Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Е дыбысы мен әрпі

19 қараша 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Е дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
1. Е дыбысы мен әрпін таныту, жазба және баспа әріптерімен таныстыру, жазуға үйрету.
2. Тіл байлығын дамыту, е, а, о, м, ж дыбыстарына дыбыстық мінездеме беру арқылы оқушылардың тілдерін жаттықтыру.
3. Шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке, дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу.
Көрнекті құралдар: суреттер, кеме макеті, кесте.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: ойын, сұрақ - жауап.
Технология: Cатылай кешенді талдау.

I. Ұйымдастыру кезеңі: Сабағымызды мына өлең шумағымен бастаймын. Оқушылар хормен айтады.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге!

II. Кіріспе әңгіме.
- Балалар, өткен сабақта қандай әріп, дыбыс өттік.
- Ол қандай дыбыс?
- Дауысты.
- Неге?
- Себебі, бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай, ауа еркін шығады.
а) Ойын: Әріп тастау. Үстелде жатқан әріптерден сөз құрау.( к, м, л, е, н, р, ң, е, а, а).
Осы әріптерден мынадай сөздер құрастыру тиіс: маса, кеме, ана, аң, ара.
Құрастырған сөздердің қайсысында е – дыбысы екі рет кездесіп тұр.
Бүгінгі сабағымыздың ұраны: «Мектеп – кеме, Білім - теңіз». Кеме терең мұхит, теңіздерді кезіп жүретін көлік құралы. Сондықтан да бүгінгі сабақта біз, білім теңізіне осындай әдемі кемемен жолға шығайық. Кеме сөзіне дыбыстық мінездеме беру. « Неге?» ойыны арқылы өтеді.
1. К - дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда, өкпеден шыққан ауыз қуысында түрлі кедергіге ұшырап, ауа қысылып шығады.
2. Үн мен салдырдың қатысына қарай - қатаң дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбыс тек салдырдан тұр.
3. Айтылу, жасалу тәсіліне қарай – шұғыл дауыссыздар. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда дыбыстау мүшелелері бір - біріне қатты соқтығысып ауа кілт үзіліп шығады, шұғыл шығады.
4. Жасалу орны мен дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай - тіл арты дауыссыз.

1. Е - дауысты дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда, өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай ауа еркін шығады.
2. Тілдің қатысына қарай - тіл алды немесе жіңішке дауысты дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда тілдің ұшы сәл ілгері созылып, үсті сәл төмендейді.
3. Жақтың ашылу дәрежесіне қарай е - жартылай ашық дауысты. Себебі, бұл дыбысты айтқанда жақ жартылай ашылып, ауа еркін шығады.
4. Ерін мен езудің қатысына қарай - езулік дауысты. Себебі, бұл дыбысты айтқанда ерін жиырылып, езу артқа қарай тартылады.

1. М - дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда, өкпеден шыққан ауа, ауыз қуысында түрлі кедергіге ұшырап ауа қысылып шығады.
2. Үн мен салдырдың қатысына қарай: Ұяң дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда, салдырдан гөрі үн басым.
3. Айтылу, жасалу тәсіліне қарай - ызың дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда дыбыстау мүшелері бір - біріне жуысып, ауа сүзіліп шығады.
4. Жасалу орны мен дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай – тіс дауыссыз.

III. Жаңа сабақ.
Оқулықпен жұмыс: а) Мәтінді мәнерлеп оқып беремін.
ә ) Сұрақтар қою арқылы, түсінгендерін тексеремін.
- Асқар кімнің інісі?
- Есен неше жаста?
- Олар кімді жақсы көреді?
- Мәтінде екі баланы кімдер деп айтуға болады? Отбасы мүшелері.
- Отбасы мүшелеріне тағы кімдер жатады? Әке, ана, әже, ата т. б
б) Оқушыларға тізбектей оқыту.

IV Сергіту сәті: « Бөбектер әні» би қимылдарын жасату.
Дәптермен жұмыс. 26 бет. Әріптермен, сөздерді көркем жазу.

Оқулықтан «Сөз құра»ойынын ауызша айтып өту.
Әтеш, әже, әуе, әлем, әсем, әке.
Лек, елік, етік, еден, емен, есек.

Не істеді? деген сұрақтарға жауап беретін сөздердің нені білдіретінін алдындағы жұмыс арқылы таныту. Заттың атын білдіретін сөздерге не істеді? деген сұрақ қойылады.

Оқулықпен жұмыс: Оқулықтағы сурет бойынша жұмыс жүргізіледі. Тірек сөздерді пайдалана отырып сөйлем құрайды. Әсел, кір, жуды, еден, көмектеседі, анасына, келді

«Қамшы», «Орамал тастау» екі ойын бір мезгілде ойналады. Қыздар «Орамал тастау», ұлдар «Қамшы» ойынын ойнайды. Ойынға оқулықтағы Кім? сұрағына жауап беретін сөздер алынады. Ойынның шарты: қамшыны, орамалды алған оқушы әріпке дыбыстық талдау жасау. Берілетін сөздер: ата, әже.
V. Бекіту. Есте сақтау қабілеттерін тексеруге мәтіннен үш сөйлем беріледі.
Асқардың нағашы әжесі Оралда.
Есеннің нағашы әжесі Оралда.
Асқар мен Есен Алматыда.
VI. Қорытынды: Бүгінгі сабақта Білім кемесімен бірге талай қиын да, қызық тапсырмаларды орындадық. Сабақ бойы кемеден қалмай ілесіп отырған оқушыларды атап өткім келеді. Оқушылар аталады, мадақталады.
10 350
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Жаңа технологияларды қолдана отырып Әә дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға, буын және оның түрлерін ажырата білуге үйрету.
Т дыбысы
Т дыбысы
Т дыбысының әріптік таңбалануын, жазылуын таныстыра отырып, оған дыбыстық мінездеме беру, білімдерін қалыптастыру. Зерек, байқағыш, алғырлыққа баулу
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сазды елді мекені, № 60 Ж. Түменбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Изкенова Мәншүк Боранбайқызы
К дыбысы мен әрпі
К дыбысы мен әрпі
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылы Т.Амандосов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нургул Жалгасова Кулмановна
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпі
Жезқазған қаласындағы № 10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ершаева Калдыгуль Танатаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×