Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Б.Емельянов «Бүркіт»

22 сәуір 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Б. Емельянов «Бүркіт»
Сабақтың мақсаты: 1. Мәтінді көркем әдеби тілде мазмұндап үйрету
2. Бүркіт пен киіктің қорғауға алынған жануар ретінде оларға арналған мемлекеттік іс - шаралармен таныстыру
3. Табиғатты қорғауға, аялауға үйрету
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, портреттер, топтама,
ән таспа, кестелер
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, оқыту, түсіндіру, ой жинақтау, топтық, жеке
жұмыстар, ассоциация т. б.
Сабақтың түрі: сот сабағы
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Оқушылар, бүгін сабағымыз ерекше – сот сабақ түрінде өтеді. Сынып оқушыларының ішінен сот төрағасы, мемлекеттік айыптаушы және қорғаушы сайланып отыр. Сонымен бірге сот сабағымызға «Айқын» газетінің тілшісі Жазықбаева Диана және аудандық жұқпалы аурулар бөлімінің дәрігері Мүрсәлиева Балауса қатысып отыр. Ал партадағы оқушылар – куәгерлер болып табылады.
Енді сабағымызды бастаймыз. Мемлекеттік сот мүшелерін шақырамыз.
- Орындарыңыздан тұрыңыздар, сот келеді!
(Сот мүшелері кіреді)
- Сот төрайымы: Асанбек Дильяра
- Мемлекеттік айыптаушы: Әуезхан Дильяра
- Қорғаушы: Көркемов Жандос
- Осы сабақты саралап, бағалау, қорытындысын жасау хатшы маған беріледі.
Сот төрайымы: Сот сабақ басталды!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Тақтамен жұмыс
А) табиғатқа байланысты тыйым сөздер жазу
Ә) «киік» сөзіне ассоциация құру

2. Сәкен Сейфуллин кім? (ауызша сұрақтар қою)
3. «Ақсақ киік» өлеңін жатқа сұрау.
4. Оқушыларды бағалау
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
Хатшы: Үй тапсырмасын қорыту үшін Сот мүшелері сөз сіздерде.
Қорғаушы: - Қазақстанда 1921 жылдан бастап киіктерді аулауға тиым салынды. Ал, осыдан 100 жыл бұрын Сәкен осы киіктердің азайып бара жатқанын жырлап кеткен.
Айыптаушы: 1957 - 58 жылдары олардың саны 2 миллионнан асқандықтан қайта аулауға рұқсат етілді. Осы жылдары Қазақстандағы киіктердің ең көбейген кезі болды. Бірақ кейіннен адамдардың жауыз әрекеттерінің салдарынан бірнеше рет жаппай қырғынға ұшырады. 1990 жылдары үкімет басшысы Әкежан Қажыгелдин Қытай мемлекетіне 1 млн. киікті атуға рұқсат берген. Қазақстан Республикасы Үкіметі 2005 жылдан бастап елімізде киіктерді аулауға тағы да қайта тыйым салатын қаулы шығарды, олардың санын көбейту және қорғау шаралары қолға алынды.
Қорғаушы: Сіздің атаған деректеріңізден кейін де киіктер көбейе қойған жоқ. Сарыарқада қазіргі жүрген киіктердің саны 47 - 48 мың ғана. Себебі неде деп ойлайсыз?
Айыптаушы: Мен бұған аңшыларды кінәлаймын. Үкімет киіктерді қорғау мақсатында 2006 жылы «Қызыл кітапқа» ендірді.
Сот төрағасы: Мыңдаған жылдар бойы дала жыртқыштарынан, адамдардан қашып жүрген осы бір жануарларға өз елімізден қорықтар ұйымдастырып, Қазақстан тарихы пәніне тақырып ретінде енгізілуіне барлығымыз ат салысуымыз керек.
- Хатшы: «Ештен кеш жақсы» деген емес пе. Бұл айтылған игі шаралар қолға кеш алынып отыр. Өсімтал жануар күтімі көп, қорғауы жақсы болса, санаулы жылдардан соң саны көбейіп әлі - ақ даламыздың сәнін келтірер. Осындай киелі жануарға арнап ақын - жазушылар шығармалар жазған. Мысалы, Жақсыкелді Сейілов ағамыз «Жезкиік» әнін, осыдан 100 жыл бұрын жазылған Сәкеннің өлеңіне жерлесіміз Әлмырза Ноғайбаев ән шығарған, атақты Құрманғазы «Ақсақ киік» күйін шығарыпты. Енді сол Әлмырза атамыздың орындауындағы «Ақсақ киік» әнін тыңдап жіберейік.
ІҮ. Жаңа сабақ
«Ол не?» танымдық ойыны.
- Ол табиғаттың бір бөлшегі, ол киік сияқты киелі.
- Ол еркіндіктің, дарқандық пен қырағылықтың, ой - арманның шарықтауының көрінісі.
- Ол көк түсті, ою өрнекті матада алтын күннің астында орналасқан.
- Ол не?
Құрметті куәгерлер, бүгінгі таңда адамзат алдында ең күрделі мәселелердің бірі болып - өзімізді қоршаған орта, оның қазына байлықтарын қорғау, барынша ұқыпты пайдалану болып табылады. Өткен сабақта жоғалып бара жатқан киелі жануарымыз киік туралы айтса, бүгінгі сабағымыз киелі құс бүркіт жайлы болмақ
Сот сабағымызға келіп отырған журналист және дәрігерді ортаға шақырайық.
Журналист:
Бүркіт сұңқартәрізділер отрядына, қаршыға тұқымдасына жататын үлкен құс. Көбінесе тоғайлы және таулы жерде тіршілік етеді. Биік ағаштар мен зәулім жартасқа ұя салып, 1 — 2 жұмыртқа табады. Орта Азияда, Қазақстанда бүркітті қолға үйретіп түлкі, елік, қарақұйрық сияқты аңдарға салады, шабыты түскен қырағы бүркіттер қасқырды да алады, ашынғанда адамға да түседі.

Бүркіт көк Тәңірінің елшісі, ол Күннен жаратылған, күннің еркесі, көктің иесі деп көп халықтың көне сенімінде аса жоғары дәріптеледі. Бүркітке табыну күллі жануарлар мен адамзат әлемінен жоғары тұрды.
Бүркітті баулып, онымен аң аулау кәсібі, саятшылықтың бір түрі.

Дәрігер
- Оба аса қауіпті жұқпалы ауру. Обаның өкпелік, ішектік, тері - бубондық, септикалық түрлері болады. Табиғатта түрлі кемірушілер арқылы таралады. Адамдарға кемірушілерден, не бүргелерден жұғады. Жұқпаның жасырын кезеңі 2 күннен 6 күнге дейін болуы мүмкін. Оба ауруы өте қатты қалтыраумен, дене қызуының жоғарлауымен жедел кенеттен басталады. Әлсірейді, жүрегі айниды, кейде құсу - ауруға тән белгілері, бұлшық ет ауырсынулары болуы мүмкін. Алғашқы уақытта жүрек қан - тамыр жүйесінің зақымдану белгілері дамиды.
Аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда дереу медицина қызметкерлеріне қаралып, ауруды дер кезінде анықтап, дәрігерлік көмек алу қажет.
Автор жайлы түсінік беру
Мәтінмен жұмыс
3 топқа бөліп іштей оқыту.
Мәтінді мазмұндату.
Хатшы: Құрметті сот куәгерлері, сот үкім шығаруға кетеді. Орындарыңыздан тұрыңыздар!
(Сот мүшелері үкім шығаруға шығып кетеді)
Тапсырмалармен жұмыс
1. Мәтінге сүйеніп, қазақ ауылы тұрған жерді суретте.
2. Бүркітті сипаттап көр.
3. Мәтіндегі жауыз адамдардың әрекеттерін санамалап айтып бер.
4. Бүркіттің әрекетін жауыз адамдардың әрекетімен салыстыр.
5. Мәтіннің әрбір бөлігіне ат қой.
6. Төмендегі суреттерді ретімен орналастыр.
Дәптермен жұмыс
Мәтіндегі ең соңғы сөйлемді жазып ал.
Жақсылықты ұмытпауды үйрен.
Ү. Жаңа сабақты қорыту
1. Артық болмас білгенің.
Салбурын
Аңшы, саятшылардың топталып, бірнеше күнге аң аулауға шығуы, яғни топтық аң аулау. Салбурын аңшылардың мерекесі тәрізді, негізінен қыс мезгілінде өтеді. Мұнда ауланған аң бәріне бірдей тең бөлінеді. Ауыл ақсақалдарының үлесі бөлек есептеледі. Салбурын аңшылардың ерлігі мен ептілігін, азаматтығын сынайтын жол. Аңшылардың қысты күні күтетін сәті – сонар. Қансонарда қыстың тынық күні ұлпа қар жерге түскен кезде аңның ізі тайға таңба басқандай анық көрініп жатады. Аңшылар осындай сонарда салбурынға шығады да, ізіне түскен аңды қаумалап жүріп, соғып алады. Салбурын кезінде інінде, апанында тығылып жатқан аңды аңшылар дабыл қағып, айғайлап, қиқулап, ит қосып үркітіп шығарады.
Саятшылықты Абай, Шоқан, Мұхтар, Ақан сері қатты ұнатқан. Қазірде де саятшылықпен айналысатын адамдар аз емес. Жақында ғана Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында «Сонар - 2014» республикалық құсбегілер турнирі өтті.
2. Киік ататын аңшылар мен құсбегілерді салыстыру.
3. Сот үкімін оқу
Сот үкімі:
1. Бүркіт пен киікті аяусыз қырып, азапқа салғаны үшін аңшылар мен орыс әскерлері жазаға тартылсын.
2. «Ақсақ киік» мәтіні бойынша «Қызыл кітапқа» енген киіктерді қорғауға барлық куәгерлер атсалыссын.
3. 17 адамды оба ауруынан құтқарған бүркітке «Құс патшасы» деген атақ берілсін.
4. Бүркітті жойылып бара жатқан құстардың санатына қосып, «Қызыл кітапқа» енгізу.
5. Бүркіттің көбеюіне жағдай жасау.
ҮІ. Үйге тапсырма беру
«Бүркіт» мәтінін оқып мазмұндау.
VІІ. Оқушыларды бағалау
10 307
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үш таңбалы сандарды қосу және азайту 246 - 376; 625+376
Үш таңбалы сандарды қосу және азайту 246 - 376; 625+376
Сабақтың мақсаты: 1. Сандарды және сәйкес шамаларды жазбаша қоса және азайта білуге, теңдеу шеше білуге үйрету.
Дала өсімдіктері мен жануарлары (слайд)
Дала өсімдіктері мен жануарлары (слайд)
Оқушылардың дала өсімдіктері және жануарлар әлемі туралы таныстыру, табиғатты қорғауға, аялауға, білімдерін дәлелдеуге үйрету. Оқушылар дала өсімдіктері және жануарларын танып біледі, табиғатты қорғауға бағытталады, білімдерін дәлелдеуге үйренеді.
Қазақстан туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбарлы
Қазақстан туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбарлы
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №2 Аманқарағай орта мектебі» ММ Дайындаған мектеп кітапханашысы: Бесенова Алтын Аубакировна
Міржақып Дулатов. Шешенің балаларын сүюі
Міржақып Дулатов. Шешенің балаларын сүюі
Атырау облысы, Атырау қаласы Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған №30 мектеп - гимназиясының орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуллина Балауса Гайнеденовна
Арқарға үлкен мүйіз неге керек?
Арқарға үлкен мүйіз неге керек?
Қарағанды қаласы, №21 негізгі мектепте бастауыш сынып мұғалімі Базылова Данагүл Дюсенбайқызы
Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр
Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр
Атырау қаласы, №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×