Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің Отаным - Қазақстан

03 наурыз 2015, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Менің Отаным - Қазақстан»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Отанын сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту.
Дамытушылық: Отанын, туған жерін, туған елін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата-мекенін көзінің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Оқушылардың бойына Отансүйгіштік қасиеттерін, ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын
дамыту.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, интерактивті тақта, суреттер, Қазақстан Республикасының кар - тасы, еліміздің рәміздері,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Отан – қамқор анамыз,
Біз болашақ панамыз.
Шаттық берген өмірде,
Шамшырақтай жанамыз.
Мұғалім: Біздің Отанымыз – Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жылдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз.
Осыған орай « Менің Отаным – Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Рахат:
Естігенде көк аспанның астында,
Тік тұрыңдар айтылғанда Әнұран.
Бар қазақтың үніндей шарықта,
Шарықташы, Әнұраным, шарықта!
Оны айтуға, жас ұлан, жалықпа.
Хор: Мемлекеттік Әнұран айтылады.
- Кәне балалар Отан деген не?
Дариға:
Отан дегеніміз – адамның туып – өскен жері, туған – туысқандарымен, жақындарымен, бірге тұратын атамекен. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны Қазақстан Республикасы
Асемай:
Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасының жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та, қырат та кездеседі. Үлкен – үлкен көлдер, өзендер бар. Республикамыз өсімдікке, жануарларға, қазба байлыққа бай.
Асыл:
Осы Қазақстанның жас қыраны екенімді мақтан етем. Оның бай тарихын зердеме түйіп, ертеңгі азаматы болу үшін білім аламын, еңбек етемін. Кешегі тарих жолында елдің ел болуына қызмет еткен халқымыздың асыл ұлдарына ұқсап өсемін
Алихан:
Отаным менің кең байтақ, әрі бай. Онда әр түрлі халықтар тұрады. Олар бір - бірімен тату дос. Қазақ халықты ешуақытта соғыс тілемейді бейбітшілік үшін күреседі.
Асемай:
Отан, Отан
Сен болмасаң не етер ем?
Мәңгілік бақытсыз боп өтер ем!
Өмірден бұл өксуменен кетер ем,-
Байқайсың ба, байтақ далам қалай паң,
Өң бойыңнан өзгеше бір тарайды ән!
Ән салдырып, тамсандырып әлемді
Аппақ сүттей келеді атып арай таң -
Дегендей, Егемендігін бүкіл әлемге паш еткен халқымыз бүгінгі таңда тәуелсіз елдің туы астында өмір сүріп жатырғанымыз Егемендігіміздің арқасы.
Нұрасыл:
Он алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік,
Ел жадында қалған күн.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 753
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен - патриотпын
Мен - патриотпын
Ұлы дала елін сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге, бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту
Менің елім – Қазақстан
Менің елім – Қазақстан
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Менің елім - Қазақстан
Менің елім - Қазақстан
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту
Қазақстан - достық мекені
Қазақстан - достық мекені
СҚО, Петропавл қаласының №17 Ұлттық өркендеу орта мектеп – кешенінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ескендірова Қымбат Неғметжанқызы
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты: Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×