Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біріккен сөздер

26 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер.

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Біріккен сөз туралы ұғымдармен таныстыра отырып жаттығу жұмыстарын орындау. Кейбір сөздер бірнеше түбірлерден құралып бірігіп жазылатынын мысалдар арқылы түсіндіру.
ә) Дамытушылық: Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
б) Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздылыққа, жинақылыққа, сауаттылыққа, әрі көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Көрнекіліктер: карточкалар, суреттер.

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа әзірліктерін қалыптастыру, көңіл - күйлерін байқау.
Ой жаттығуы: Оқушылардың ойын жаттықтыру, сабаққа дайындалып алу.

II Үй тапсырмасын сұрау.
«Қыс» тақырыбына шығарма жазу, ішінде күрделі сөз болу.

III Жаңа сабақ.
Ерте, ерте, ертеде «Сөзстан» деген елде бір ақсақал өмір сүріпті. Ол ақсақалдың аты «Күрделі сөз» екен. Оның үш ұлы болыпты. Біріккен сөз, Қос сөз, Қысқарған сөз. Біріккен сөз бірлікте, ынтымақта, бақытты өмір кешіпті. Балалары тату - тәтті болып, бір - бірінен ажырамай ұйымшыл болған.

Екі түбірден жасалған сөзді біріккен сөздер деп атаймыз. Біріккен сөзді құрайтын түбірлер бірігіп жазылады.
Біздің сабағымыз саяхат сабақ болып өтеді.
Алда қандай мереке келе жатыр?
16 - желтоқсан Тәуелсіздік күні.
Яғни біздің мемлекетіміздің тәуелсіздік алған күні. Мемлекетіміз 1991 жылы Қазақстан Республикасы өз егемендігін алып тәуелсіз ел болып қалыптасты. Қазіргі тәуелсіз еліміздің дамуының бір көрінісі ел ордамыз - Астана. Арамызда Астанаға барғанымыз бар ма? Астанада қандай таңғажайып орындар бар?
Олай болса Астанаға саяхатымызды бастаймыз, Саяхатымыз 5 аялдамадан тұрады.
аялдама «Ақ орда»
Ақ ордаға бармас үшін билет сатып алайық.

226 - жаттығу. (Ауызша)
Сөздерді оқы, берілген сөздерді сөз құрамына талда.
Айнабұлақ, қосаяқ, итмұрын, Тескенсу, Алакөл, Ботагөз, Есдәулет, Ақбөкен.
Қазақстан Республикасы президентінің резиденциясы «Ақ орда» Қазақстан Республикасы президенті сарайының ресми тұсау кесер рәсімі 2004 жылдың 24 - желтоқсанында болды. Мұнда ел басымыз Н. Назарбаев әр елдің басшыларымен жиындар өткізеді.
аялдама «Парламент»
16 - желтоқсанға қатысқан ағаларымыз, апайларымыз жайлы түсінік. Жерлесіміз ауданымыздың депутаты Н. Сабилянов ағамыз білімді ұрпақ болатынына сенім артып мынадай тапсырма беріп жіберіпті.
227 - жаттығу. (Тақтамен жұмыс)
Сөйлемдерді оқып біріккен сөзді тап. Біріккен сөз құрамындағы түбірлердің арасына қосу белгісін қойып жаз.
Қос+құдық, Қара+жал, Ақ+теңіз, көк+жиек, Ай+дос, ақ+қу, Бір+жан.
Бұл парламент орталығы парламентте депутаттар жұмыс істейді. Заң шығаратын орын.
аялдама «Думан»

228 - жаттығу.
Мәтіндегі аң, құс, жәндік аттары болып келетін біріккен сөзді тауып жаз.
Ақбөкен, тауешкі, қарсақ, көпқанат, есектұмсық, мүйізтас, көксерке.
Думан ойын - сауық орталығы өз қызметін 2003 - жылдың мамыр айында бастады. Қазір бұл тропикалық балықтары бар мұхит аралдан кинотеатрдан үлкен күмбезді кеңістіктен және тамақтану кәсіпорындары мен сауда жүйелерінен тұратын ойын - сауықтың орталығы. Теңіздегі балықтардың көптеген түрлері аквариумде мекендейді.
аялдама «Хан шатыры»

229 - жаттығу.
Қандай өсімдік аттарын білесіңдер?
Түймедақ, итмұрын, қойбүлдірген, қарамық....
Есілдің сол жағалауынан орын алған «Хан шатыры» сарайы. Шатырдың биіктігі 150 метр. Бүкіл сауда алаңы 6 мың шаршы метрден асатын «Хан шатыр» сауда орталығы шын мәнінде Астанадағы ең көрікті жер.

Аялдама «Бәйтерек»
Шығармашылық тапсырма.
Түбірден біріккен сөз құрау.
Жан, қара, бөрі, Ер, Дос, кемпір, тас.
басар, қосақ, дос, шаш, бақа, тіс, жан.
Бәйтерек біздің мемлекетіміздің рәмізі. Есіл өзенінің сол жақ жағалауында өте әсем ғимарат «Астана - Бәйтерек» аспанға шарықтай ұмсынуда. Бәйтеректі бейнелейтін монументтің биіктігі 97 метрге жетеді.

Сабақты қорытындылау:
Біріккен сөздің ережесін қорытып шығару.
Бағалау, үйге тапсырма беру. 230 - жаттығу, ереже жаттау.
5 150
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөз туралы түсінік бере отырып, кейбір сөздердің бірнеше түбірлерден құралып, бірігіп жазылатынын мысалдар арқылы түсіндіру.
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер туралы мағлұмат беру, екі түбірдің бірігуі арқылы жасалып, тұтас бір ұғымды беріп, бір сұраққа жауап беретінін ұғындыру. Сөйлем ішінен біріккен сөздерді таба білуге, әртүрлі түбірлерден біріккен сөздер жасап алуға үйрету.
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Алтынсарин атындағы №204 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ізбасқанова Алтын
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Кенжебекова Жұлдыз Советқызы
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Сарсенгалиева Сауле Садуакасовна
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Жубангарина Алма Болатқызы Ақтөбе қаласы, Россовхоз орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×