Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасының берекесі

10 тамыз 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Отбасының берекесі.
Сілтеме: Күнтізбелік жоспар, оқулық.
Сабақтың мақсаты: Қоғам мүшелері, отбасы берекесі туралы тақырыпты меңгерту; тілін, сөздік қорын дамыту;
Оқытудың мақсаты: Дүниетану сабағында білім берудің жаңа әдіс - тәсілдері арқылы жеті модульді ықпалдастыра отырып, еркін сөйлеуге, өзіндік бағалау дағдысын қалыптастыруға үйрету.
Міндеті:
1. Мәтіннің мазмұнын өмірмен байланыстыра әңгімелеу.
2. Балаларды жүйелі сөйлеуге үйрету, сөздік, тілдік қорларын дамыту.
3. Оқушыларды мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері:
1. Тақырыпты түсінеді, талдайды.
2. Отбасы туралы оның ерекшеліктері туралы білетін мәліметтеріне қосымша мәліметтер қосады.
3. Отбасының атқаратын қызметі мен тигізетін пайдасы және олардың күнделікті өмірде адамдармен туыстық қарым - қатынасы туралы ой - пікірін айтады, пәнге деген қызығушылығы оянады, қорытынды айтып үйренеді.
Тапсырмалар 1 Тест арқылы оқушылардың білімін тексеру.
Дәптермен жұмыс:
Үйге тапсырма 152 - 155 бет, мазмұнын айту.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалім Балалар (хормен)
- Әрбір адам?- Туысым, досым, жұрағат.
- Әрбір сабақ?- Үйрену, ұғу, ұлағат.
- Әрбір ісің?- Тірлік, тірек, адамдық.
- Әрбір сөзің?- Шындық, бірлік, адалдық.
- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.- Біз бүгінгі сабағымызда 4 топқа бөлінеміз.
1. Сабақта тыныш отыру.
2. Бір - бірімізді дұрыс тыңдау.
3. Топпен жұмыс жүргізу.
4. Сабақты мұқият тыңдау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1. Жануарлар дүниесін қорғау. – оқыту, мазмұнын айтқызу. ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: Тест
1. Жәндіктер, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар. Сүтқоректілер деп -
а) жануарлар дүниесін;
ә) жануарлардың аттарын;
б) жануарлардың көп түрлігін;
в) жануарлар класын айтады.
2. Жәндіктердің 3 белгісі:
а) қанаты, 6 аяғы, мұртшасы
ә) аяғы, тырнағы, қанаты;
б) 3 бөлікті денесі, тырнағы қанаты;
в) тырнағы, 6 бөлікті денесі; 6 аяғы.
3. Қызыл кітапқа:
а) құстың 29 түрі; б) 56 құс;
ә) құстың 56 түрі; в) барлық құстар енгізілген.
4. Балықтар... тыныстайды.
а) өкпесімен;
ә) қанатымен;
б) желбезегімен;
в) торсылдағымен.
5. Тіршілік ортасы деп –
а) тіршілікке қолайлы ортаны;
ә) тұрғызылған қоныс мекенді;
б) бейімделіп мекен етуді;
в) орналасу ерекшелігін айтады.
7. Қазақстанда «Қызыл кітап» қай жылы шықты?
а) 1986 ж. ә) 1996 ж. б) 2006 ж.
1. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру: 2. Дәптермен жұмыс 3. Қорытындылау

ІV. Қызығушылығын ояту: (отбасы туралы видиоролик көрсту)
Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Отбасының берекесі. Мақал - мәтелдер.

V. Мағынаны тану: «Отбасы» деген не?
«Отбасы берекесі, бірлігі» туралы постер жасау
1. Әңгімелеу.
Сендер қай мемлекетте тұрасыңдар?
Отан деген не? Қоғам деген не?
Отбасы деген не?
2. «Отбасының берекесі»- оқып түсіндіру.
3. Мақал - мәтелдер оқып, талдау.
4. Сергіту сәті

VІ. Жаңа сабақ. Әр топқа жетелеу сұрақтары арқылы сұрақ қою.
Оқушыларға оқыту.
2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
1 - топ Сұрақ: Отбасы татулығына кімдер жауапты?
2 - топ Сұрақ: Қамқорлық жасау дегенді қалай түсінесіңдер?
3 - топ Сұрақ: Сенің отбасыңда қандай әдет - ғұрыптар сақталған?

Сергіту сәті
“Асар “ дегенді қалай түсінесіңер?
Отбасына кімдер енеді?
Неке деген не?
Конституцияда отбасы туралы не айтылған?

VІІ. Бекіту кезеңі:
Мақалдардағы жасырын сөзді тап:
... тату болса — ат көп,
... тату болса — ас көп.
... — туырлығым,
... — қазынам.

Бес жолды өлең.
Зат есім (1 сөз)
Сын есім (2 сөз)
Етістік (3 сөз)
Сөйлем (4 сөз)
Мәндес сөз (синоним1сөз)

Қорытындылау
VІІІ. Үйге тапсырма беру
Бағалау
7 138
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отбасының берекесі
Отбасының берекесі
Оқушыларға отбасы туралы түсініктерін кенейту. Өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету.
Әке – асқар тау
Әке – асқар тау
Әке...! Әкетай...! Әкешім...! Әкежан... Осы сөзді айтсам, өзіме бір қанат біткендей, құс сияқты қалықтайдындай сезімде боламын.
Отбасы берекесі
Отбасы берекесі
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Альмусина Жанар Сайлауовна
Ғабит Мүсірепов «Көлде»
Ғабит Мүсірепов «Көлде»
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тураева Гульнара
Отбасы – шағын қоғам
Отбасы – шағын қоғам
Атырау облысы, Геолог поселкесі, Қ. Сәтбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амирова Гүлмаржан Қадірліқызы
Отбасының берекесі
Отбасының берекесі
Шотыбасова Анар Асановна Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Ы. Алтынсарин атындағы № 19 орта мектебі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×