Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Міржақып Дулатов. Шешенің балаларын сүюі

31 тамыз 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 4 - сынып
Шешенің балаларын сүюі. Міржақып Дулатов
Мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен таныстыра отырып, берілген өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.
Ананың құдіреті мен қасиеті туралы дерек беру. Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын, жүйелі сөйлеуге, өз ойын айта білуге баулу.
Қазақтың ұлы адамдарына сүйіспеншілікпен, мақтанышпен, құрметпен қарау сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сызбамен жұмыс, сұрақ - жауап, өлең шығару, эссе жазу.
Сабақтың көрнекілігі: флипчарт, музыка
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.

І Мотивациялық - бағдарлау кезеңі
Психологиялық дайындық.
Сендерге табыс тілеймін,
Жарық пен жылу, денсаулық!
Біріңе - бірің сендер де,
Тілеңдер біраз жақсылық - деп балалар, біз бір - бірімізге бүгінгі сабақта сәттілік тілейік. Ол үшін бірімізге - бірімізге қарап, жымиғанымыз дұрыс.
- Біздер кешегі сабақта Ахмет Байтұрсыновтың «Ақкөл жағасында» әңгімесін өткен болатынбыз. (2 - 3 оқушыдан сұрау)
- Ахмет Байтұрсынов кім?
- Иә, дұрыс айтасыңдар, ол бес арыстың бірі. Олай болса, бес арыстың мүшелері:
Бес арыс

Ш. Құдайбердіұлы
М. Жұмабаев
Ж. Аймауытов
А. Байтұрсынов
М. Дулатов

Бүгін біз М. Дулатов туралы білетін боламыз. М. Дулатов кім? (Оқушылар тақтаға өздері жазады)
М. Дулатов

Ақын, жазушы, Алаш қайраткері, аудармашы, драматург

Міржақып Дулатұлы 1885 жылғы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысы, Жанкелдин ауданындағы Қызылбел елді мекенінде дүниеге келген.
1935 жылы 50 жасқа 1 ай қалғанда «Ақ теңіз - Балтық» каналының бойындағы Сосновец станциясындағы түрме ауруханасында ауыр науқастан қайтыс болды.
Міржақып «Оян, қазақ» кітабында ұран салып халқын өнер - білімге шақырған. Қазақ елінің басқа жұртпен терезесі теңеліп, іргелі ел болуын көксеген.

Міржақып шығармалары
Өлеңдері:
Алашқа
Зар заман
Мектепке
Елім - ай
Жас қазақ, қайдасың?
Шешенің балаларын сүюі т. б

Әңгімелері:
Жазғы кеш.
Оқымысты бала.
Күз.
Қасқыр қысты қалай өткізеді?
Шалдың үш баласы.
Ешкімге жауыздық қылма. т. б.

Роман:
Бақытсыз Жамал

Аудармасы:
А. С. Пушкиннен
Абу Фирас Шиллер.
Лермонтовтан т. б.

Олай болса, балалар, бүгін біз осы өлеңдердің ішінен өзімізге ең жақын адам ана туралы, анасы балаларын қалай жақсы көретіндігі туралы «Шешенің балаларын сүюі» деп аталатын өлеңімен танысамыз.
Анаға баланың алалығы жоқ - демекші әр ана өз баласын жақсы көреді. Сендерді әрдайым ойлап, үлгілі, әдепті, білімді болғандарыңды қалайды.

ІІ Операциялық - орындаушылық кезең
«Шешенің балаларын сүюі» өлеңін мәнерлеп оқу. Мағынасын түсіндіру. Оқушыларға оқыту.
Өлеңнің ішінен сұрақ - жауап үлгісінде жазылғанына назар аудар.
Бала дүниеге шыр етіп келгеннен бастап, анасының қасында болады. Біз ана туралы өз ойымызды айтайықшы.
- Ең жақын адам
- Ең қымбат адам
- Тілекші
- Қамқоршы
- Жарық өмір сыйлаушы.
Сөздікпен жұмыс.
Көз жасын көлдету - қатты жылау.
Төбесі көкке жету - қуану.
Шығармашылық жұмыс. «Анашым» әні орындалып тұрады.
1 - қатар. Ана туралы эссе жазу
2 - қатар. Ана туралы мақал - мәтел жазу
3 - қатар. Ана туралы өлең құрастыру.
------------------ данасың,
------------------ панасың.
------------------ баласын
------------------ анашым.

ІІІ Рефлексиялық - бағалау кезеңі
Ана өмір шырағы,
Ана өмір тірегі.
Ана – деген жылы есім,
Жан тербетер ұлы есім.
- Балалар, анамызды біздер өзіміздің жақсы қылығымызбен, жақсы сөздерімізбен қуанта аламыз. Олай болса қазір жылдың қыс мезгілі болғанымен тақтада тұрған құшақ жайған ананың суретіне гүлді жылы тілек айту арқылы көңілдерін жаз етейік.
Үйге тапсырма. (Өлеңді жаттап келу)
Бағалау
18 163
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М. Дулатов Шешенің балаларын сүюі!
М. Дулатов Шешенің балаларын сүюі!
Жаңа сабақпен танысу; оқушыларға өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру, түсініп дұрыс оқуға, қорытынды шығаруға машықтандыру. Отбасы ата - анаға деген сүйіспеншілік құрметтерін еске түсіндіру.
Шешенің балаларын сүюі. Міржақып Дулатов
Шешенің балаларын сүюі. Міржақып Дулатов
Жезқазған қаласындағы №21 жалпы орта білім беретін мектебі КММ Бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Ақтоты Рахимберліқызы
Міржақып Дулатов. Шешенің балаларын сүюі
Міржақып Дулатов. Шешенің балаларын сүюі
Атырау облысы, Атырау қаласы Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған №30 мектеп - гимназиясының орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуллина Балауса Гайнеденовна
Шешенің балаларын сүюі
Шешенің балаларын сүюі
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шопанбекова Ғазиза Жөкенқызы
Міржақып Дулатов «Шешенің балаларын сүюі»
Міржақып Дулатов «Шешенің балаларын сүюі»
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Тусупбекова Сауле Айтбековна
Міржақып Дулатұлы "Шешенің балаларын сүюі"
Міржақып Дулатұлы "Шешенің балаларын сүюі"
Атырау қаласы, Абай атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Досжанова Райхан Лекерқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×