздей отырып талдау арқылы оның қайталанбас суреткер екенін таныту;
Әдебиеттен қысқа мерзімді жоспар (6 сынып)
Әдебиеттен қысқа мерзімді жоспар (6 сынып)
Астана қаласы, № 8 орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Тоқтамысова Арай Тоқтамысовна
Бөрте мен Зөре
Бөрте мен Зөре
Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, С. Қожанов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бөріқұлақова Ботакөз
Шерхан Мұртаза «Жүз жылдық жара»
Шерхан Мұртаза «Жүз жылдық жара»
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №8 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А. Ж. Бисембаева
Қазақ прозасы әлемінде
Қазақ прозасы әлемінде
Оңтүстік Қазақстан облысы, № 25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Қуандықова Гүлжамал
Жүсіпбек Аймауытов  «Әнші»
Жүсіпбек Аймауытов «Әнші»
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Мойылды ауылы, Горячкин негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Хамзина Армангүл Серікқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×