Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан - достық мекені

11 желтоқсан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Қазақстан - достық мекені» атты сурет көрмесі
Мақсаты: Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер.
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
Формасы: сурет көрмесі
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
( Оқушыларды дөңгелетіп отырғызу)
Оқушыларды дөңгеленте отырғызып, сабақтың тақырыбымен таныстырамын.
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан
- Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.
- Қазақстан қандай мемлекет?
- Дұрыс, тәуелсіз, көпұлтты, егеменді, тату мемлекет
- Ал, сендер қандай мектепте оқисыңдар?
- Неліктен ұлттық мектеп деп аталады?
- Біздің мектепте қандай ұлттар оқиды?
Балалар бізде осы апта – Тілдер апталығы деп аталады. Сондықтан біз сендермен біз бүгін « Қазақстан - достық мекені» тақырыбында сурет көрмесін өткізгелі отырмыз
- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай Қазақстан туралы шағын кинофильм көрсек.
(Қазақстан туралы фильм көрсету)
- Балалар мүмкін Қазақстан туралы өлең біледі шығармыз?
- Кәне, кім біледі?
- Кәне, Өмірбек; Отан - жерім, Отан - суым,
Отан - қуат, нәр береді.
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді.

- Жарайсыңдар балалар, ендеше «Қазақстан - достық мекені» атты сурет салуымызды бастайық.
Қорытынды:
Қазақстан - сен заңғар биіксің, кеңсің.
Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз.
Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.
Оқушылар сіздерге көп - көп рахмет.
Сау болыңыздар!
8 699
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен - патриотпын
Мен - патриотпын
Ұлы дала елін сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге, бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту
Менің елім – Қазақстан
Менің елім – Қазақстан
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Менің елім - Қазақстан
Менің елім - Қазақстан
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беру орта мектебі»ММ Бастауыш сынып мұғалімі Абдуллаева Айгул Дуйсенбековна
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты: Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×