Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен - патриотпын

05 сәуір 2019, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: Мен - патриотпын
Мақсаты: Оқушыларды Ұлы дала елін сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге, бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту. Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту, оқушыларды ұлтжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, қанатты сөздер, гүлдер, видео - ролик

Барысы:
Негізгі бөлім: – Сәлеметсіздер ме оқушылар! Тәрбие сағатымызды Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бастағалы отырмын “Біз “Ұлы Дала елі” деп аталуымыз керек деп есептеймін. Кейбіреуі өздерін “аспан асты елі, ал кейбірі “Күншығыс елі” деп атайды. Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Бұл даланы біздің ата - бабамыз бізге қалдыру үшін қанын төгіп қорғаған. “Қазақстан” деген атаумен қатар, “Ұлы Дала елі” атауы да қолданылса дұрыс болады деп ойлаймын”.

Видео - ролик көрсету

Биыл 2017 жыл айтулы күндерге толы жыл, атап айтар болсақ, Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл, Конституциямыздың қабылдануына 21 жыл, Ж. Досмұхамедовтің туылғанына 130 жыл, Алаш қозғалысына - 100 жыл, Сырым Датұлына - 75 жыл, Халықаралық ЕХРО көрмесі еліміздің бас қаласы - Астанада ұйымдастырылып отыр. Халықаралық ЕХРО көрмесіне 100 - ден астам ұлттар келіп қатысып, өз елінің көрмелерімен таныстыруда. Осы көрмеге барып қайтқан оқушылардан өз ойларымен бөлісулерін сұраймыз
Оқушылардың ой - пікірлерін тыңдау

Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы – болашақ табыстардың негізі. Ал ең бастысы – еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 20 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Мәңгілік ел - ата - бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман - тұрмысы бақ - қуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.
Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық.
Мәңгілік елдің іргетасын қаладық.

Топпен жұмыс
Оқушыларды топ - топқа бөлу үшін қағаздарға топ аттары жазылып жасырылады. Кім қай топты таңдаса, сол топқа кіреді.
1 - топ Отаншыл
2 - топ Намысшыл
3 - топ Білімді

Ой шақыру.
- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз.

Отан деген не?
(Балалардың пікірлері)
– Отан – бұл біз тұрып жатқан жер. Біздің туып, өскен ауыл. Отан - бұл біздің ата - әжеміз, әке - шешеміз, туыстарымыз.
– Дұрыс, Отанына деген сезім – әр азамат үшін ең маңызды сезім. Оны алуан шығармалар, өлеңдер, суреттер арқылы сезінуге болады. Дарынды ақындар, суретшілер, музыканттар өз туған жерінің ғажайып табиғатын, сұлулығын көптеген өлеңдер, суреттер, музыкалық шығармалар арқылы мақтан етіп жазған.

Постер қорғау
Оқушыларға адамның азаматтық патриоттық ұстанымдарын сипаттайтын қасиеттерін анықтау
1 - топ: Патриот деген ол.....
2 - топ: Патриот емес адамның қасиеті
3 - топ: Маған тән қасиеттер...

Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;
Туған жерге деген ыстық сезім;
Ата - баба өсиетіне адал болу;
Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;
Бойындағы күш - қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;
Ана тіліне деген құрмет;
Өз халқының әдет - ғұрпын және салт - дәстүрін құрметтеу;
Елдің тарихын құрметтеу;
Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;
Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;
Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;
Заңға бағыну;
Үкіметті сыйлау;
Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;
Туған жерге, ата - бабасы жатқан жерге құштарлық;
Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;
Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру

Сұрақ - жауап
- Азаматтық патриотизм деген не?
- Ұлттық таным дегеніміз не?
- Мәңгілік Ел ұғымын қалай түсінесің?
- Ұлттық құндылықтарға нелер жатады?
- Азаматтық қоғам дегеніміз не?
Оқушылардың ой - пікірлерін тыңдау

Жақсылық – рефлексия
(Оқушыларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)
– Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап, алысқа жетелейтін армандарыңды тілеңдер. (Жіп мұғалімге келеді.)
– Бізбен жіп не істеді?
– Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме? (окушылардың пікірі)
– Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір - бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек. Мектепте болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құр¬меттеп, еліміздің өсіп - өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.
Тәрбие сағатын Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп тұр: “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату.

Ж. Досмұхамедов атындағы
жалпы білім беретін орта мектеп – балабақша кешені
9 сынып жетекшісі: Амангалиева А. С.
Мен - патриотпын жүктеу
9 685
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің елім – Қазақстан
Менің елім – Қазақстан
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Менің елім - Қазақстан
Менің елім - Қазақстан
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту
Менің Қазақстаным
Менің Қазақстаным
Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беру орта мектебі»ММ Бастауыш сынып мұғалімі Абдуллаева Айгул Дуйсенбековна
Қазақстан - достық мекені
Қазақстан - достық мекені
СҚО, Петропавл қаласының №17 Ұлттық өркендеу орта мектеп – кешенінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ескендірова Қымбат Неғметжанқызы
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты: Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×