Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біріккен сөздер

16 желтоқсан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сыныбы:4 «В»
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер 38 - 43 жаттығу
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: кейбір сөздер бірнеше түбірлерден құралып, бірігіп жазылатынын мысалдар арқылы түсіндіру. Жер - су аттарын білдіретінін біріккен сөздердегі қатар келген екі дауысты дыбыс сақталып жазылатынын айту. Екі сөзден тұратын кісі аттарындағы қатар келген екі дауысты дыбыстың бірі түсіріліп жазылатынын айту.
ә) Дамытушылық: ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілетін арттыру. Топпен шығармашылық жұмыс істеуге үйрету.
б) Тәрбиелілік: оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, жинақылыққа, сауаттылыққа әрі көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгіме, баяндау,
Пән аралық байланыс: математика, дүниетану, бейнелеу, ана тілі.
Сабақтың көрнекілігі: Арнау сөз, Ғ. Мұстафиннің портреті, мазмұнды суреттер, плакат, дидактикалық ойындар, т. б.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын алдыру.
Назарын сабаққа аудару

ІІ. Психологиялық дайындық
Күлімдеп күн бүгін, (қолдарын көтереді.)
Қарады маған да! (қолдарын кеуделеріне қояды.)
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады саған да! (қасындағы балаға қарайды)
Сәлем деймін достарға!
Сәлем барша ұстазға!
Тату болып халықтар,
Аман болсын балалар!

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
36 – жаттығу
Көп нүктенің орнына тиісті біріккен сөздерді тауып жаз.
І - топ ІІ - топ
1. Аңдар -------- 3. Өсімдіктер -------------------
2. Құстар ------- 4. Жер, су аттары ----------------

Ереже сұрау Хормен оқушыларға оқыту
Кейбір сөздер екі түбірден құралады. Екі түбірден жасалған сөз біріккен сөз деп аталады. Біріккен сөзді құрайтын түбірлер бірігіп жазылады. Өйткені екі түбірден құралғанымен бір ғана мағынаны береді, бір ғана сұраққа жауап береді.

ІУ Жаңа сабақ
Эпиграф
Білем деме, балам
Білмейтінің көп шығар
Бұл дүниеде сірә,
Бәрін білген жоқ шығар – дегендей, біздің білгеніміз – бір тоғыз, білмейтініміз – тоқсан тоғыз.
Сондықтан бүгінгі сабағымыздың мақсаты – білімімізді тереңдету, жадымызда сақтап, пайдалана, қолдана білу. Сауатты да әдемі жазу дағдысын қалыптастыру.
Ғабиден Мұстафин қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткерінің мына бір арнау сөзіне назар аударайық
Мұстафин Ғабиден (1902 - 1985) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері
Арнау сөз
«Мұралардың ең қымбаты – сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады. Күн жылытпас суық көңілді жылытады. Асылы адам да, нәрсе де тозады, жоғалады. Ал асыл сөз мәңгі жасайды.»
(Ғ. Мұстафин)

Мұғалім түсіндірмесі:
Өткен сабақта біз ертеде «Сөзстан» деген бір ақсақал өмір сүргенін айттық. Енді осы ақсақалдың төрт ұлы бар екен. Олардың аттары «Күрделі сөз», «Біріккен сөз», «Қос сөз» «Қысқарған сөз». Біріккен сөз ынтымақта, бірлікте, татулықта өмір сүріпті. Балалары да тату болып, бір - бірінен ажырамай, ұйымшыл болған екен. Біз бүгін «Күрделі сөз» ақсақалдың «Біріккен сөз» ұлының өмір тарихымен тереңдете танысамыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 969
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөз туралы түсінік бере отырып, кейбір сөздердің бірнеше түбірлерден құралып, бірігіп жазылатынын мысалдар арқылы түсіндіру.
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер туралы мағлұмат беру, екі түбірдің бірігуі арқылы жасалып, тұтас бір ұғымды беріп, бір сұраққа жауап беретінін ұғындыру. Сөйлем ішінен біріккен сөздерді таба білуге, әртүрлі түбірлерден біріккен сөздер жасап алуға үйрету.
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Кенжебекова Жұлдыз Советқызы
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
ШҚО Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш класс мұғалімі Смаилова Динара Асқарқызы
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Сарсенгалиева Сауле Садуакасовна
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Жубангарина Алма Болатқызы Ақтөбе қаласы, Россовхоз орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×