Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Құрманғазы" Сәуірбек Бақбергенов

20 ақпан 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Құрманғазы. Сәуірбек Бақбергенов.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Сәуірбек Бақбергеновтің «Құрманғазы» атты әңгімесі бойынша қазақтың ұлы күйші - композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының өмірімен таныстыру.
Дамытушылық: оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білу қасиетін дамыту;
Тәрбиелік: Отан сүйгіш, елін қорғайтын, өнерін сыйлайтын азамат болуға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ, жаңа материалды меңгерту.
Әдісі: түсіндірмелі, талдау, әңгімелеу, тірек - сызба.
Көрнекілігі: суреттер, тірек - сызба кестелер, кубизм әдісі.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Сабағымыз басталды,
Балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар,
Сабаққа зер салыңдар.
Жақсылардан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Қажымұқан Мұңайтпасұлы – қазақтың әлемге әйгілі палуаны. Жер шарының жиырма төрт елін аралап, талай - талай атақты палуандармен белдескен. Алтыны, күмісі бар – барлығы 48 медаль алған.
1. Сайыс қай қалада өтеді?(Харбин).
2. Жапон палуаны Сар - Кек Ки қандай шарт қойды? Жапон күресі «Жиб - Жицамен» күресем деді.)
3. Көрушілер арасында неліктен қобалжу болды?
4. Жиб - Жица күресінің тәртібі қандай екен.
5. Қажымұқан бұл күрестен жеңді ме?
6. Дядя Иван мектебінен қалыптасып шыққан сұлу әдемі жігіттің келбетіне қандай таңбалар түсті деп ойлайсың?
7. Сар - Кек Киге, берілген мінездеме. (Күйгелек, ызақор, кек сақтағыш мінезі бар, көп сөз, күлкіні жеп көретін палуан.)

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2. Жаңа сабаққа даярлық.
Көпір тапсырмасы:
Құрманғазы Сағырбайұлы жайлы не білесің?
Ол кім?

Ү. Жаңа сабақ: Тірек – сызба арқылы түсіндіру.
1. Кіріспе. Құрманғазы Сағырбайұлы – қазақтың ұлы күйші - композиторы. Құрманғазы Сағырбайұлының өмір сүрген уақыты мейлінше қиын кезең еді. Оған «патшаға қарсы халықты үгіттеді» деген кінә тағылып, екі рет тұтқындап, түрмеге жапқан. Күйшінің қатал тағдырдың талқысына түскен бір сәті жазушы Сәуірбек Бақбергеновтің «Құрманғазы» деп аталатын әңгімесінде баяндалады.

2. Әңгімені түсініп, жалғастырып оқу. Түсінгенін әңгімелеу.

3. Сөздік жұмыс.
Суыт – асығыс.
Кілтипандарын – құпиясын.
Жігері құм болды – дәрменсіз күйге түсті.
Құқай – бұл жерде: қиындық.
Шылау – жүгеннің шаужайы, шылбыры.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:
1. Құрманғазы Динаға қандай әңгіме айтты?
2. Күйшінің бұл әңгімесінен оның өмірі жөнінде не түсіндің?
3. Құрманғазының анасына арнап шығарған күйі қалай аталады?
4. Бүл күйді қай кезде шығарған?
5. Күйшіні не үшін тұтқынға алып, қолын байлаған кездегі Динаның көңіл күйі қандай болғанын мәтіннен тауып оқы.
6. Құрманғазының түрмеге кетердегі сөзін дауыс ырғағына келтіріп оқы. Бұл сөзді оқығанда өзің қандай сезімде болдың.
Дәптер мен жұмыс:
Кенже сен біздің ауылға хабаршы жібер, болған жайдың бәрін айт. Күйзелмесін, күңіренбесін, артын күтсін ақ істің!
Дәптерге әдемілеп жаз.
Құрманғазының күйлері. «Түрмеден қашқан», «Бозшолақ», «Кісен ашқан»,
«Қайран шешем» және т. б.

5. Сергіту сәті.
Домбырам күмбірлеп,
Күй шерте аламын.
Бұрала би билеп,
Суретте саламын.

6. Күй тыңдау. «Қайран шешем» күйі орындады...
Кубизм әдісі бойынша сұрақ - жауап қойып жауап алу арқылы жаңа сабақты қорытындылау.
1. Құрманғазы Сағырбайұлы кім?
2. Құрманғазы Сағырбайұлының қандай күйлерін білесің?
3. Құрманғазы күйлері арқылы не суреттейді?
4. Құрманғазының ұстазы кім болған?
5. Құрманғазы домбырасын кімге сыйға тартты?
Бағалау:
Үйге тапсырма: Мазмұны және Құрманғазы туралы мәліметтер жинақтау.
6 300
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Халыққа жеткіз күйімді
Халыққа жеткіз күйімді
Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлымен Дина Нұрпейісовамен таныстыру Мәтінді түсініп оқуға, мазмұнын айта білуге баулу сыни тұрғыдан ойлауды дамыту және таланттарын ашу.
Құрманғазы
Құрманғазы
Құрманғазының өмірімен оның шығармаларымен таныстыру, мәтіннен қиын сөздерді таба алуға үйрету. Мәнерлеп оқу дағдысын арттыру. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту.
Құрманғазы
Құрманғазы
«Құрманғазы» мәтініне түсініктеме беру. Құрманғазы Сағырбайұлы туралы қосымша тереңірек ақпарат беру. Оның өмірі мен шығармашылығын білуге қызығушылықтарын туғызу.
Құрманғазы
Құрманғазы
Атырау қаласының жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Хасанова Галя Санахқызы
Сәуірбек Бақбергенов “Құрманғазы”
Сәуірбек Бақбергенов “Құрманғазы”
Атырау қаласының Жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Баймурзиева Нұрғаным Баймурзиевна
Жиб - Жица күресі. Қалмақан Әбдіқадыров
Жиб - Жица күресі. Қалмақан Әбдіқадыров
Атырау қаласы, Амангелді селосы, Амангелді атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мурсалимова Эльвира Ғабитқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×