Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ағаштар неге ашуланды?

21 мам 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Ағаштар неге ашуланды?
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен, Б. Соқпақбаевтың шығармаларымен таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Ағаштар жайында білімдерін кеңейту, мәтінді мәнерлеп оқу дағдыларын және белсенді ынталы оқуға үйрету.
2. Оқушылардың байланыстырып жүйелі сөйлеу қабілеттерін, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту.
3. Табиғатты аялауға, ұйымшылдыққа, бірлікке, жақсыны үйретуге, жаманнан жиренуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың көрнекілігі: мультимедия, Б. Соқпақбаев суреті, сызба, мақал - мәтел, тыйым сөздер.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Күлімдеген күндейміз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Еш уайымды білмейміз.

II. Үй тапсырмасын сұрау. Компас
1. Әңгіме мазмұнын айту.
2. Сұрақтарға жауап беру.
- Компас деген не? - Қанатқа әкесі не сыйлаған еді?
- Компасқа қатты қызыққан кім?
- Балалар қайда барды?
- Бодан компасты не істеді?
- Боданның қылығын сен қалай бағалайсың?
- Оның орнында болсаң сен не істер едің? Оқушылар өз ойларын ортаға салу.
Бағалау.

III. Қызығушылығын ояту.
Ребус шешу. Ағаш.

IY. Ой ашар. Ассосация әдісі бойынша.
1. Ағаштар туралы не білеміз? 2. Ағаштардың қандай пайдасы бар?
3. Қалай ойлайсың ағаштар адамға не үшін ашулануы мүмкін?
- Бүгін біз Б. Соқпақбаевтың «Ағаштар неге ашуланды» әңгімесімен танысатын боламыз.

Y. Жаңа сабақ.
Сергіту жаттығуы.
1, 2, 3 бойға жинап күш
Жалқаулықты тастаймыз
Жаңадан сабақ бастаймыз.

1. Автор жайлы мәлімет беру.
Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданында дүниеге келген. 1949 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. «Жұлдыз», «Балдырған» журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағының аппаратында қызмет атқарады. Б. Соқпақбаев – балалар жазушысы. 1951 жылы ең алғашқы «Он алты жасар чемпион» деген кітабы шығады. Оның «Менің атым Қожа», «Жексен», «Жекпе - жек» кітаптарын балалар сүйіп оқиды. 1963 жылы «Менің атым Қожа» кітабы бойынша фильм түсіріледі. Ол халықаралық фестивальде арнаулы сыйлыққа ие болды.
2. Оқулықпен жұмыс.
а) мәнерлеп оқып беру, мазмұнын қысқаша айтып беру.
ә) 1 - 2 оқушыға мәнерлеп оқыту б) тізбектей оқыту.

YI. Ой қозғау.
- Алмабектің жіберген қателігі неде?
- Ағаштар Алмабекті қалай жазалады?
- Алмабек өзінің қателігін қалай түзеді?
- Егер Алмабек ағаштардан кешірім сұрамағанда не болар еді деп ойлайсың?
- Кәрі еменнің сөзін тауып оқу. Ол туралы не айтасың?

2. Сергіту сәті
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Жалқаулықты тастайық,
Көркем етіп жазайық
Мәтіндегі ағаштардың Алмабекке қойған кінәсін мына үлгілік кесте бойынша жаз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 893
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Б. Сокпақбаев Ағаштар неге ашуланды?
Б. Сокпақбаев Ағаштар неге ашуланды?
Бердібек Сокпақбаевтың шығармаларымен таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Ағаштар жайындағы білімдерін кеңейту, мәтінді мәнерлеп оқу дағдыларын және белсенді ынталы оқуға үйрету.
Б. Соқпақбаев «Ағаштар неге ашуланды?»
Б. Соқпақбаев «Ағаштар неге ашуланды?»
Табиғаттың тамаша көрінісі арқылы сенде қандай көңіл - күй туды?
Ағаштар неге ашуланды?
Ағаштар неге ашуланды?
Ағаштар жайлы білімдерін кеңейту, мәтінді мәнерлеп оқу дағдыларын және белсенді ынталы оқуға үйрету.
Ағаштар неге ашуланды?
Ағаштар неге ашуланды?
Атырау қаласы, Облыстық тіл мүкістігі бар балалардың №3 мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі Куандыкова Асылжан Тулегалиевна
Бердібек Соқпақбаев. Ағаштар неге ашуланды?
Бердібек Соқпақбаев. Ағаштар неге ашуланды?
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекетінің негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Үсенова Баян Алдабергенқызы
Бердібек Соқпақбаев "Ағаштар неге ашуланды?"
Бердібек Соқпақбаев "Ағаштар неге ашуланды?"
[right]Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Б.Аманшин орта мектебі Мукашева Лаззат Амангелдиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×