Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шаңырақ. Фариза Оңғарсынова

20 қараша 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 4 – сынып
Сабақтың тақырыбы: Шаңырақ. Фариза Оңғарсынова
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып, Отан, отбасы, шаңырақ жайлы алған білімдерін толықтыра түсуге бағыт - бағдар беру. Өлеңнің мазмұны мен идеясын өз бетінше талдауға, аша білуге үйрету.
2. Өлеңнің идеялық мәнін түсіне отырып, сатылай кешенді талдау арқылы шапшаңдық, тапқырлық танытуға, сөйлеу мәнерін көркем әдеби тілмен өрнектей білуге бағыттау.
3. Отан және шаңырақ ұғымдарындағы ұқсастық арқылы өз Отанын, отба - сын құрмет тұтуға, қадірлеуге, адамгершілікке үйрету.
Көрнекілігі: ақын суреті, кітаптары, шаңырақ макеті.
Әдісі: Пайымдау, түсіндіру, талдау.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Қолданылатын технология: СКОТ

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа дайындалу. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

ІІ. Үй жұмысын тексеру, бағалау.
«Ақ ірімшік» мәтінінің мазмұнын сұрау, талдату.

ІІІ. Жаңа сабақ.
- «Шаңырақ» дегенді қалай түсінесіңдер? (өз ойларын айтады)
Автор туралы мәлімет беру.
Ф. Оңғарсынова – ақын, Қазақстанның халық жазушысы. Атырау облысы, Исатай ауданында қарасты Манаш ауылында дүниеге келген. Көптеген жыр жинақтары мен балаларға арналған кітаптары жарық көрген. Шығармалары негізінен әйел - ана тақырыбына арналады.
а) Өлең сөздеріне мән беріп, мәнерлеп оқу.
ә) Өлеңді сатылай кешенді талдату.
Шаңырақ
1. Автор.
2. Тақырып – автордың айтайын деген ойының негізгі арқауы. Бұл өлеңнің тақырыбы Отан ұғымын түсіндіру.
3. Жанр түрі – поэзия (өлең). Өлең дегеніміз – белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.
4. Идеясы дегеніміз – ақынның айтар ойы мен мақсаты. Бұл өлеңнің идеясы Отан от басынан басталатындығын ұғындыра келіп, балаларды ата - ана, дос - құрбы, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, перзенттік парызын ұмытпау керектігін айтады.
5. Шумақ – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. Бұл өлең 3 шумақтан тұр.
6. Тармақ – өлеңнің әр жолы. Бұл өлең 24 тармақты.
7. Бунақ дегеніміз – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі. Бұл өлең 2 - 3 - 4 бунақты.
8. Буын саны – дауысты дыбыстар санына байланысты болады. Бұл өлең 7 - 11 буынды.
9. Сөздік жұмысы.

Сергіту сәті: музыка ойнап тұрады.
Көңіл - күй, сезім толқыныстары кезінде әртүлі жаттығулар жасаған дұрыс.
- Көңіл - күйің қалыпқа келгенше 10 - ға дейін сана.
- Еденнен 5 - 6 рет көтерілу керек
- Өзіңе массаж жаса.
1. Иегің кеудеңе тигенше, басыңды алға еңкейт. Мойныңды соз, бірақ сіреспей, мойныңның бұлшық еттерін бос ұста.
2. Құлақ қалқанын жеңіл қимылмен айналдыра сипала.
3. Басыңды қолыңмен қаусырып құшақтап, алақаныңды құлағыңа тигіз.
4. Мойныңды сипап, иығыңды ысқыла.
10. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні. Әр оқушы өз ойымен түйіндейді.
4. Қорытынды.

«Шаңырағы» сөзіне фонологиялық талдау жасайды.
«Отан отбасынан басталады.» Сөйлемге синтаксистік талдау жасайды.
5. Бағалау.
6. Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу. 93 - бет. «Шаңырақ шаттығы» тақырыбында өлең құрастырып келу.
10 320
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қара шаңырақ
Қара шаңырақ
Ынтымақтастық, Қазақстандық патриотизм, тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы
Ахмет Байтұрсынұлы «Қара бұлт», «Анама хат»
Ахмет Байтұрсынұлы «Қара бұлт», «Анама хат»
Ахмет Байтұрсынов - тілші, әдебиетші, көркемсөз шебері, ақын, аудармашы, қоғам қайраткері екенін таныту. Өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып, идеясын ашу, сатылай кешенді талдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Қазақтың дәстүрлері
Қазақтың дәстүрлері
Фариза Оңғарсынова өмір жолы мен шығармашылығын тереңірек таныстыру. Қазақтың дәстүрлері туралы мағлұматтарын кеңейту. Өлеңнің мазмұны мен идеясын өз бетінше талдауға, аша білуге үйрету.
Қазақтың дәстүрлері. Фариза Оңғарсынова
Қазақтың дәстүрлері. Фариза Оңғарсынова
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлері. Фариза Оңғарсынова
Шаңырақ
Шаңырақ
Қызылорда облысы, №11 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Рашова Лиза Темирбековна
Фариза Оңғарсынова «Шаңырақ»
Фариза Оңғарсынова «Шаңырақ»
Қызылорда қаласы, № 178 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі А. Керейбаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×