Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұ дыбысы мен әрпі

23 қазан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сауат ашу 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ұ дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: Ұ дыбысы және әрпі туралы білім беру. Ұ дыбысы бар сөздерді сауатты оқу және көркем жазуға үйрету.
Сабақтың міндеттері:
1) Өткен материалдарды қайталату. Жаңа дыбыспен және әріппен таныстыру. Кәсіп түрлері және мамандықтармен таныстыру.
2) Өз ойларын еркін айтуға тәрбиелеу. Оқу және жазу арқылы ойлау сөйлеу дағдыларын дамыту.
3) Топпен жұмыс істеуге, толлеранттылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Ақпаратты - коммуникациялық технологиясы, С. Т. О технологиясының стратегиялары (вен диаграммасы, топтау, топта талқылау)
Сабақтың типі: ББД бекіту
Көрнекіліктері: флипчарттар, суреттер

Сабақтың барысы:
1. Психологиялық ұйымдастыру кезеңі
2. Қызығушылығын ояту кезеңі:
*Вен диаграммасы арқылы өтілген әріптерді дыбысқа бөлу.
*Жаттауға берілген «Жаңылтпаш» оқушылардан сұраймын.
*Құстар мәтінін оқыту, мазмұнын сұрау.
Сұрақ - жауап арқылы үй тапсырмасын пысықтау. ойын «Жеміс жинау»
Сұрақтар: (жемістер астында жазылған)
1. Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
2. Ұ дыбысы қандай дыбыс?
3. Ұ дыбысына байланысты қандай сөздер білесің?
4. Ұ дыбысына сөз ойлап, оны буынға бөл.
5 Ұ дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?

3. Мағынаны тану кезеңі:
Оқулықтағы сөздерді хормен оқу, буынға бөлу. Мағынасын түсіндіру.
Ұ дыбысының орнын анықтау.
Сергіту сәті.
Жұмбақ шешу
Құстай ұшар,
Қанатты тұлпар(ұшақ)
Ұшақ пен тік ұшақты көргенде қандай мамандық иелері естеріңе түседі?
Қазақтың ең алғаш ұшқышы кім екенін білесің бе?

4 Ой толғаныс кезеңі.
*Интерактивті тақтадағы мәтін суреті бойынша ұшақ және ұшқыш туралы түсіндіру. «Ұшқыш болу – арман» мәтінін оқу, оқушыларға оқыту, талдау. Сөздік жұмыс.
Ұлт, мұрат сөздерінің мағынасын түсіндіру.
*Рефлексия
Интерактивті тақтада берілген сөздерді жаздырып, дыбыстық талдау жасату.
Ұрт құрт мұрт жұрт

ІҮ. Сабақты бекіту
Сөздік диктант
Ұшақ, ұшқыш, ұста, жұмыс, сұрақ, ұрпақ, құлын, құрық, құлақ, жұмбақ.
Сөздердің ішінен дауысты дыбыстардың астын сыз.

Ү. Сабақты қорыту.
- Сонымен қандай дыбыс туралы айтылды?
- Ұ дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?
- Ұ дыбысы бар сөз ойла, сөйлем ойлап тап.
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.
10 607
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
П дыбысы мен әрпі
П дыбысы мен әрпі
П п дыбысы мен әрпін таныстыру. П дыбысы дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпін таныту. Ю дыбысынан енген сөздерді буындап тұтас оқуға машықтандыру. Сауатты, көркем жазуға төселдіру, мәтінді түсініп оқуға үйрету.
Х дыбысы мен әрпі (слайд)
Х дыбысы мен әрпі (слайд)
Сабақтың тақырыбы: Хх дыбысы мен әрпі (слайд)
«Б» дыбысы мен әрпі
«Б» дыбысы мен әрпі
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №32 Жалпы орта мектеп - гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Кужакова Ляззат Кужабаевна
Ұ дыбысы және әрпі
Ұ дыбысы және әрпі
Ұ дыбысы және әрпі туралы білім беру. Ұ дыбысы бар сөздерді сауатты оқу және көркем жазуға үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×