Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы

24 сәуір 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Мақсаты: Оқушыларды рухани, зерделілік жағынан тәрбиелеу, мақал мәтелдің айырмашылығымен ұқсастығын ажырату, әртүрлі формалар мен әдістер арқылы сөз өнерін баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Міндеті: Тәрбие жұмысын қызғылықты, тартымды, ұтымды ұйымдастыру арқылы өздерін тікелей қатыстыра отырып, тағылым беру, қазіргі өмір талабына сай қалыптастыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі карточкалар, плакат.
Жоспары: 1 - тур. Жұмбақшылар сайысы Көрермендерге жұмбақ
2 - тур. Мақалшылар сайысы Көрермендерге мақал
3 - тур. Шешуші сайыс
Ән.
Мұғалім: Ал енді сайысымызды бастамас бұрын қолдарыңдағы сандар арқылы топқа бөлінеміз. Содан кейін «Тобыңды тап» ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты: жеке карточкалар үлестіріледі. Онда мақалдың сөздері буынға бөлініп жазылған, сол сөздерден мақал құрасақ, тобымыздың атын табамыз.
«Қыран» тобы: Көп тү - кір - се көл
«Сұңқар» тобы А - на шал - қар кө – лің
«Тұлпар» тобы Ә - ке ас - қар тау - ың
Жұмбақшылар сайысы (Ортаға 9 оқушы шығады)
1. Қыран тобына:
1 - оқушы Әйнексіз бір айнаң бар Өзіңе көп пайдасы Мектептегі, үйдегі Жігеріңнің айнасы
(Күнделік)
2. Айтқаныңның бәрі дөп, Ақылыңның мәні көп Адам сипап аялар Ал өзінің жаны жоқ
(Кітап)
3. Сүйрең - сүйрең етеді, Із қалдырып кетеді
(Қалам)
2 - оқушы
1. Қарап тұрсаң өзіне Сурет түсер көзіңе Ол суретің ұқсайды Дәл қазіргі өзіңе
(Айна)
2. Таңертең төрт аяқты Түсте екі аяқты Кешке үш аяқты
(Адамның сәби, жігіт, қарт кезі)
3. Бес жанды Бір жансызға міңгеседі Үстінде ақ тақырдың із кеседі
(Қалам)
3 - оқушы
1. Бойы екі - ақ қарыс Сиып тұр 25 арыс
(Сызғыш)
2. Біз, біз едік біз едік Біз жалтыраған қыз едік Таң атқанша жайылдық Таң атқан соң жойылдық
(Жұлдыз)
3. Көшеде ұл - қызды Тәртіппен жүргізді
(Бағдаршам)
Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады
2. «Сұңқар» тобына:
1 - оқушы.
1. Тықырлатып тақтайды Түні бойы жатпайды
(Тышқан)
2. Жақыннан - алыстан Келтіреді хабар таныстан
(Телефон)
3. Таңғаларлық бір ит бар Үй бағады үрмейді Аяғы жоқ жүрмейді Рұқсатсыз ол иттен Үйге ешкім кірмейді
(Құлып)
2 - оқушы.
1. Құрғақ жерде сақтайсың, Менсіз тамақ татпайсың
(Тұз)
2. Бірі үлкен, бірі кіші Туысқан бес кісі
(Бес саусақ)
3. Қардай аппақ Балдай тәтті - ақ
(Қант)
3 - оқушы
1. Аяғы жоқ - жүреді Аузы жоқ - сөйлейді
(Хат)
2. Шыр - шыр етеді Құлағыңнан өтеді Ұстай алсаң сөйлеп кетеді
(Телефон)
3. Күнде оған қараймын
Шашымды мен тараймын
(Айна)
Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады.
3.«Тұлпар» тобына:
1 - оқушы
1. Аяғы біреу, қолы жоқ, Шиыр - шиы жолы көп Өзі сөйлей білмейді Салған ізі сөйлейді
(Қарындаш)
2. Судан шашақ шашылар Су тоқтаса басылар
(Фонтан)
3. Әуеден күбі түсті Күбінің түбі түсті
(Найзағай)
2 - оқушы
1. Тоңғақты таниды,
Бетіңді қариды
(Аяз)
2. Ол күнді күзетеді
Күн оны күзетеді
(Күнбағыс)
3. Айдалада ақ отау
Ауызы мұрыны жоқ отау
(Жұмыртқа)
3 - оқушы
1. Екі ағайынды
Екеуі де бір үйде
Бірін - бірі көрмейді
(екі көз)
2. Қабат - қабат қаптама
Ақылың болса аттама
(кітап)
3. Екі айнасы бар
Екі найзасы бар
Төрт сылдырмағы бар
Бір шыбыртқысы бар
(сиыр)
Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады

Көрермендер жұмбағы: Қара тері тамшылайды
Өзін - өзі қамшылайды
(бұлт)
2. Мақалшылар сайысы: (Ортаға ұпайы көп үш оқушы шығады(
Мақалдың жалғасын табу.

1 - Оқушы
1. Жақсы бала – қызық ---
Жаман бала – күйік
2. Өнер ағып жатқан ---
Бұлақ
3. Ойнап сөйлесең де,---
Ойлап сөйле
2 - Оқушы
1. Ата - бәйтерек ---
Бала – жапырақ
2. Тіліңмен жүгірме ---
Біліммен жүгір
3. Еліңді сүйсең ---
Ерлік істейсің
3 – Оқушы
1. Еңбектің наны тәтті ---
Жалқаудың жаны тәтті
2. Көп біл, ---
Аз сөйле
Көрермендерге мақал:
Өтірік – қаңбақ,
Шын салмақ
Татулық табылмас бақыт
3 - тур. Шешуші сайыс. Жеңген оқушы ортада қалады
Төле би
Жорықтан оралған жігіт Төле бидің үйіне келіп, жол үстінде көрген білгенін әңгімелеп отырады
- Ауыл іргесіне жақындай бергенде 2 - 3 жасар баласын мойнына мінгізіп, 1 арқа шеңгелді арқалап келе жатқан әйелді көрдім. Тікенек үстінде отырған баланы ерге – алдыма отырғызайын десем, шешесінің мойынынан айырылмай қойды.
- Кірпі шеше баласын арқалап жүріп өсіреді
Төле бидің жауабын табыңыз
- Ананың тікенекті арқасы да балаға мамықтай жұмсақ, - депті Төле би
6 734
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мақал - мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету. Адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Ата - бабаларымыздың өсиетін қадір тұтуға, мақал - мәтел, жұмбақ арқылы өз елінің ауыз әдебиетін сыйлауға
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы6 Жосалы кенті6 №105 орта мектептің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байбукенова Қарашаш
Сандар әлеміне саяхат
Сандар әлеміне саяхат
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, В.И.Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Максимова Сафия Мунировна
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Қызыорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы № 24 орта мектептің математика пәні мұғалімі Нургабылова Абзал Магиева
Ана мен бала сайысы
Ана мен бала сайысы
Халықтық педагогиканы насихаттау, мақал – мәтелдер арқылы тілдік қорын дамыту.
Ана тілім – ардағым
Ана тілім – ардағым
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жәлімбетова Алмагүл Рзағалиқызы Тақырыбы: « Ана тілім – ардағым» Мақсаты: Ана тілде таза сөйлеуге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×