Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Интернат қоймасы

21 қаңтар 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі. Ашық сабақ
Тақырыбы: Интернат қоймасы. Шерхан Мұртаза
Мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға Тұрар Рысқұлов өмірі жайлы 2 класта оқығанды еске түсіре отырып, Шерхан Мұртазаның Интернат қоймасы әңгімесін түсініп оқуға, жеткізе білуге үйрету;
Дамытушылығы: сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік мәні: шыншылдыққа, батылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, іздену.
Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Сабаққа дайындық:
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. С. Торайғыров.(1893 - 1920 ж) Кедей.
С.. Торайғыров - қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы аса көрнекті ақыны, ғажап ақыл - ойшысы. Ол - ұлы Абай дәстүрін жалғастырушы. Ол - қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тұлғасы.
1. Мәнерлеп оқу. 2. Жатқа айту 3. шығармашылық тапсырма. Қазір кедей адам барма?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Үй тапсырмасын пысықтау үшін сиқырлы қораптың ішінде берілген тапсырманы орындауымыз керек.
- Бұл өлеңді ақын неліктен «Кедей» деп атаған?
- Кедей деп кімдерді атаған? Жыртылған, тозған бүтін киімі жоқ, қара судан басқа ішер асы жоқ,
- Кедейдің ауыр өмірін қалай бейнелеген? қараңғыда итпен бірге қой күзеткен, ел ұйқыда жатса мен ояумын делінген, бүтін, кірсіз киім кимесем де талай жасқа шыққаны туралы айтылған
- Бұл оқиға қай кезде болған?
- Аштық, кедейлік мүлде болмас үшін не істеуге болады? Мысалы: менің ойымша еңбек ету керек.
- кедейдің қандай құқығы қорғалмады? бай еңбек ақысын төлемеді, кемсітті, менсінбеді.
«Атадан асыл ұл туса, елінің қамын жейді»,- деп халық даналығында айтылғандай, қазақ халқы тарихында елі үшін еңіреген, халқы үшін күңіренген ұлдар аз болған жоқ. Солардың бірі Тұрар Рысқұлов Мінекей балалар кедейшілік болмасын деп
Қазақстанда болып жатқан аштық, оның себептері туралы Сталинге ашық хат жазған алғашқы адам Тұрар Рысқұлов еді. Тұрардың хатында былай делінген:
Осы мақсатпен мен ВКП (б) Орталық Комитетіне осы баяндау хатты жаздым. Ондағы мақсат – бұл мәселеге басшы жолдастардың назарын жете аударып, Қазақстанға көмектесу. Сіз мені Қазақстанның ішкі істеріне қол сұққысы келеді екен деп ойлап қалмаңыз, мен қойылып отырған мәселе тек Қазақстан тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге жалпы мемлекеттік тұрғыдан да айрықша маңызды болғандықтан, бұл мәселе жөнінде ВКП (б) Орталық Комитетіне жазып отырмын.
Сіз осы баяндау хатпен танысып, онда айтылған ой - пікірлерді ескереді деп үміт етемін.
Коммунистік сәлеммен Т. Рысқұлов
Т. Рысқұлов 1894 жылы 26 желтоқсанда Жетісу облысы дүниеге келген. Т. Рысқұлов революционер, көрнекті мемлекет, қоғам қайраткері. Т. Рысқұлов халқын шексіз сүйген патриот.
1918 жылдан 1937 жылдарға дейін әр түрлі мемлекеттік басшылық қызметте болды.
1937 - 1938 жылдары Т. Рысқұлов қуғын - сүргінге ұшырады. 1937 жылы мамыр айында Кисловодскіде әйелі Әзизамен демалып жатқан жерінде «Халық жауы» деген жаламен қамалады.
1938 жылы 10 ақпанда Т. Рысқұлов ату жазасына кесілді.
Т. Рысқұловтың отбасы жайында айтатын болсақ: 2 қызы қалған. Үлкені Софья, кішісі Майя.
София Тұрарқызы1923 жылы туған. Орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі. Софья апамыз 1998 жылы қайтыс болған. Майя Тұрарқызы 1929 жылы туған. Қазір жасы 84 - те.

ІҮ. Ой – қозғау: Есіңе түсір. «Қызыл жебе» романы жайлы 2 класта қандай үзінді оқыдық?
Ендеше осы романның «Бала Тұрар» тарауы бойынша Тұрар бейнесін ашу мақсатында білімімізді ортаға салайық. (« Бала Тұрар» Шерхан Мұртаза) «Қызыл жебе» мәтінін талдау.
Мәтіннің кейіпкерлерін ата: Рысқұл Тұрардың әкесі,
Тұрар Рысқұлдың баласы,
И. Владимирович – мұғалім
Атамырза – Айбар мырзаның ұлы
Берілген сұрақтар бойынша шығарма мазмұнын еске түсіру:
- Мұғалім тұрардың дәптерінен нені байқады?
- Тұрар дәптеріне не деп жазды?
- Тұрарды тақтаға не үшін шығарды?
- Күлкі шақырған не нәрсе?
- Тұрардан соң тақтаға кімді шығарды?
- Мұғалімнің бағасы қандай?

Ү. Мақсат қою кезеңі:
1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2. Жаңа сабаққа даярлық.
ҮІ. Жаңа сабақ: Жаңа материалмен жұмыс: Ендеше, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы:
Интернат қоймасы. Шерхан Мұртаза
Енді Шерхан Мұртаза туралы айтамын: 1932 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ топырағында туған. Әкесі Мұртаза 1937 ж. сталиндік репрессияның құрбаны болып кетті.
1955ж. Мәскеудің мемлекеттік Ломоносов атындағы университетін бітіріп шығады.
Қ Жазушының әр жылдары “Табылған теңіз”,“Белгісіз солдаттың баласы”,“Ахметжанның анты”,“Мылтықсыз майдан”повестері,“ Интернат наны”әңгімелері, “ Қара маржан”, бес кітаптан тұратын “ Қызыл жебе”, “ Ай мен Айша ” романдары, шығармаларының төрт томдығы жарық көрген. Қазақ КСР - нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның Халық жазушысы.

ҮІ. Оқулықпен жұмыс: Мәтінді түсініп оқу, оқушыларға оқыту, тізбектей оқыту
Ой – қозғау: - Әңгіме кім туралы?
- Тұрар неліктен Серікті сұраққа алды?
- Серік неліктен шындықты айтты?
- Тұрар мен Қабылбек қандай шешімге келді?
- Сен олардың орнында болсаң не істер едің?

ҮІІ. Түсініксіз сөздермен жұмыс.
Интернат - алыстан қатынап оқитын балалар жататын үй.
Қойма - азық - түлік сақтайтын жер
Мүсәпір – қорқып
Қағілез бала – шапшаң, кек сақтамайтын,

ҮІІІ. Сергіту сәті: Күн болып жанайық,
Мөлдір су болып ағайық,
Гүл болып жайнайық
Терең - терең дем алып,
Жүгіріп-жүгіріп алайық.

ІХ. Жаңа сабақты пысықтау: а) Мәтіннің соңғы жолын қайталап оқы.
Шайқас – бұл жұдырықтасып төбелесу емес, ұрмай - соқпай, адамның жүрегін жарлайтын сүйектен өтетін ауыр сөз соққы болады екен. Кімнің әділ екенін, кімнің арам ойы бар екенін Тұрар енді түсінгендей болды. Тұрар елі үшін еңіреген, халқы үшін күңіренген қаза халқының баласы болған екен.
ә) Балаларға сипаттама бер.
Тұрар: кедей, жақсы оқитын оқушы, ақылды
Серік: ақ көңіл, шапшаң, Атамырзаның айтағында жүрген адам
Қабылбек: кедей, Тұрардың қасындағы бала
б) Іс - әрекетіне баға бер.
в) Әңгімеге басқаша ат қой.
г) Неге олай ат қойдың дәлелде.

Х. «Туған жер, Отан, еңбек туралы мақал - мәтелдер»
- Балалар, сендер туған жер, Отан, еңбек туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
ХІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. Мәтінді оқы, Тұрар неге Сталинге хат жазды деп ойлайсың? Ойланып кел.
ХІІ. Бағалау
16 975
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ш. Мұртаза Интернат қоймасы. Қысқа мерзімді жоспар
Ш. Мұртаза Интернат қоймасы. Қысқа мерзімді жоспар
Т. Рысқұлов өмірі жайлы 2 - сыныпта оқығанды еске түсіре отырып, Ш. Мұртазаның Интернат қоймасы әңгімесін түсініп оқуға, жеткізе білуге үйрету.
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту туралы түсінік беру, білімін жүйелеу; есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру; салыстырып, талдай білуге баулу.
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Бейнеу селосы, Абай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нурмухаммедова Карлыга
Кедей
Кедей
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жұпмағанбетова Алия
Боран
Боран
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Аманова Т. С
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×