Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Міржақып Дулатұлы "Шешенің балаларын сүюі"

02 қаңтар 2014, Бейсенбі
Қазақ әдебиеті (8 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Міржақып Дулатұлы. "Шешенің балаларын сүюі"
Сабақтың мақсаты:
а) Міржақыптың "Қирағат" жинағына енген "Шешенің балаларын сүюі" атты өлеңінің мағынасын ұғындыру.
ә) Адамгершілікке имандылыққа ата - ананы құрметтеуге ұлттық - салт дәстүрлерді сақтауға елжандылыққа баулу;
б) Оқушының сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін арттыру ой - өрісін дүниетанымын кеңейту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
әдісі: баяндау сұрақ - жауап тест топт. салыстыру болжау
Көрнекілігі: Міржақып портреті, бүктеме сызба
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасы тест әдісі бойынша сұралады
1. Міржақып Дулатов қай облыста дүниеге келген:
а. Семей облысы
ә. Талдықорған облысы
б. Оңтүстік Қазақстан облысы
в. Торғай облысы

2. Міржақып қандай оқу орнында оқыған?
а. Орынбор рибфагінде
ә. Торғай қаласының орыс - қазақ мектебінде
б. Петербург артиллерия училищесінде
в. Ахмет - Риза медресесінде

3. Сол кезеңдегі қазақ оқығандарының бас қосатын орны қай жер болды?
а. Алматы
ә. Торғай
б. Омбы
в. Орынбор

4. Омбыда ол кіммен танысады?
а. Шәкәрім Құдайбердиев
ә. Ахмет Байтұрсынов
б. Мағжан Жұмабаев
в. Жүсіпбек Аймауытов

5. Міржақыптың "Жастарға" деп аталатын өлеңі қай газетте басылды?
а. "Түркістан уәлаятының газеті"
ә. "Дала
б. "Серке газеті"
в. "Айқап" журналы

6. 1909 жылы қазақ даласын дүр сілкіндірген үш кітап
а. "Терме" "Азамат" "Жұмбақ"
ә. Абайдың өлеңдер жинағы "Қырық мысал", "Оян қазақ"
б. "Домбыра", "Қырамсақ", "Көкпар"
в. "Алтын құс", Алмас қылыш, "Көшпенділер"

7. Міржақыптың қазақ әдебиет тарихындағы ерекше орны қандай?
а. Публицист
ә. Қазақ әдебиет тарихындағы тұңғыш роман жазды
б. Табиғат лирика тақырыбына тұңғыш қалам тартты
в. Тұңғыш дәрігер - жазушы болды

Жана сабақ: Міржақып Дулатұлы "Шешенің балаларын сүюі"
Міржақып Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық дәстүрін мұра тұтқан. Мұғалімдік қызметінің алғашқы күндерінде оқулық мәселесінен қиындық көргендіктен осы салада өнімді еңбек етті. 1911жылы бастауыш сыныптарға арнаған "Қирағат" оқу құралына Абай, Ыбырай шығармасын өзінің шағын шығармашылығын енгізді. Сол жинаққа енген өлеңдердің бірі - "Шешенің балаларын сүюі".

Сөз сырына саяхат. "Шеше" сөзінің мағынасына үңілу. Өлеңді оқып шығып өлеңнің мағынасына назар аударту. Өлеңде түн ұйқысын төрт бөлген, ақ сүтімен өсірген баласының жалқау болмай, тентек болмай,"адамдықты ақтайтын адам бол" деп аялайтын ақ тілегін білдіреді.

Өлеңге әдеби талдау
Тақырып. Тақырып деп көбіне, үлкенді - кішілі шығарманың атын атаймыз. Демек, тақырып, деген атау - әрі жалқы, әрі жалпы ұғым. Бүл өлеңнің тақырыбы - ананың балаға деген махаббаты.

Идея. Идея тақырыппен тығыз байланыста. Бұл өлеңнің идеясы - ананы сүю, балаға ана қадірін ұқтыру.
Өлеңнің құрылысы. Өлең 4 шумақ, 16 тармақтан тұрады. Қара өлең ұйқасы мен (а, а, б, а) жазылған.
Көркемдік ерекшелігі. Өлеңде көркемдік құралдардан эпитет, тұрақты тіркестер қолданылған. Эпитет қазақша "қосалқы"деген ұғымды білдіреді. Ол заттың ұғымның белгілі бір қасиеті мен сапасы білдіреді.
Өлеңдегі эпитет: сорлы ана, байғұс ана.
Тұрақты тіркестер: төбесі көкке жету, түн ұйқысын төрт бөлу.
Өлең сұрақ - жауап үлгісінде жазылған, яғни, сұраулы, хабарлы сөйлемдерден құралған.

"Шешенің балаларын сүюі" өлеңіне талдау
Тақырыбы: Ананың балаға деген махаббаты
Идеясы: Ананы сүю, құрметтеу
Әдеби жанры: Поэзия
Көркемдік ерекшелігі: Эпитет, тұрақты тіркестер
Өлеңнің құрылысы: 11 буынды, 4 шумақ, 16 тармақ, қара өлең ұйқасымен жазылған.

Міржақыптың анасы Дәмеш қарапайым, жұмсақ мінезді болған. Алайда той - думандарда жан тебірентер әсем дауысы атақты әншілердің өзін таңқалдырған. Ал, әжесі ұста болған. Міржақып өзінің анасынан екі жасында айырылған. Өлеңде ақынның анасына деген ұлы махаббаты жатқандығы анық.

Сөзжұмбақ "Аналар"
1. Адам атаның қасындағы ана
2. Шоқанның әжесі
3. Толағайдың анасы
4. Абайдың анасы
5. Жиренше шешенің дана әйелі
6. Абайдың ертегі айтқан әжесі

Ана тақырыбы - мәңгілік тақырып. Осы сыныпқа дейін ана тақырыбына қандай шығармалар өттік, соған ой қозғау жасайық.
1. Баубек Бұлқышев "Ана"
2. Төле бидің шешендігі "Ананың арқасы"
Сұрақ. Менің атым - әйел мына қыздың анасымын. Бәріңде анадан туылдыңдар. Анамен алыспайды да, атыспайды да. (Ғ. Мүсірепов "Ананың Анасы")
Болжаңыз. XXI ғасырдың ана тауқыметі неде? Жұмыссыздық ананың әке орнына жүруі, базар, нарық, ал отбасы мәселе жағдайы... Перзенттік борышын түсінбейтіндер. Болашақта анаға деген құрмет қандай болмақ?...
Тренинг "Эпитет"
Ана

Сымбатты, аяулы, парасатты, мейірімді, биязы, қымбатты, кішіпейіл, көрікті, маңғаз

Бекіту. Аналарымыз үнемі осындай (әдемі сұлу...) болып жүру үшін біз не істейміз (жақсы оқып, оның үмітін ақтаумыз...)
Қорытынды. Әдемі аналар әлдилеп отырған әлем әрқашан жақсы болмақ. Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның болашаққа сенімділігі баланың ата - анасы ардақ тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәт есінен шығармауына бүгінгі сабақ арқылы себепкер болдық.
Үйге тапсырма.
1. Міржақып шығармалары жинақтама кесте
Жинағы, прозасы, публицистикасы, поэзиясы, қалам тартқан басылымдары туындысы бөліп жазу
"Оян қазақ" "Бақытсыз жамал" "Біздің мақсатымыз" Жинаққа енген өлеңдері "Серке"
"Азамат" Пьесасы "Шешенің балаларын сүюі" "Қазақ" "Терме" "Балқия"
"Жастарға" "Ульфат" "Ақ жол"газеті" "Еңбекші қазақ"

"Жас қазақтар, қайдасың?"
2. "Анаға құрмет көрсету - адам баласының парызы"
Бағалау.
19 628
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М. Дулатов Шешенің балаларын сүюі!
М. Дулатов Шешенің балаларын сүюі!
Жаңа сабақпен танысу; оқушыларға өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру, түсініп дұрыс оқуға, қорытынды шығаруға машықтандыру. Отбасы ата - анаға деген сүйіспеншілік құрметтерін еске түсіндіру.
Шешенің балаларын сүюі. Міржақып Дулатов
Шешенің балаларын сүюі. Міржақып Дулатов
Жезқазған қаласындағы №21 жалпы орта білім беретін мектебі КММ Бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Ақтоты Рахимберліқызы
Міржақып Дулатов. Шешенің балаларын сүюі
Міржақып Дулатов. Шешенің балаларын сүюі
Атырау облысы, Атырау қаласы Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған №30 мектеп - гимназиясының орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуллина Балауса Гайнеденовна
Міржақып Дулатов. Шешенің балаларын сүюі
Міржақып Дулатов. Шешенің балаларын сүюі
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Ж. Кереев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сатаева Гүлнар Есентайқызы
Шешенің балаларын сүюі
Шешенің балаларын сүюі
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шопанбекова Ғазиза Жөкенқызы
Міржақып Дулатов «Шешенің балаларын сүюі»
Міржақып Дулатов «Шешенің балаларын сүюі»
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Тусупбекова Сауле Айтбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×