Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


П дыбысы мен әрпі

18 желтоқсан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: П дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға П дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы дұрыс оқу, көркем, әдемі, сауатты жазуын іскерлігін қалыптастыру.
2. Дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істей отырып Ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын арттыру, тіл байлықтарын дамыту.
3. Еңбектенуге, ұқыптылыққа, кітап оқуға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, әріп таңбасы, кестелер, кеспе әріп, мазмұнды суреттер, ойын.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік, ойын.
Сабақтың түрі: жаңа білімді енгізу сабағы

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. «Ойлан, тап»
1. Берілген суретті атап, «ү» дыбысының сөздегі
орнын тауып, буынға бөл.
2. Суретке байланысты сөйлем құра.
3. Сонымен өткен сабақта қандай әріппен таныстық? (Үү)

ІІІ. Жаңа сабақ
«Парта» суретін пайдаланып, дыбыстық талдау жүргізу
Бәріміз қайталап өтейік (П - п - п).
2. Қалай айтылады?
3. Ендеше, ол қандай дыбыс?(қатаң дауыссыз дыбыс)
4. Қандай түспен белгіленеді? (Дыбыс таңбасын ілу.)
5. Баспа және жазба түрін таныстыру.

ІV. Суреттермен жұмыс.
Пойыз сөзін атау, сөйлем құрау.
V. Оқулықпен жұмыс.
1. Шарларда жазылған буындарды оқыту.
2. Бағанда берілген сөздерді оқу, буынға бөлу.
Тап, пі - шен, шо - пан, ә - ріп, Та - лап,
Қап, пә - тер, ша - пан, кі - тап, Жа - қып,
3. Берілген мәтінді хормен оқыту, талдау.
4. Жұмбақ шешу.
Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. Бұл не? (Кітап)
– Ендеше оқыған мәтіннің атауы қалай аталады екен?

VI. Сергіту сәті.
Өсеміз біз күліп - ойнап,
Он саусақтың саласындай.
Өсеміз біз күліп - ойнап,
Бір адамның баласындай,

VII. Логикалық тапсырма: «Менің орным қайда?»
Тірек суретті пайдаланып сөзді толық айту

VIII. Дәптермен жұмыс.
1. Пп әріпін жазылуын ауада жазып жаттығу.
2. Дәптердегі Тапқышбектің тапсырмасын орындау.
3. Мақал
Кітап - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.

IX. Тақтамен жұмыс.
П дыбысын көркем жазу.
Оқушыларға піл, дәптер сөздерін жаздырып, дыбыстық талдау жасату.

X. Мазмұнды суретпен жұмыс.
Тірек сөздерді пайдаланып әңгіме құру
Тірек сөздер:
Кітап, әңгіме, Шәріп,
Ертегі, журнал, кітапхана,
Оқиды, өлең, көп,

XI. Сергіту сәті.
Топ - топ, добым домалақ,
Қайда кеттің домалап.
Бір, екі дегенде,
Жаттың шоршып еденде.

XII. Бекіту. Ойын: «Қай буынды жоғалттым?»
Қол -... (ғап) Кір -...(пі)

XIII. Қорытынды. «Не үйреніп, не білдік?»
– Балалар, бүгін біз қандай әріппен таныстық?
– П - қандай дыбыс?
Жұмбақ. Қорықпайды күшті аңнан
Қорқады тек тышқаннан. (Піл).
П - дыбысы бар сөздерді атау.
XIV. Бағалау. Белсене қатысқан оқушыларға қызыл, жасыл, сары жұлдызшалар тарату.
XV. Үй тапсырмасы
3 949
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«С» дыбысы мен әрпі
«С» дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: «С» дыбысы мен әрпімен таныстыру. «С» дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Буын туралы түсінігін кеңейту.
П п дыбысы мен әрпі
П п дыбысы мен әрпі
- Пияз сөзі қандай дыбыстан басталып тұр? - П дыбысы дауыссыз дыбыс. П дыбысын көк түспен белгілейміз. П дыбысын айтқанда жоғарғы ерін төменгі ерінге жуық тиіп, тез ажырап кетеді. - П әрпі сөздің басында, ортасында, соңында келеді. - Парта, дәптер,
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
К дыбысы мен әрпі
К дыбысы мен әрпі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Серикова Гүлнар
Я дыбысы мен әрпі
Я дыбысы мен әрпі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Құрбанова Жанат Төлегенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×