Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біріккен сөздер

05 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Бастауышта қазақ тілі пәнінен берілетін білім грамматикалық сауаттылықтың негізін қалайды. Сондықтан да әр сабақтың мазмұнды, теориялық жағынан ұстамды, әдістемелік жағынан түрлендіріп жүргізілгені дұрыс. Сонымен қатар оқушылардың сауатты жазуы, орфографиялық қағидаларды меңгеруі үнемі назарда болуы керек деп есептеймін. Сол мақсатпен жүргізілген сабағымның жоспары.

Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.
(Ж. Молдағалиев)

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер
Сабақтың мақсаты:
б) кейбір сөздер бірнеше түбірлерден құралып, бірігіп жазылатынын мысалдар арқылы түсіндіру. Жер - су аттарын білдіретінін біріккен сөздердегі қатар келген екі дауысты дыбыс сақталып жазылатынын айту. Екі сөзден тұратын кісі аттарындағы қатар келген екі дауысты дыбыстың бірі түсіріліп жазылатынын айту.
д) ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілетін арттыру. Топпен шығармашылық жұмыс істеуге үйрету.
т) оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, жинақылыққа, сауаттылыққа әрі көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ
Ерте, ерте, ертеде Сөзстан деген елде бір ақсақал өмір сүріпті. Ол ақсақалдың аты – Күрделі сөздер екен. Оның үш ұлы болыпты. Біріккен сөз, Қос сөз, Қысқарған сөз. Біріккен сөз ынтымақта, бірлікте бақытты өмір кешіпті. Балалары да тату болып, бір - бірінен ажырамай, ұйымшыл болған екен.
Күрделі сөздер

Біріккен сөздер
Қос сөздер
Қысқарған сөздер

Біріккен сөздер

Адам аттары
жер - су аттары
аң - құс аттары
өсімдік аттары
ойын аттары

IV. Оқулықпен жұмыс
Әр сөз неше түбірден құралған
Айнабұлақ, қосаяқ, Тескенсу, итмұрын, Алакөл, Ботагөз, Талдықорған, Есдәулет, аққу, ақбөкен, шаңсорғыш, балмұздақ.
V. Білгенге маржан
Біріккен сөздердің арасына қосу белгісін қойып жазу.
1. Қосқұдық
2. Қаржал
3. Ақтеңіз
4. Ақтөс

VІ. Сергіту сәті.
Бүгін теледидардан қандай бағдарлама болатынын естеріңізге саламыз
8. 00 – Жаңалықтар
8. 20 – Тілашар
9. 15 – Аңсар
10. 10 – Көзайым
11. 20 - Бағдаршам
15. 10 – Жетісаз
15. 45 – Жансусар
18. 40 Баспасөз - 2005
19. 40 – Қалаймақан
20. 20 – Ақжүніс
21. 05 – көркем фильм Ботагөз
Тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет, оқушылар біріккен сөздерді тауып қол соғу арқылы білдіреді.

VІІ. Дәптермен жұмыс
Ақ маңдай Алатаудың асқарынан
Түрленген Тарбағатай тастарынан.
Дәрі үшін даярлайды шипа шөпті,
Бурабай, Баянауыл бастарынан.
VІІІ. Мақал – мәтел
Дәрі шөптен шығады
Дана көптен шығады.
Қандай шөптер атын білеміз? /итмұрын, шайқұрай/

ІХ. Шығармашылық жұмыс
1 топ. Аңдардың аты
2 топ Құстардың аты
3 топ Жәндіктердің аты
4 топ Балықтардың аты

Х. Дамытушылық тапсырма
1 - тапсырма:
1. Таудың суретін сал, салған суретке атын жаз.
2. Ағып жатқан бұлақты сал.
3. Шөптің суретін сал
4. Балықтың суретін сал.
2 - тапсырма:
Айнабұлақ
Алабота
Алабұға

2 - топ Сөйлем құрау /Аққу, Есдәулет/
ХІ. Қорытындылау
- Сонымен, біз бүгін сабақта қандай тақырып өттік. Не үйрендік?
Біріккен сөз

Аққұйрық
Марқакөл
Қараторғай
Итмұрын
Жолжелкен
ХІІ. Үйге тапсырма 230 - жаттығу
ХІІІ. Сабаққа тиянақты қатысқан барлық оқушыларды бағалау
17 128
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөз туралы түсінік бере отырып, кейбір сөздердің бірнеше түбірлерден құралып, бірігіп жазылатынын мысалдар арқылы түсіндіру.
Тіл - ұлттың жаны
Тіл - ұлттың жаны
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылында Ш. Уалиханов мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мыкиянова Саркыт Турсынгалиевна
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Алтынсарин атындағы №204 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ізбасқанова Алтын
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Кенжебекова Жұлдыз Советқызы
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөз туралы түсінік Біріккен сөздердің жазылу ережесі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×