Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің елім – Қазақстан

27 қыркүйек 2018, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының тақырыбы: Менің елім – Қазақстан.
Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу; Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер.
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
Формасы: саяхат - сабақ
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
- Балалар, 1 - қыркүйек Білім күні құтты болсын!
Бүгінгі біздің алғашқы сабағымызда өздеріңмен бірге саяхатқа шығамыз.
Түрлі тапсырмалар орындау арқылы өз Отанымыз туралы білетін боламыз. Сабағымызды бастамас бұрын ынтымақтастық атмосферасын орнатып, бір - бірімізге, елімізге деген ізгі тілектерімізді айтайық.
Шаттық шеңбері:
1. Көгілдір аспанымыз ашық болсын!
2. Күніміз жарқыраған жарқын болсын!
3. Жер беті мейірім мен шапағатқа бөленсін.
4. Білім күні құтты болсын!
5. Қазағымды бүкіл әлем танысын.
6. Келешекте өрісіміз кең болсын,
7. Жайна мәңгі тәуелсіз ел – Қазақстан!
8. Жасасын, еркін Қазақ елі!
9. Шарықтап биіктен көрінсін қазақ елі.
10. Шарықта, шарла көкті көк Байрағым,
11. Әлем кезіп, Әнұраным айтылсын
12. Биікке қалықта Елтаңбасы - елімнің.
13. Бейбіт өмір жасасын!
14. Білімді оқушылар көп болсын!
15. Ұлттар достығы жасасын!

- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан
- (видео көрсету 2 мин ) Қазақстан республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз.
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр. Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.
Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді.
- Біздің астанамыз қай қала?
- (видео көрсету 2 мин) Астана
- Балалар, бүгін біз Қазақстанның қаласына барып, оның тамаша көрікті жерлеріне саяхатқа шығайық.

Алғашқы тапсырма арқылы өткенге шолу жасайықшы. Өткен жылдар қандай ерекшеліктерімен есімізде қалды. Мына хаттардың ішінде саяхатқа қандай көлікпен шығатындарың көрсетілген және тапсырманы дұрыс орындаған жағдайда ҚР - ның облыстарын білетін боламыз.

№1 тапсырма. «Сандар сөйлейді»
1 топ
ҚР тұңғыш президенті кім?
1991 жылы 1 - желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың президенті етіп сайлады.
2 топ
- ҚР - ның мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды?
Иманғали 1992 жылы 4 маусымда Президент Қазақстан республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы Қазақстан республикасының заңдарына қол қойды.
3 топ
- ҚР - ның төл теңгесі айналымға қашан енгізілді?
1993 жылы 12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.

Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар. Бұл халық бірлігінің белгілері. (ҚР - ның рәміздері туралы видео көрсету). Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу — әрбір азаматтың міндеті. Тапқышбектің келесі тапсырмасы рәміздерге байланысты болмақ.
- Мемлекеттік рәміздерді кім атайды?
- Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран.
№2 тапсырма: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын қалай суреттер едіңдер?
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс – ашық аспанның, тыныштықтың белгісін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып сәулесін төгеді. Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп ұшып бара жатқан ақиық қыран құс – ерлік белгісі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының сол жағында қызыл түсті ою — өрнегі бар тік жолақ орналасқан, бұл қазақ елінің ұлттық әшекейі. Алтын күн. Қыран және ою — өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай – берекесі, тыныштықпен байлықтың белгісі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков.

Сергіту сәті
Өзіммен өзім.
- Біз барлығымыз ыңғайланып отырайық. Көзімізді жұмсақ та болады. Өзімізді «Достық пен бірліктің» елінде жүрміз деп елестетейік. Бұл елде үлкендерді құрметтеп, кішілерге қамқорлық жасайтын, Отанын сүйетін, жүректері мейірім мен сүйіспеншілікке толы, денсаулығы мықты, ер жүрек адамдар мекен етеді. Солардың ішіндегі ең қадірлі адамдар әрине біздің әрқайсымыздың ата - анамыз, ең сүйкімді де қылықтысы әрине біздің кішкентай балаларымыз. Олар қашан да бір - біріне көмек көрсетуден, қамқорлық жасаудан шаршамайды. Біз барлығымыз осындай достық пен бірлік елінде өмір сүріп жатқанымызға қуануымыз керек.

Біздің елімізде орнаған достық пен бірліктің арқасында елімізде 130 астам ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүріп жатыр.
Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті - кеңесші орган ретінде құрылды. Содан бері Ассамблеяның құрылғанына 20 жыл болды.

№3 тапсырма: Қазақстан республикасының мемлекеттік елтаңбасында не бейнеленген?
Қазақстан республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді.
Қазақстан республикасының мемлекеттік елтаңбасында қанатты тұлпар бейнеленген, оның мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп халықты қасіреттерден азат еткен, еліміздің азаттығымен жеңімпаздығының белгісі.
Қазақстан республикасының мемлекеттік елтаңбасында бидай бейнеленген, ал бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шот - Аман Уәлиханов.

№4 тапсырма: Мемлекеттік рәміздердің келесісі туралы не айтар едіңдер?
Кез – келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы — Әнұран. Әнұран мемлекеттік салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған
Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні байрағынан таныған
Өзі ақын, өзі әнші халықта
Кім айта алар
Болмаған, - деп - Әнұран?!

Мен қазақпын, ұланымын қазақтың
Тәуелсізбін, егеменмін, озатпын
Көк байрағым тұр көгімде желбіреп
Алатаудай көкке өрлеген азатпен

Қазақстан Республикасының әнұранының сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Ал әнін жазған Шәмші Қалдаяқов
Қазақстан - Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.

№5 тапсырма:
1-топ Тәуелсіз ҚР - ның астанасы қай қала?
2-топ Биыл 2015 жылы Қазақ хандығының құрылғанына неше жыл?
3-топ Биыл Ата заңымызға неше жыл?
Бір ата, бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз!- дей отырып, ашық тәрбие сағатымызды қорытындылаймыз!

Алматы облысы, Ақсу ауданы,
Қарашілік орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Исабекова Айгүл Кәрібайқызы
Менің елім – Қазақстан. жүктеу
2 872
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен - патриотпын
Мен - патриотпын
Ұлы дала елін сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге, бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту
Менің елім - Қазақстан
Менің елім - Қазақстан
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беру орта мектебі»ММ Бастауыш сынып мұғалімі Абдуллаева Айгул Дуйсенбековна
Қазақстан - достық мекені
Қазақстан - достық мекені
СҚО, Петропавл қаласының №17 Ұлттық өркендеу орта мектеп – кешенінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ескендірова Қымбат Неғметжанқызы
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты: Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×