Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бөлшектер мен үлестер

07 желтоқсан 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ашық сабақтың тақырыбы: "Бөлшектер мен үлестер. Олардың жазылуы"
Мақсаты:
1. Білімділік. Оқушыларға бөлшектер мен үлестер туралы, бөлшектердің алымы мен бөлімін, үлес сөзінің мағыналарын түсіндіру.
2. Дамытушылық. Оқушылардың логикалық ойлау, жылдам есептеу қабілеттерін дамыту, сызба және суреттегі есептер арқылы сабаққа қызығушылығын арттыру.
3. Тәрбиелік. Дәптерде және тақтада дұрыс жазу ережелерін сақтауға, топпен жұмыс жасау барысында бір - бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту
Әдіс - тәсілдері: топтық жұмыс, көрнекілік, түсіндіру, постер әдісі, әңгімелесу, бағдаршам әдісі, өзін - өзі бағалау.
Формасы: топтық, жеке
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Көрнекіліктері: интербелсенді тақта, флипчарт, топқа бөлінуге арналған үлестірмелі қимақағаздар, жеке тапсырмалар жазылған қима қағаздар, күн шуағы, суретті есептер, постер, сөзжұмбақ
1. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңберін құру. Барлығымыз шеңберге тұрайық. Көңіл - күйлерің қалай? Бүгінгі сабаққа дайынбыз ба? Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше өтпек. Себебі әр мектептен бізге қонақтар келіпті. Барлығымыз математикаға жақсы атсалысып, өзімізді жақсы қырынан көрсете білейік.

Психологиялық дайындық
Тақтадан Күнді көріп тұрмыз ба? Күнімізге не жетпей тұр? (күн шуақтары)
Олай болса, қонақтарымызға өзіміздің қандай екенімізді есіміміздің басқы әрпімен байланыстыра айтып, бір - бір шуақтан ілелік.
Мен, әдемі Әсеммін.
Мен, мейірімді Мұратқали. Мен әдемі Әлимін. Мен, талантты Талғатпын. Мен, мәдениетті Мағжанмын. Мен, намысшыл Нәбимін. Мен, дарынды Диаспын. Мен, мейірімді Мөлдірмін. Мен, талапты Тоқтармын. Мен, нық сөйлейтін Нұрлыбекпін. Мен, ақылды Айдынмын.
Жарайсыңдар, балалар! Біз Күн планетасын құрастырдық.

Топқа бөліну
Топқа бөліну. Қазір сіздерге қима қағаздар таратамын. Дөңгелек, тіктөртбұрыш, үшбұрыш топтары болып бөлінеміз.
Үшбұрышты құрастырған балалар үшбұрыш тобына, тіктөртбұрыш құрастырған балалар тіктөртұрыш тобына, дөңгелек құрастырған балалар дөңгелек тобына барады.
Әр топ өздерінің топ басшыларын тағайындасын, сіздерге бағалау парақтарыңды беремін. Топтағы балалардың аттарын жазамыз.
Топ ережесімен, бағалау парағының жұмысымен таныстыру.
Әр тапсырмаға белгілі бір уақыт қана беріледі. Ұпай қою барысына дейін үлгермесек, немесе тапсырма орындау кезінде шуласақ ұпай санын кемітеміз.

Өткенді пысықтау. Сөзжұмбақ
Бүгінгі сабағымызда біз Аспан әлеміне, яғни Күн жүйесіне сапарға шығамыз.
Күн жүйесінде неше планета бар? (9 планета). Күнге ең жақын орналасқан планета қалай аталатын еді? (Меркурий)
Дұрыс айтасыңдар, ендеше зымыранмен Меркурий планетасына аттанайық.
Меркурий планетасы бізге сөзжұмбақ дайындап қойыпты.
Сөзжұмбақ.
1. 1528 санындағы 8 саны қалай аталады? (бірлік)
2. Сызықтармен шектелген, барлық нүктелері центрінен бірдей қашықтықта жатқан фигура? (дөңгелек)
3. 250 мен 5 санының бөліндісі нешеге тең? (елу)
4. Барлық қабырғасы бір - біріне тең фигура қалай аталады? (шаршы)
5. Дөңгелектің шекарасын не дейміз? (шеңбер)
6. Уақыттың өлшем бірліктерінің бірі. (тәулік)
7. 810 мен 9 санының бөліндісі неше тең? (тоқсан)
8. Шеңбердің центрі арқылы өтетін, шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді қалай аталады? (диаметр)
9. Центрден шеңберге дейінгі жүргізілетін кесіндіні не дейміз? (радиус)
2. Жаңа сабаққа дайындық

Өмірмен байланыс Сонымен, өтетін тақырыбымыз – Бөлшектер мен үлестер және олардың жазылуы.
Бүгінгі сабақта білуіміз керек: бөлшектер мен үлестер, бөлшектердің алымы мен бөлімі дегеніміз не?
Көрсете білуіміз керек: 1) жаңа сабақты нақты түсіндіру; 2) суретті есептермен дұрыс жұмыс жасау; 3) есептерді жылдам әрі дұрыс шығару;

Тамаша, балалар. Бағалау парағына сөзжұмбақты шешу кезеңі бойынша ұпай қоюды ұмытпаймыз.
Меркурий планетасын аралап шықтық. Шолпан планетасы бізге шағын ғана сұрақтар дайындап қойыпты.
Оңай сұрақтар қойылады.
4 - сыныпта неше адам бар? (Мұғаліммен қосқанда)
Олардың нешеуі жігіттер, нешеуі қыздар? Олардың нешеуі мұғалім? Нешеуі оқушы?
Бұл сұраққа сабағымызға қатысты қып қалай айтуға болады?
(11 - дің 2 - уі қыздар, 11 - дің 9 - ы жігіттер, 11 - дің 1 - уі мұғалім, 11 - дің 10 - ы оқушылар.)
Бағалау парақтарына сұраққа жауап берген оқушыға ұпайларын қоямыз.

Жақсы. Ал, енді Жер планетасына аттанайық.

Жер планетасы жаңа тақырыпты түсіндіру тапсырмасын дайындап қойыпты.
Топ басшылары өздерінің тақтаға ілген геометриялық фигураларын бүгінгі сабақпен байланыстырып, жаңа тақырыпты түсіндіреді.
Мысалы, біздің топта шеңбер фигурасы.
Дөңгелек 9 бөлікке бөлінген, 9 - дан 2 - уі боялмаған. Мұндағы 9 саны бөлшектің бөлімі, 2 саны бөлшектің алымы. 2/9

Өте жақсы.
Жарайсыңдар, балалар. Бүгінгі жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі бойынша ұпай санын қойып шығамыз.
Марс планетасына сапарға аттану үшін 106 беттегі №2 есепті орындауымыз қажет.
Дәптерімізді ашамыз. Бүгінгі күнді, сынып жұмысын, тақырыпты жазамыз.

Қолымыз орнында,
Аяғымыз орнында.
Арқамыз қашанда түзу
Мақсатымыз әдемі жазу

Есептерді орындамас бұрын, күндегідей бағдаршам түстерін көтеруді ұмытпаймыз. Есепті толық түсінсек, жасыл; жартылай түсінсек, сары; мүлде түсінбей қалсақ, қызыл түсті көтереміз.
№2 есепті топпен шығарамыз.

Дөңгелек тобы І - топ:
№2 а)
Б: 1 - пойыз – 256 км
2 - пойыз – 128 км
2 қаланың S -? км
Ш: 256 км + 128 км = 384 км
Ж: 2 қаланың S – 384 км

Тіктөртбұрыш тобы ІІ - топ:
№ ә)
Б: 1 - шаңғышы – 6 км 25 м
S – 2 км
2 - шаңғышы – 3 км 13 м
2 ауылдың S –? км
Ш: 6 км 25 м + 3 км 13 м + 2 км = 11 км 38 м
Ж: 2 ауылдың S – 11 км 38 м

Үшбұрыш тобы ІІІ - топ:
№ б)
Б: Салт атты – 1 мин=200 м
1 сағатта -? км
Ш: 60 мин = 12000 м 12000 м = 12 км
Ж: 1 сағатта 12 км

Әр топтан баяндаушы постерді тақтаға іліп, жазған есептерін қысқаша айтып өтеді.
Бағалау парақтарына ұпай сандарын қойып, топ басшысы қойған ұпайының себебін айтып өтеді.
Өте жақсы, балалар!
Қолға арналған жаттығу жасау.
Жаза - жаза жазуды
Талып қалды қолымыз
Бой сергітіп алайық
Қайта жазу жазайық.
Керемет, Марс планетасында бір сергіп алдық.
Юпитер планетасы. Юпитер планетасына саяхат жасау үшін бір ойын ойнайық.
«Жылдам ойла» ойыны. Әр топқа кезекпен оңай есептер беріледі. Қолымызды көтеріп қана тез жауап айтуымыз қажет. Келістік пе?
Бөлшектер бойынша 1 сұрақтан беру. Бөлшек түрінде айтып, қай сан бөлшектің алымы, қай сан бөлшектің бөлімі екенін айтуы керек.
Кез келген санның квадратын табу
Есептің шешуін тез табу.

Дөңгелек тобы І - топ:
Дөңгелек тобы, алма 4 бөлікке бөлінген, 2 бөлігі тәрелкеге салынған сурет көрсетіледі. Неше бөлігі тәрелкеге салынды? Бөлшек түрінде айтып, қай сан бөлшектің алымы, қай сан бөлшектің бөлімі екенін айтуы керек.
8 санының квадраты нешеге тең? (64)
9 саны мен 30 санының көбейтіндісі нешеге тең? (270)

Тіктөртбұрыш тобы ІІ - топ:
Тіктөртбұрыш тобы, бөлке нан 10 бөлікке бөлінген 4 бөлігі ыдысқа салынды.
9 санының квадраты нешеге тең? (81)
10 саны мен 25 санының көбейтіндісі нешеге тең? (250)

Үшбұрыш тобы ІІІ - топ:
Үшбұрыш тобы, тәтті нан 5 бөлікке бөлінген 1 бөлігін Мадина алды.
7 санының квадраты нешеге тең? (49)
30 саны мен 8 санының көбейтіндісі нешеге тең? (240)
Жарайсыңдар! Марс планетасының ойыны жақсы екен, ия, балалар?
«Жылдам ойла» ойыны бойынша бағаларын қойып шығамыз.

Сатурн планетасы.
Аяққа арналған жаттығу жасау. (Видео )

Жарайсыңдар, балалар! Ал, енді Уран планетасына да келдік.
№4есеп. Есептердің сызбасын толықтыр.

Дөңгелек тобы І - топ:
А) Екі ауылдан велосипедшілер бір - біріне қарама - қарсы бағытта жолға шықты. 1 - велосипедшінің жылдамдығы – 17 км/сағ, 2 - велосипедшінің жылдамдығы – 13 км/сағ. Екі ауылдың арақашықтығы 90 км - ге тең. Неше сағаттан кейін олар кездеседі?
t=s: V
t=90км: (13км/сағ+17км/сағ)=90: 30=3

Тіктөртбұрыш тобы ІІ - топ:
Ә) 1 - шаңғышы ауылдан 14 км/сағ жылдамдықпен жолға шықты. Оған қарама - қарсы бағытта стансадан 4 км/сағ жылдамдықпен 2 - шаңғышы шықты. 2 сағатта олар бір - бірімен кезіккен болса, ауыл мен стансаның арақашықтығы қанша?
S=V*t
13. 00 – 11. 00=2
S= (14км/сағ+4км/сағ) * 2 сағ=20*2=40

Үшбұрыш тобы ІІІ - топ:
Б) Үйден мектепке дейін 1 - жаяу жүргінші 6 км/сағ жылдамдықпен, мектептен үйге дейін 2 - жаяу жүргінші 4 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Мектеп пен үйдің арақашықтығы 20 км. Неше сағаттан кейін олар бір - бірін жолықтырады?
t=s: V
t=20км: (6км/сағ+4км/сағ)=20: 10=2

Әр топ №4 есеп бойынша бағалау парағын толтырып, қорытындылаймыз.
Бойымызды сергіту үшін, орнымыздан тұрып жаттығулар жасайық.
Нептун планетасы.
№5 есеп. Есепте.
15: 3=5 14: 7=2
600: 3=200 364: 7=52
615: 3=205 25: 5=5
350: 7=50 250: 5=50
275: 5=55
280: 4=70
32: 4=8
312: 4=78
Әр топ №5 есеп бойынша бағалау парағын толтырып, қорытындылаймыз.
Тамаша, Нептун планетасынан соң күн жүйесінде Плутон деген планета бар.

Плутон планетасы өте суық болғандықтан біз онда көп бола алмаймыз. Сондықтан, тестті жылдам орындаймыз. Қағазға дұрыс жауабын белгілеп жазамыз.

9/20 бөлшегінің алымын белгіле.
А) 9 Ә) 20 Б) 9/20
8/15 бөлшегінің бөлімін белгіле.
А) 8 Ә) 15 Б) 8/15
1000 саны мен 4 санының бөліндісі нешеге тең?
А) 500 Ә) 200 Б) 250
10 санының квадраты (102) нешеге тең?
А) 20 Ә) 100 Б) 1000
5*х=35 - 15 теңдеуінің шешімі қанша?
А) 4 Ә) 5 Б) 3

5 – «5»
4 – «4»
3 – «3»
2 - 1 – «2»
Тест бойынша қорытындыларын айтып өтейік.
Мінеки, біз Күн жүйесіне саяхат жасап келдік.
Қане, топ басшылары орындарынан тұрып тобындағы оқушылардың бағасын айтып жіберсін.

Үйге тапсырма: 107 бет. № 6 есеп. Теңдеуді шығару. Күнделігімізді ашып, үй жұмысын жазып аламыз.
Сендердің алдарыңда ашық күн, бұлтты күн, бұлттар жатыр.
Бүгін сабақта «мен барлық тапсырмаларды жақсы орындадым, сабаққа жақсы қатыстым» десек, ашық күнді, егер «мен бүгін кей тапсырманы дұрыс орындамады, бірақ барлық тапсырманы жақсы орындауға тырыстым» десек, бұлтты күнді, егер «мен бүгінгі сабақта көп тапсырманы дұрыс орындамадым» десек бұлтты тақтаға ілеміз.
Бүгінгі сабақ ұнаған болса жасыл түсті, шамалы ұнаған болса сары түсті, мүлде ұнамаған болса қызыл түсті көтереміз.
Тамаша, осымен сабағымыз аяқталды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 261
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үлестер. Жай бөлшектер
Үлестер. Жай бөлшектер
Жай бөлшектің негізгі қасиетін және жай бөлшекті қысқарту ережесін есептер шығаруда қолдана білу
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайтуды меңгерту және жүйелеу. Ондық бөлшектердің жай бөлшектермен, жай бөлшектердің ондық бөлшектермен жазылуын және оқылуын үйрету. Біліктерін логикалық оймен іске асыра білу.
Үлестер мен бөлшектер
Үлестер мен бөлшектер
Бастауыш сынып мұғалімі: Аккулова Лаззат
Дұрыс бөлшектер. Бұрыс бөлшектер
Дұрыс бөлшектер. Бұрыс бөлшектер
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы Ырғыз орыс орта мектебінің математика пәні мұғалімі Нұртаза Галина
Бөлшектер мен үлестер. Олардың жазылуы
Бөлшектер мен үлестер. Олардың жазылуы
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Аманова Т. С
Бөлшектер мен үлестер. Олардың жазылуы
Бөлшектер мен үлестер. Олардың жазылуы
Бөлшектер, үлестер туралы ұғым беру. Бөлшектің бөлімі, бөлшектің алымы туралы түсінік беру. Бөлшектердің дұрыс жазылуын үйрету; қозғалысқа берілген есептер шығару; қалдықпен бөлуді, теңдеу шешуді қайталау.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×