Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұрлаулы мүше

26 сәуір 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер
Сабақтың мақсаты: оқушыларға сөйлемдегі негізгі ойды білдіретін тұрлаулы мүшелер туралы түсінік бере отырып, топ арасында сөйлем ішінен таба білуге талпындыру.
Оқу нәтижесі: сөйлем ішінен тек тұрлаулы мүшелерді таба білуге, топ ішінде жұмыс жасауға дағдыланады.
Түйінді идеялар: сыныпта психологиялық ахуал туғыза отырып, оқушыларды топқа бөліп алғаннан кейін, бұрынғы білімімен жаңа білімді ұштастыра отырып, слайд, видео көрнекілігімен, ір түрлі тапсырмалармен сыни ойлата отырып, тапсырмаларды орындауға, топтаса жұмыс жасауға үйрете отырып, сабақ соңында жиынтық бағалаймын.
Белсенді стратегиялар: диалог арқылы оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, бағалау, талантты дарынды оқушылармен жұмыс, АКТ - ны пайдалану, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, басқару және көшбасшылық.
Ресурстар: ана тілі оқулығы, орта мерзімді жоспар, слайд, видео, телефон.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: психологиялық дайындық. 1, 2, 3, 4 сандарды саната отырып, 4 топқа бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру: 58 - жаттығу (Кір жаятын жіп стратегиясы арқылы)
Үй тапсырмасын қорыту: конверт - сұрақ. 4 топ 3 сұрақтан дайындап көрші топқа ұсынады. Жаңа сабақ: сұраққа - толық жауап. Күннің жадын жазу. сұрақ 1 - топқа:
- балалар, мен не істедім?
Балалар:- мұғалім жазды. Бастауыш пен баяндауышты тапқызып, сол сөйлемді күрделендіру.
Қаражорға биін көрсете отырып, 2 - топқа сұрақ қою.
Балалар:- құрылысшылар биледі.- құрылысшылар далада қара жорға биін биледі.
3 - топқа: 1оқушыға телефон соғу.
Балалар:- телефон шырылдады - Асылайдың телефоны шырылдады.
4 - топтан бір оқушыны орнынан тұрғызып, сұрақ қою.
Балалар:- Дильназ тұрды - Дильназ орнынан тұрды. Екі сөйлемді салыстыра отырып, екі сөйлемдегі негізгі ойды тапқызу.
Оқулықпен жұмыс. 60 - жаттығудағы сұрақты 1 - топқа оқыту, жауабын 2 - топқа оқыту, 3 - топ түсіндіреді, 4 - топ тақырыпты ашады.
Тақырыпты тақтаға жазу. «Тұрлаулы мүшелер». Тұрлаулы мүшелерге байланысты жаттығулар орындату.
61 - жаттығу (ауызша). 3 топ 1 сөйлемнен оқиды, тұрлаулы мүшелерді табады, 4 - топ сарапшылар дұрыстығын байқайды.
62 - жаттығу. Сөйлемдерді оқып, тыныс белгісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу. Тұрлаулы мүшелерді табу.
63 - жаттығу. Мақалды оқып жатқы жазу. Мағынасын түсіндіру. 1 - топ 1 - мақалды жатқа айтады, 2 - топ түсіндіреді. 3 - топ 2 - мақалды жатқа айтады, 4 - топ түсіндіреді. Мақалды жатқа жазған соң көршісіне тексерту.(жұптық жұмыс)
65 - жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыру. Әңгімеге ат қою. Тұрлаулы мүшелерді табу. Топпен постер қорғау.
Деңгейлік тапсырма: тақтада сөйлемдер берілген әр топтан оқушылар өз деңгейлеріне байланысты сөйлемдерді таңдап, тұрлаулы мүшелерді табады.
Сабақтық қорытындылау. Тақырыптық түйінді сөздер. Сөздер банкісіндегі конфет ішіне салынған сөйлемдерді оқып, бүгінгі біздің тақырыбымызға байланысты сөйлемдерді «Біздің тақырып» банкісіне салады.
Бағдаршам арқылы бағалау. Стикер арқылы кері байланыс.
Үйге тапсырма: 64 - жаттығу.
Бағалау: дескриптор бойынша топ басшыларының бағалауы.
5 583
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөйлем мүшелері
Сөйлем мүшелері
Сөйлем мүшелері – сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы, белгілі бір сұраққа жауап беретін және сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұратын сөздер.
Тұрлаусыз мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер туралы түсінік беру, сөйлем ішінен тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қоя білуге үйрету
Ш. Мұртаза Интернат қоймасы. Қысқа мерзімді жоспар
Ш. Мұртаза Интернат қоймасы. Қысқа мерзімді жоспар
Т. Рысқұлов өмірі жайлы 2 - сыныпта оқығанды еске түсіре отырып, Ш. Мұртазаның Интернат қоймасы әңгімесін түсініп оқуға, жеткізе білуге үйрету.
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелерді мүшелер туралы ұғым қалыптастыру, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру, оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу тілін дамыту
Әбіш Кекілбаев "Тасбақаның шөбі"
Әбіш Кекілбаев "Тасбақаның шөбі"
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі; Шопанбекова Ғазиза Жөкенқызы
Тұрлаулы мен Тұрлаусыз
Тұрлаулы мен Тұрлаусыз
Ертеде Тұрлаулы және Тұрлаусыз деп аталатын екі адам болыпты. Олар бір - бірімен қас екен. Бірде сөйлем мүшелерінің басты мүшесін тағайындауға жиналыс болып, Тұрлаулы ұшаққа билет сатып алыпты.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×